ҚР велоспорт федерациясының атқарушы директоры Аллен Шайжүнісовпен сұхбат
-
- Views: 8 382.
Дина Искакова арнайы астанафанс үшін
Әлемде теңдесіз деп табылған спорт кешендерінің бірі Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі, алғаш рет өз атына сай халықаралық дәрежедегі жарысты қабылдауға дайын тұр. Тректен Әлем кубогының алғашқы кезеңін ел ордада өткізуге қалай қол жеткізілді.
Әлбетте, «Сарыарқа» велотрегінің алғашқы тасы қаланған сәттен, біздің алдымызда тек республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу ғана емес, әлемдік деңгейдегі спорт шараларын өткізу мақсаты тұрды. Азия ойындарының барысында, біз Астанаға Халықаралық велосипедшілер одағының президенті Пэт Маккуэйд мырзаны шақырдық. Іс-сапар барысында ол ҚР велоспорт федерациясының президенті Келімбетов Қайрат Нематұлымен, еліміздегі велоспорттың бас демеушісі болып табылатын «Самрұқ – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылармен кездесті. Осы кездесу нәтижесінде елімізде бірқатар халықаралық дәрежедегі жарыстарды ұйымдастыруға келісім жасалды. Қараша айының 4 мен 6 –сы аралығында өтетін Әлем кубогының алғашқы кезеңі біз алғаш қабылдап отырған ауқымды дода. Сөз жоқ, Қазақ спортының тарихында ойып тұрып орын алатын дүбірлі бәйге. Әлем кубогының алғашқы кезеңін Астана қабылдаса, мәре сызығы Лондонда кесіледі. Биылғы әлем кубогы алдағы жылы Лондонда жалауы желбірейтін Олипиада ойындарына жолдама иемденуге мүмкүндік беретін ұпайларды жинақтайтын соңғы мүмкүндік. Ырымшыл халықпыз ғой. Әлем кубогының елордада басталып, олимпиада астанасы Лондонда аяқталатынын жақсылық нышаны деп білемін. Алла қаласа, Астанада төрт жылда бір келетін ойындарды өткізетін күннің ауылы алыста емес шығар.
Қазақстанда велотректен әлем кубогының алғашқы кезеңі өтетіндігі белгілі болған сәттен, ел намысын абыроймен қорғап шығатын команданың жоқтығы көзге ұрынғаны даусыз. Бүгінгі күнге, команда жасақталды, алдына мақсат қойылды...
Ия, дұрыс айтасыз. Велотректің іргесін қалау бір мәселе де, ел намысын қорғайтын ұжымды жинақтау басқа мәселе. ҚР велоспорт федерациясы мен Халықаралық веосипедшілер одағы арасындағы келіссөздерден кейін федерацияның жиынында мамыр айында «Астана» брендінің жалғасы ретінде «Астана» трек командасын құру жөнінде шешімге келдік.Қазақстанның велотрек тарихында екі бірдей әлем чемпионы бар. Жаңа команданың алдына қандай мақсат қойылған? «Астан» командасының жеңісті жолын жалғастыруға мүмкүндік бар ма?
Қазақстандағы велотрек тарихы жеңіспен өрілген дәстүрге бай. Өкіншке қарай, ұзақ уақыт велотректі серік еткен спортшыларымыз назардан тыс қалып келді. Мен қазір федерация атынан айтып отырмын, дәл қазір «Астана» командасының жағдайы баршамызға аян. «Астана» бүгінгі күні әлемнің мен мықтымын деп кеудесін соққан ұжымдарға азулы қарсылас атанатындай шамасы бар команда. Ел беделін, жаңа астнанамыздың беделін паш етуде атқарған еңбегі тіптен өлшеусіз. Ал тректегі команда құрудың алғашқы қадамдарында ақ, біз команда 100 пайызға қазақстандықтардан тұрады деп алдымызға мақсат қойдық. Менеджемент пен бапкерлер қосыны да өзіміздің мамандар. Уақыт өте, спортшыларымызға тәлім беретін, тәжірбиесімен бөлісетін шет елдік маманды шақыруымыз мүмкүн, бірақ спортшылар тек қана өз елімізден болады. Басты мақсат өз жерімізде туып өскен спортшыларды тәрбиелеп шығару. Команда тізгіні қазір білікті маман, бапкер Вадим Кравченконың қолында. Азды көпті жеңістерімізде жоқ емес. Бірақ алғашқы сәттен ақ үлкен жеңіске жету көп тер төгуді , қажырлы еңбекті талап ететін ауыр жол. Бірақ өз жерінде, өз алаңында өнер көрсететін велотрекшілеріміз жанкүйерлерін жерге қаратпайтынына сенгім келеді. Қалай болғанда да жанкүйерлер велотрекке келіп, жерлестеріне қолдау көрсетуі керек.
кубок символы - дала тышқаны
Жарысқа қатысушылардан бөлек, дүбірлі доданы тамашалауға келгендер арасынан кімдерді көре аламыз.
