Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Жан алысып, жан берісетін кезеңге кезек келді

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 19 Май 2012 в 9:52, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 789.

    Червини мәресі  дүбірлі доданың жеңімпаздарын айқындап береді

    Джироның ең қысқа кезеңі деп танылған кешегі күн топтық спринтпен аяқталып, жалпы есепке айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ. Дәл бүгінге Джироның бас қасында жүргендер, назарларын  2000 метр биіктікте орналасқан Червиния таушаңғы шипажайында аяқталатын кезеңге аударған. Бұған қоса, 206 шақырымға созылған кезеңдік жарыста тағы бір таулы көтерілу - Col de Jeux  ты бағындыруы тиіс.

    Александр Шефер алдағы кезеңге көзқарасын білдірді: "Ертең нағыз Джиро басталады десем, артық айтқаным емес. Миланда жеңіс тұғырына көтерілетін жалғыздың есімі анықтала қоймас, бірақ біз  жеңіске таласуға  шамалары жетпейтініндерді білетін боламыз. 20 км созылған мәрелік көтерілу аламанның алдағы бет бейнесіне айтарлықтай өзгеріс енгізеді.  Кезең барысында басты фавориттер  бәйгені өз бақылауында ұстары сөзсіз.  Жарыстағы ең бірінші күрделі мәре болғандықтан команда капитандары  көмбеге 3 км қалғанға дейін  таласқа түсе қоймас, бұған дейін олар бір бірлерінің жоспарын білу мақсатында барлауға көшеді. Айла тәсілдерін ұтымды пайдалана білгені қарсыластарын шаң қаптырады".

    Read the rest of this entry →

  • Маза қашқан күн

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 18 Май 2012 в 12:05, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 823.

    Топтан оза шыққандар мен құлағандар  кезеңі

    Серавеццамен  СестриЛевантеарасындаөткенкезеңтағдырын, алдын-алаболжағанымыздай, біршама тер төгігуге мәжбүр болған «қашқындар» шешті. Бұл топтың ішінде Астана шабандоздары болған жоқ, алайда жалпы есептегі орындарын жоғалтпады. Тиралонго 4 –ші, Кройцигер 6 –шы сатыда.  

    Спорттық директор Александр Шефер: «Өкінішке қарай, пелотоннан қашқандар арасына жігіттерімізді қоса алмадық. Ұзап кеткендерге өз бағасын берген дұрыс болар. Олардың шабуылдары қарқынды болды.  «Қашқындар» арасында Санди Касар  болғанын көрдіңіздер, «Катюша»  олардың барынша ұзап кетуіне жағдай жасаса, «Ликвигаз» өз кезегінде олармен болған ара қышықтықты бақылауда ұстауға тырысып бақты. Бәйгенің алғашқы бөлігінде  сағатына 49 шақырым жылдамдықпен жүргенімізді ескерсек, бүгінгі жарыс күнін өте ұзақ және ауыр өтті деп бағалауға негіз бар».   

    Келесі кезеңДжиро мен  Савона-Червере арасында өтіп, жалпы қашықтығы 121 шақырымды құраған  еңқысқа бәйге болмақ.

     "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен

     

  • Сәттілік бізге жолдас болды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 17 Май 2012 в 10:23, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 749.

    Келесі кезең  мүмкіндігін мүлт жібермеуге тиіспіз

     2012 жылғы Giro d’Italia – ның ең ұзақ кезеңі Ассизи  мен  Монтекатини Терме  арасында өтіп, жалпы қашықтық  255 км құрады.  Мәреге талас спринтерлер тобы арасында өрбіді. Көмбеге бірер шақырым жақындап қалғанда, биылғы жарыстың әдетті қырсығы дегенін істеп, пелотондағы шабандоздар құлап қалды.

