Archive for the ‘News in Kazakh’ Category
-
Джиро Даниямен қош айтысты
No Comments- Views: 2 357.
Ертең Веронада өтетін командалық жарыс алдындағы демалыс күні
190 км созылған Хорсенс-Хорсенс кезеңі Джироның Даниядағы бағдарламасына нүкте қойды. Кезең негізінен спринтерлерге арналған. Жарыс барысындағы жағдайға жел айтарлықтай әсер етпеді. Алайда пелотонды соңғы метрлерде қырсық шалып, жанкүйерлер шабандоздардың бірінің үстіне бірі құлаған сәтінің куәгері болды.
Команда менеджері Джузеппе Мартинелли: “Кезең әу бастан спринтерлер бақылауында болды. Бұл ең алдымен пелтонның ішкі көңіл күйіне әсер етті. Бағымызға орай біздің шабандоздар құлаудан ден аман. Ертеңгі демалыс күнін командалық жарыстың жолын барлауға жұмсаймыз”.
Демалыс күні шабандоздар Италияға келеді. Сәрсенбі күні Веронада өтетін командалық сынның жалпы шақырымы 33,2 км.
''ProTeamAstana'' баспасөз -релизінен
-
Джиро 2012: Екінші кезең қорытындысы болжамдарға сай болды.
No Comments- Views: 2 712.
Giro-ның бірінші спринтерлік кезеңінде күтпеген жағдайлар болған жоқ
206 шақырымға созылған Giro d’Italia –ның екінші кезеңі, тек Джироның ғана емес барлық гранд турлар тарихында ең солтүстік нүкте болып тіркелген Данияның Хернинг қаласында басталып, осы қалада мәреге жетті. Ауа райы, теңізден соққан жел мен жауын -шашынның кезең қорытындысына қаншалықты әсер ететіндігі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды.
Команданың Спорттық директоры Александр Шефер: “Кезең барысында команда алдында көшбасшымыз Роман Кройцигерді қырсықтардан барынша қорғау мақсаты тұрды. Тапсырма орындалды. Ауа райы да шабандоздарға қолайлы болды деуге болады. Жарыс жолы мен жағалау ортасындағы дөңдер жел жылдамдығын баяулатуға әсерін тигізді. Бағымызға қарай біздің жігіттер жарыс жолындадағы құлаулардан аман. Мәреге барлығы да жетті. Ертеңгі күнің мақсаты бүгінгі кезеңге ұқсас”.
"Pro Team Astana" баспасөз- релизінен
-
Джиро — 2012: Астана бастамасы жаман емес
No Comments- Views: 2 513.
Кройцигер, Гаспаротто мен Кангерттің өнеріне оң баға
Миланда мәреге жететін 95-ші Джиро Италия көпкүндігі Данияның Хернинг қаласында 8,7 шақырымға созылған бастама сын – жекелей сыннан басталды. Алда Веронда өтетін командалық жарыс, Рокка ди Камбио, Червиния, Пассо Джау, Альпе ди Пампеаго, Мортироло, Стельвиоға көтерілулер мен Миланда өтетін жеке есеп бәйгесі.
Алғашқы күні жеңімпаз Финниден (BMC) 29 секунд артта қалған Энрико Гаспаротто 16- шы көрсеткішке қол жеткізді. Команда капитаны Роман Кройцигер 36 секунд айырмасымен 28-шы сатыға жайғасса, Танел Кангерт дәл осы уақытпен одан екі саты төмен.
Команда капитаны Роман Кройцигер: “ Мен алғашқы кезеңге тыңғылықты дайындалған болатынмын, оның дәлелі мені жігерлендірген Романдия турындағы жеке сын кезеңі. Бүгінгі көрсеткішіме көңілім толады. Бірақ бұл ретте жүріп өтуге тиіс 3500 шақырымның 8 км жүріп өткенімізді ескеру қажет”. Read the rest of this entry →
-
Максим Иглинский: Әнұранды жатқа білемін!
No Comments- Views: 3 237.
