Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Әлем кубогы Сарыарқадан басталады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 17 Октябрь 2011 в 8:53, author: Editor
    • Views: 5 119.

    «Алаш айнасы»: Әлем кубогы Сарыарқадан басталады
    Салтан СӘКЕН

    Астанамыздың көрікті кешенінің бірі, халықаралық стандарттардың барлығына сәйкес келген «Сарыарқа» велотрегінде қараша айының 4-і мен 6-сы аралығында велотректен әлем кубогы өтеді.

    Ашылғанына бір жыл өтер-өтпес уақытта осындай дүбірлі доданы өткізу мәртебесіне ие болған бұл кешен өзі­нің ғажаптығын тағы бір дәлелдеді. Ха­лық­аралық велосипедшілер одағының (UCI) техникалық нұсқаушысы Бернард Дар­мет велотректі әр қырынан бір өлшеп, мін таба алмай: «Бұл велотрек әлемдегі ең үздік велотректің бірі болады. Мұндай ғимаратты бұрын-соңды көрмегенмін», – деп кеткенін де білеміз. Ендеше, вело­шабандоздың қалпағына ұқсатып салын­ған велотректе шабандоздарымыз үшін жеңіс тұғырынан көрініп, қалпағын аспан­ға ату ғана қалып тұр.

    Бірнеше кезеңнен тұратын бұл жарыс­тың бірінші кезеңі Астанадан бастал­мақ. Екінші кезең желтоқсан айында Ко­лум­бияның Кали қаласында жалғасады. Ал қаңтар айында келесі кезеңнің эстафетасын Қытай астанасы Бейжің алмақ. Ең соң­ғы кезеңнің мәре сызығы 2012 жылдың ақпан айында Лондонда болмақ. Read the rest of this entry →

  • Мақсат Аязбаев: «Астана» командасына барғым келеді

    5 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 11 Октябрь 2011 в 6:47, author: Editor
    • Views: 4 173.

    Alaman.kz: Мақсат Аязбаев: «Астана» командасына барғым келеді
    Назерке СҰЛТАНБЕК

    Мақсат Аязбаев

    Жасыратыны жоқ, велоспортта қазақ есімін көрсеңіз, қуанасыз, тіпті таң қалуыңыз да ғажап емес. Дегенмен, былтыр бірінен соң бірі әлем велошосселерінен қуанышты хабарлар түсіп жатты. Бастапқыда Азия чемпионатынан қос алтынмен қатар, Мақсат Аязбаев күміске қол жеткізді, кейін «Джиро де Луниджиано» көпкүндігінде тағы да МақсатАязбаев жалпы есепте жеңімпаз атанды.

    - Алматы облысы Сарқанд кентінде дүниеге келдім, – деді Мақсат Аязбаев. – Төрт жасымнан бастап Талдықорғанда тұрамын. Осыдан жеті жыл бұрын бірге оқитын сыныптастарымның барлығы велоспорт секциясына қатысып жүргенде, мен тенниспен айналысатын едім. Теннистен қолым босаған кезде велошабандоз достарымның жаттығу залына бас сұғамын. Бастапқыда бұл спорт түріне қызығушылығым жоқ еді. Кейіннен велосипед тебу ұнай бастады. Содан теннисті тастап, сыныптастарыммен бірге велосипед тебуге кірістім. Жаттығу кезінде бапкерлердің көзіне түскен болуым керек. Бірден жарыс жолына салды… Read the rest of this entry →

  • Словениялық велошабандоз Яни Брайкович «Астана» сапына қосылды

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 3 Октябрь 2011 в 4:04, author: Sake
    • Views: 2 829.

    «Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинелли қазақстандық команданың сапына словениялық велошабандоз Яни Брайковичтің алынғанын мәлім етті.   Команданың ресми сайтында Яни Брайкович «Астана» командасымен екі жылға, 2012 және 2013 маусымдарға шарт жасасқандығын хабарлады. Read the rest of this entry →

  • Мен велоспорт саясатына қатысамын – А.Винокуров

    4 комментария
    • Filled in News in Kazakh 22 Сентябрь 2011 в 11:51, author: Sake
    • Views: 3 972.

    Кеше, Қазақстанның әйгілі велошабандозы Александр Винокуров Астанадағы бұқаралық ақпарат құралдарын жинап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

    «Астана» командасына қатысты соңғы ақпараттар аясында әңгіме қозғаған ол журналистердің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.  Read the rest of this entry →

  • Әлем чемпионаты

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 21 Сентябрь 2011 в 11:58, author: Sake
    • Views: 4 452.

     Копенгагенде (Дания) велоспорттан әлем чемпионаты басталып, алғашқы бәйгелері де мәресіне жетті. Бүкіләлемдік біріншілікке Қазақстан құрамасы да қомақты құраммен аттанған.

    Әуелі әлем чемпионатына қысқаша тоқталып өтсек. Кәсіби велоспортшылар арасындағы ең бірінші әлем чемпионаты 1927 жылы Германияда өткен. Әйелдер арасындағы аламан жарыстар 1958 жыл­дан бері өткізіліп келеді. Ал 1994 жылдан бастап әлем чемпионатының бағдарла­масына жеке жарыстар қосылған. Яғни спортшыларды жарыс жолына сөреден жеке-жеке жіберетін бәйге. Осылай әр велошабандоздың уақыты есепке алынып, жарыс өткізіледі. Read the rest of this entry →

  • Жанкүйер пікірі: Вуэльта-2011

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 18 Сентябрь 2011 в 3:31, author: Sake
    • Views: 3 215.

    ТДФ жарысы біткеннен кейін өз пікірімді мына мақалада https://astanafans.com/zhankujer-pikiri.html білдірген болатынмын. Сол үлгіден ауытқымай, жақында біткен Вуэльта көпкүндігі жөнінде бір-екі сөз айта кетуді жөн көрдім. Қауіпсіздік мәселесі Вуэльтада алдыңғы грандтурларға қарағанда алда болды деп айтуға болады. Шабантоздар арасында жарақат көп болған жоқ, ал пелетондағы жаппай құлау көбінесе спортшылардың өз кінәсінен болды деуге болады. Соған қарамастан бұл да жеңіл серуен болмады. Алдыңғы мақалада айтқан «ұлылыардың ұлысы да екі турнирді қатар жеңуге жағдайы жоқ» деген пікір мұнда да дәлелденді. Read the rest of this entry →

  • Испаниялық Хуан Хосе Кобо — «Вуэльта-2011» велокөпкүндігінің жеңімпазы

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 12 Сентябрь 2011 в 6:06, author: Sake
    • Views: 2 720.

    Кеше үш аптаға жуық уақытқа созылған «Вуэльта» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті.

    Жарыстың соңғы 21-кезеңінде словакиялық Петер Саган («Liquigas») жеңіске жетті.

    Ал жалпы есепте «Geox-TMC» командасының велошабандозы Хуан Хосе Кобо «Вуэльта-2011» көпкүндігінің жеңімпазы деп танылды. Одан 13 секундқа қалып келген ұлыбританиялық Христофер Фрум екінші орын, 1 минуттан астам уақытқа кешіккен «тұманды альбионның» тағы бір өкілі Брэдли Уиггинс үшінші орын иеленді. Read the rest of this entry →

  • «Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды

    6 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 12 Сентябрь 2011 в 6:05, author: Sake
    • Views: 3 166.

     

    «Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды. Бұл туралы ол қазақстандық команданың ресми сайтында мәлім етті. «Биылғы «Вуэльта» барлық қырынан қиын болды. Бастапқыда алаңдайтындай ештеңе болған жоқ, бізде көшбасшы Фредрик Кесьякофф болды және мен оның жалпы классификацияда жоғары орын алатынына сенімді едім.

    Read the rest of this entry →