    Команда Спорттық директоры  Александр Шефер: «Жолымыз болды. Жігіттеріміз құлаудан аман, жалпы бүгінгі күн айтарлықтай тыныш өтті десе болады.  Понци бәйге басында  баска команданың шабандоздарымен пелотонды артқа тастап кеткен. Бірақ топтық спринттен үмітті  Скай мен Рабобанк пелотонды алға сүйреп, «қашқындарды» қуып жетті. Понцидің күшін далаға шашпау мақсатында, оны негізгі топқа қайта шақырып алдық.  Келесі кезең басқашы болуы мүмкін, алға озып шыққандардың  еңбегі еш кетпеуі тиіс. Біз өз кезегімізде өз шабандозымыздың солардың қатарында болуын қадағалаймыз. Нәтижесінде, кезең мәресінде жеңіске таласуға жағдай жасалады».

    «Pro Team Astana» баспасөз -релизінен

  • Кройцигер ешкімге дес бермейді

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 16 Май 2012 в 10:02, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 427.

     «Pro Team Astana» капитаны  қызыл-күлгін жидеден үміттілерден қалысар емес.

     Джироның бүгінгі  10-шы кезеңінің нәтижесі жанкүйер көңілінен шықты.  Ассизидегі соңғы көтерілуде ешкімді де бей-жай қалдырмаған нағыз тартыс пен талас орын алды. Паоло Тиралонго мен Роман Кройцигер мәре сызығын кескен алғашқылар қатарында. Екеуі де жалпы есептегі орындарын сақтап қалды. Көшбасшыдан бір минут шамасында артта келе жатқан олар, әзірге  үшінші және төртінші сатыларда.

    Команда Спорттық директоры Александр Шефер: Кезең көпшілік күткен  бағытта өрбіді және  Джироның алғашқы күндерінен біз бұл кезең  Родригеске  қолайлы деп шамалағанбыз. Айтқандай ақ, ол сенімді ақтап, алдына жан салмады.  Кезең барысында айтарлықтай  оқиғалар орын ала қойған жоқ. Соңғы шақырымдарда «Катюшаның» ат салысуымен   пелотоннан ұзап кеткен топты қуып жеттік.  Паоло мен Роман мәреде басты үміткерлер арасынан көрінді. Әрине, қиылысы бар соңғы көтерілуде жалпы есептегі көрсеткішімізге  өзгеріс енгізу мүмкін еместігін жақсы түсіндік. Қазір барлық шабандоздар, жалпы есепке өзгертулер енгізуі тиіс, Чирвиниде мәреге жететін сенбілік кезеңге дайындық үстінде».  

     «Pro Team Astana» баспасөз -релизінен

     

     

  • КРОЙЦИГЕР МЕН ТИРАЛОНГО ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 14 Май 2012 в 3:34, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 742.

    Астана шабондаздарын бұл жетістік тоқтатпақ емес.

    Сульмона мен Лаго Лачена арасында өткен Giro d’Italia –ның 8 кезеңі 229 шақырымға созылып, жалпы есепке айтралықтай өзгертулер енгізген жоқ. Қызыл- күлгін жиде иегерінен 15 секунд артта қалған Паоло Тиралонго үшінші сатыда. Кешегі күні тауға көтерілуде «Астана» ойдағыдай өнер көрсетіп, Кройцигер мен Тиралонго мәреге жеткен алғашқылардың қатарында болды.

    «Астананың» Спорттық директоры Александр Шефер: «Ең алдымен Поццовиводы жарыс барысында көрсеткен тамаша өнерімен құттықтағым келеді. Соңғы мәрелік көтерілуде команда пелотон басында болды. Нәтижесіз шабуылдарға ат салыспадық, бұл сол уақытқа Кройцигер мен Тиралонго үшін ең тиімді шешім болатын. Поццовиво шабуылынан соң мықтылардан құралған топтың құрамында болдық. Жылдамдық жоғары болғанымен, Поццовивоны қуып жету мүмкін болмады. Хесьедаль ілесе алмай, жеңімпаз жидесіне иелік етуге болар дегенбіз, алайда бұл ойымыздан түк шықпады.