Халықаралық велосипедшілер одағының президенті, халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Пэт Маккуэйд мырза шақыруымызды қабыл алды. UCI – мен қоян-қолтық қызмет етіп келе жатқан демеушілердің өкілдері келеді. «Джиро де Италия» көпкүндігін ұйымдастырушыларда Астананың меймандары қатарында. Қазақстанда аккредитацияға ие барлық дипкорпустарға шақырту жіберілді. Бірақ біз спорт мерекесін демеушілер үшін емес, өз еліміздің спортын дамыту мақсатында ұйымдастырып жатқандықтан, әрине де команда көшбасшысы Александр Винокуров бастаған «Астана» командасының Қазақстандық құрамы әріптестеріне жарыс барысында қолдау көрсетеді. Кеше ғана Александрмен телефон арқылы сөйлестім, Филипп Жильберде қазақ жеріне аяқ басатын болды. Бір сөзбен айтқанда Әлем кубогы барлық жанкүйерді бей жәй қалдырмайтын, әсерлі сезім ұялататын керемет спорт мерекесі болмақ.Әлем кубогы жоспарда бар жалғыз халықаралық деңгейдегі жарыс емес шығар?
Велоспорт федерациясы UCI – мен бірігіп, бірқатар жарыстардың кестесін әзірлеп жатыр. 2013 жылы тас жол мен тректе өтетін Азия біріншілігін өткізу жоспарда бар. Бұл ауқымды спорттық шара екенін түсінуіміз керек. 2014 жылы тректен Әлем Чемпионатын өткізу ойда бар. Ал 2015 жылы Қазақстан көпкүндігін өткізу туралы әңгіме қозғауға болатын шығар. Жақында Пекин турының өткенін білесіздер, Қытай кісәби велобәйге ұйымдастырды. Қазақ жерінде осындай деңгейдегі жарыс өткізгіміз келеді.Көпкүндік болады ма?
Көпкүндік болсын, бір апталық болсын, өткізуге барлық мүмүкүндіктер бар. Тек қолға алып, бастау қажет. Менің пікірімше, әлем кубогының алғашқы кезеңін өткізудің өзін, осы мақсатты орындауға жасалған алғашқы қадам деп айтуға болады. Еліміздің географиялық орналасуы, ауа райы мен табиғи байлығы еш бір елден кем түспейді. Алматы мен Бурабайдың керемет көріністері Шыейцарияның альпы туаларынан асып түспесе, кем емес. Бұл жағынан озықпыз. Неше күнге созылмасын жарысқа 20 дан кем болмайтын командалар келеді. Олардың құрамында 9 шабандоздан бөлек, қызмет көрсететін адамдары бар. Мысалы, әлем чемпионатына 45 елден өтініш келіп түсті, барлығы 450 атлет пен командаға қызмет көрсетушілер. Бұның өзі ауқымды шара. Ал федерацияның UCI мен бірлесіп жасап жатқан жоспарларына қайта оралатын болсақ, Астанада Орталық Азия мен ТМД елдері бойынша UCI өкілдігін ашу жөнінде әңгіме қозғалып жатыр. Бір сөзбен айтқанда Астана велоспорт дамуының континентальды орталығына айналмақ. Бұл жауапты іс, бірақ біз оны жүзеге асыра алатындығымызға сенімдіміз.Жоғарыда айтылған жоспарлардан бөлек «Астана-2» командасын құру жөнінде жариялаған едіңіздер. Бірақ соңғы уақытта, елімізге қажет жобаның іске асуы қаржы тапшылығына байланысты кешігіп жатыр деген әңгіме көбейіп кетті. Расында қалай болып жатыр?
«Астана-2», сөз жоқ, еліміздегі велоспорттың дамуына үлкен серпіліс әкелетін маңызды жоба. Мен бүгін шет елден іс сапардан оралдым, UCI президенті Пэт Маккуэйд мырзамен болған кездесу барысында, команданы тіркеуге қою ережелері мен талаптары сөз болды. Қазір бас менеджер кім болады деген сұраққа жауап табылды. Бұл қызметті «Астана» кәсіби командасының спорт менеджерлерінің бірі атқарады. Команда құрамын жасақтау мәселесі де шешіліп жатыр. Бұл мәселеге тас жолдағы ұлттық құраманың бас бапкері де аралсып жатыр. «Астана – 2» құру арқылы біз ең алдымен «Астана» командасына ізбасарлар дайындаймыз. Еуропа тәжірбиесіне сүйеніп, клубтық жүйені қолға алып жатырмыз десекте болады. Копенгагенде өткен әлем чемпионатымен қатар UCI конгресі де өтті. Келесі жылы Голандияда өтетін әлем біріншілігінің тұсаукесерінің бас демеушісі «Rabobank» компаниясы болды. «Rabobank» өзімен аттас велокоманданың демеушісі екенін білесіздер. Олар балалар спортынан кәсіби командаға дейінгі демеушілікті жүзеге асырып келе жатыр. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бас демуші болып табылатын «Астана» командасының бюджетінен біз трек комнадасын құрдық, және осы қаржыдан «Астана-2» құрылады. Бірақ бұл жерде, «Астана» кәсіби командасына жұмсалатын қаржы қысқармайтынын айтқым келеді. Үстіміздегі жылдың 31 қазаны күні «Астана-2» халықаралық велосипедшілер одағында ресми тіркеуден өтеді. Ал Әлем кубогында, Астанада, Қазақстан жаңа команда «Астана-2» командасын ұсынатындығын жария етеміз.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply