Archive for the ‘News in Kazakh’ Category
-
Сыр елінің велоспорт мектебі
No Comments- Views: 5 645.
Сыр өңірінде дамуы қарқынды спорт түрлері аз емес. Бірақ өзіндік мектебі қалыптасқан, тарихы терең велоспорт десек қателеспеген болармыз. Қазақтан алғаш шыққан әлем чемпионы Марат Сатыбалдиев, Сергей Капустин мен Андрей Кашечкиндер Қызылорда жерінен нәр алып, велоспорттың қыр сырына қаныға бастады. Бүгінде олардың ізін басқандар көп. Берік Көпешов, Николай Иванов, Жақсылық Пазылбек, Асхат Қабдаш.
Read the rest of this entry → -
Алматы Азия чемпиондарын қарсы алды!
2 комментария- Views: 3 221.
Маржан Байтлеуова, Роберт Гайниев, Давид Хабибулин, Егор Никитин мен Бахыт Гайнулин. Малайзияда өткен сарықұрлық біріншілігінде үл қыздарымыз 2 мәрте ән ұранымызды шарықтатты, көк байрағымызды көтерді! Бейбіт күннің батырларын Алматы әуежайында туған туыстары, спортшылар мен достары және «Қазақстан» Ұлттық арнасының түсірілім тобы күтіп алды.
-
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, «АСТАНА» !!!
No Comments- Views: 2 797.
«Астана» командасының тыныс - тіршілігімен танысып қайту бұйырды. Бұған дейін биылғы үш гранд турда, «Giro d’Italia», «Tour de France» пен «Vuelta a Espana» -да болғанбыз. Жарысты тамашалап, велошабандоздарға жанкүйер болдық. Көрермендерге дер кезінде ақпарат беруге күш жұмсадық. Бірақ осы жолғы сапардың жөні бөлек. Бәйге барысында қолға түсе қоймайтын шабандоздар болсын, спорт директорлары болсын, қалағаныңмен жеке отырып сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Сәтін тауып команданың спорт директоры Александр Шефер мен команда көшбасшысы Александр Винокуровты сөзге тарттық.
-
Базаевтың басқа қыры
2 комментария- Views: 2 820.
“Астана” велоклубынан әр сайыс сайын жүлде дәмететiн жанкүйерлердiң команда мүшесi Асан Базаевқа деген ықылас-пейiлдерi алабөтен. Ол – Қазақстан велоспортының қайнауында шыныққан мықтылардың бiрi. Қашанда команданың тiреуiне айналған Асанмен жақында Испания елiне бiрге сапарлаудың сәтi түстi. Сонда бұрын тек сырттай ғана түстеп бiлетiн Базаевты жақынырақ тани түстiк. Read the rest of this entry →
-
«АСТАНА»: ЖАҢА МАУСЫМҒА – ЖАҢА СЕРПІЛІС »
No Comments- Views: 5 217.
«Астана» велоклубы үшін өткен маусым сәтсіз аяқталды. Мұны команда басшылығы да мойындап отыр. «Джиро де Италия» көпкүндігінің командалық есебінде топ жарды демесеңіз, «Астана» алысқа шаба алмады. «Астананы» қашанда биіктен көруге дағдыланған жанкүйер жүрегі жабырқады да. Шабандоздардың бабы келіскенімен, бағы шаппаған сәт еді бұл. Жығылғанға жұдырық, Александр Винокуровтың«Тур де Франстағы» жарақаты да командаға үлкен соққы болды. Дегенмен, болары болды, бояу сіңді. Өткен маусымнан қайыр болмады деп қайғыруға болмас. «Астана» әлі спорттық аренада. Бедел, мүмкіндік бар. Ендеше, жаңа ғана шымылдығын түрген 2012 жылғы маусымнан тек жеңіс күтелік.
-
Контадор сәрсенбі күні CAS алдында жауап берді.
No Comments- Views: 2 646.
Түп-нұсқа: Contador to appear before CAS hearing on Wednesday afternoon
Контадор сәрсенбі күні, түстен кейін, Лозаннадағы тыңдалып жатқан, 2010 жылдың Тур Де Франсындағы кленбутерол байқалған тесті туралы іс бойынша, өз ойларын сот отырысына жеткізу керек болған. Read the rest of this entry →
-
Александр Винокуровтың онлайн-конференциясы кейінге қалды
No Comments- Views: 3 480.
15.11.2011Азаттық радиосында қарашаның 16-сына белгіленген қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың онлайн-конференциясы кейінге қалды. Ол оқырмандарымыздан кешірім сұрауды өтінді.
-
ҚР велоспорт федерациясының атқарушы директоры Аллен Шайжүнісовпен сұхбат
No Comments- Views: 8 455.
Дина Искакова арнайы астанафанс үшін
Әлемде теңдесіз деп табылған спорт кешендерінің бірі Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі, алғаш рет өз атына сай халықаралық дәрежедегі жарысты қабылдауға дайын тұр. Тректен Әлем кубогының алғашқы кезеңін ел ордада өткізуге қалай қол жеткізілді.
Әлбетте, «Сарыарқа» велотрегінің алғашқы тасы қаланған сәттен, біздің алдымызда тек республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу ғана емес, әлемдік деңгейдегі спорт шараларын өткізу мақсаты тұрды. Азия ойындарының барысында, біз Астанаға Халықаралық велосипедшілер одағының президенті Пэт Маккуэйд мырзаны шақырдық. Іс-сапар барысында ол ҚР велоспорт федерациясының президенті Келімбетов Қайрат Нематұлымен, еліміздегі велоспорттың бас демеушісі болып табылатын «Самрұқ – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылармен кездесті. Осы кездесу нәтижесінде елімізде бірқатар халықаралық дәрежедегі жарыстарды ұйымдастыруға келісім жасалды. Қараша айының 4 мен 6 –сы аралығында өтетін Әлем кубогының алғашқы кезеңі біз алғаш қабылдап отырған ауқымды дода. Сөз жоқ, Қазақ спортының тарихында ойып тұрып орын алатын дүбірлі бәйге. Әлем кубогының алғашқы кезеңін Астана қабылдаса, мәре сызығы Лондонда кесіледі. Биылғы әлем кубогы алдағы жылы Лондонда жалауы желбірейтін Олипиада ойындарына жолдама иемденуге мүмкүндік беретін ұпайларды жинақтайтын соңғы мүмкүндік. Ырымшыл халықпыз ғой. Әлем кубогының елордада басталып, олимпиада астанасы Лондонда аяқталатынын жақсылық нышаны деп білемін. Алла қаласа, Астанада төрт жылда бір келетін ойындарды өткізетін күннің ауылы алыста емес шығар.
Read the rest of this entry →