    Роман өз бабында екенін байқатты. Джиро мәресінен үміттілер арасындағы топ ішінде болды. Келесі кезеңде тізгін спринтерлік командалар қолында болуы тиіс. Біз өз кезегімізде күшімізді жинақтауға тырысамыз. Джироның басталғаны кеше ғана, алайда дем алуға мүмкіндік беретін күндер, біз қажет еткендей көп емес».

    "AstanaProTeam"  баспасөз - релизінен 

  • ПАОЛО ТИРАЛОНГО РОККА ДИ КАМБИО КЕЗЕҢІНДЕ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 13 Май 2012 в 11:50, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 170.

    Паоло Тиралонго Giro d'Italiaның жетінші кезеңінде Микель Скаропонимен болған теке- тіресте мықтылығын дәлелдеді. Тиралонгоның Джиродағы бұл екінші жеңісі.  2011 жылы Макуньягада өткен он тоғызыншы кезеңде ол мәреге бірінші келген. Роман Кройцигер бастаған AstanaProTeam  көтерілулерді ұтымды бағындыруға шама шарқы жететінін дәлелдеді. Нәтижесінде  Тиралонго жалпы есепте екінші сатыға көтерілді. Ол көш бастаған  Ryder Hesjedal дан  15 секунд артта келеді.

    Aстананың Спорттық директоры Александр Шеффер жеңіске жеткен кезең барысына ойын білдірді: «Бір күн бұрын құрған жоспарымыз жүзеге асты, діттегеніміз Паолоның мәредегі жеңісіне барынша жағдай жасау болатын.  Ол қазір нағыз бабында, сондықтан біз оның кезең соңына қарай алға шығып,   азулылар арасында болуы мүмкін таласқа қарамастан,  жеңісті уысынан шығармасына сенімді болдық.  Романдия турында өткен дәл осындай тауға шығуда  ол өзін жақсы қырынан көрсеткен. Соңғы көтерілуде  бірнеше шабуылдың алдын алдық, төгілген тер нәтижесін берді. Команда бұл кезеңде тамаша өнер көрсетті».

     «Алда тағы бір таудағы мәре. Паоло қызыл күлгін жиде иелігінен 15 секунд артта келеді. Бұл ретте Роман Кройцигердің команда көшбасшысы болғанына қарамастан, Паолоның жеңіспаз жидесіне қол жеткізуін ой елегінен өткізген жөн болар. Ал біздің басты және жалғыз мақсатымыз Миланда тұғыр биігінен қол бұлғау». Read the rest of this entry →

  • Нағыз тартыс енді басталады

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 11 Май 2012 в 12:24, author: Dina Iskakova
    • Views: 4 037.

    Модена-Фано кезеңінің діттегені жарыс сипаттамасын көргендерге айқын болатын,  жалпы есепке түзету енгізе қоймайтын спринтерлер теке-тіресі.   Pro Team Astana шабандоздары кезеңді жоспар бойынша аяқтады. Басты мақсат Роман Кройцигердің пелотон басындағы орнын сақтап, оны жайсыз жағдайлардан қорғау болатын.

     Команда менеджері Джузеппе Мартинелли өткен кезеңге бағасын берді: «Бүгін айтарлықтай оқиғалар бола қойған жоқ. Кезең спринтерлік болатын, сондықтан негізгі салмақ спринтерлік командаларға түсті. Кезең соңына қарай тізгінді өз қолымызда ұстауға тырыстық, себебі пелотондағы ахуал біршама жүйке жұқартатындай болатын. Күні бойы пелотон басында көріндік. Діттегеніміз Роман Кройцигерді жайсыз жағдайлардан қорғау еді» 

    Бүгін велошабандоздарды  210 шақырымға созылатын  Урбино-Порто Сант-Эльпидо кезеңінде 3 –ші категоряға жатқызылған үш және екінші  санаттағы бір тауды бағындыру   күтіп тұр. 

    Read the rest of this entry →

  • Джиро — 2011: команда өмірінен

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 8 Май 2012 в 12:19, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 200.

    Алдаспан намысты ту еткен "Астанаға" ақ жол!