ALAMAN.KZ сайты кеше "Астана" велокомандасының шабандозы, "Льеж- Бастонь -Льеж" жеңімпазы Максим Иглинскимен онлайн конференция ұйымдастырған болатын. Назарларыңызға осы сұхбаттың ең қызықты деген тұстарын ұсынып отырмыз.
толық мәтін:"ALAMAN.KZ"
Nurik: Жеңісіңіз құтты болсын!!! Осы жарыста топ жарам деп ойладыңыз ба?
Рахмет, қандай жарыс жолына шықсаң да алдыңа үлкен мақсат қойып шығасың ғой. Дайындығым жаман емес болатын, аяқтағы күш жетерлік дегендей. Ең алдымен көптен бері Қазақстан қоржынына түспеген ұпайларға қол жеткізу керектігін ойладым. Алғашқы ондықтың қатарында көрінетініме сенімді болатынмын. Ал топ жару туралы ойға келсек жарыс барысында соңғы шақырымда сенімді болдым.
arlan: Жеңісіңіз құтты болсын! «Астанаға» капитан болуға мүмкіндігіңіз бар ма?
Рахмет! Егер дайындығым жарап турса, неге болмасқа.
Айбек: Басқа командаға ауысуға ұсыныстар түсті ма?
Ия, Ресейдің »Катюшасынан» ұсыныс келген. Бірақ мен «Астанада» қаламын.
Жанпейіс НАЗАРҒАЛИ: Мамыр айында Италияда өтетін «Джиро ДИталия» көпкүндігінде Астана командасы қандай жетістікке жетеді деп ойлайсыз?
Команда алдына үлкен мақсат қойылды. Жігіттерді жарыс жолына алып шығатын Роман Кройцигер қазір нағыз бабында, егер қырсық деген шалмаса, үздік үштіктен көрінеді деген сенімдемін
barcelona shempion: Женiсiнiз кутты болсын. «АСТАНА» командасы осы жылы жеңiмпаз болады деп ойлайсызба? Алдағы уакытта биiк белестердi бағындыра берiңдер …
Тілегіңе рахмет. «Амстел» мен «Льеж-Бастон-Льеж» жарыстарындағы жеңісіміз тамаша жетістік. Құдай сәтін салса, Джирода жігіттер жерге қаратпауы тиіс.
Read the rest of this entry → -
«Астана» әрқашан алға ұмтылады!
No Comments- Views: 3 513.
Cұхбат 17.04.2012 алынды.
толық мәтін: "Егемен Қазақстан"
– «Амстел Голд» велобәйгесіндегі жеңістеріңіз құтты болсын! Маусымдағы алғашқы жеңіс қой, жігіттердің мәреден көрінетініне сенімді болдыңыз ба, әлде бұл тосын сый болды ма?
– Тосын сый деп айтуға келмейтін шығар. Команда жарыс жолына алдына үлкен мақсат қойып шыққан болатын. Оның үстіне Энрике Гаспаротто «Амстел Голдта» жеңіске үміттілердің бірі болды. Сондықтан оған үлкен сенім артылды. Велоспорт – лотерея. Ұтымды сәтті тиімді пайдаланып, көптен күткен жеңісімізге қол жеткіздік.
– Жарысты теледидардан тамашалаған боларсыз?
– Жоқ, өкінішке қарай, жолда болдым. Сондықтан жігіттердің жарысын үзіп-үзіп көруге тура келді. Ал жеңіске жеткенімізді командамыздың спорттық директоры Александр Шефер сол сәтте ұялы телефоныма хабарласып, сүйінші сұрады.
– Мәреге жақын қалғанда Максим Иглинский жеңіске жетеді деген сенім ұялаған, бірақ соңғы сәтте жүрісі баяулап қалғандай болып еді…
– Максимді маусым басынан жеңіске ынталандырып келеміз. Бірге жаттығамыз. Менімен көрші тұрады. Бабы да келісіп тұр. Вальверди, Жильбер сынды қарсыластарға тісі бататындай шамасы бар. Бірақ жолы болмай-ақ қойды. Ал жалпы команда турасында айтар болсам, жақсы өнер көрсетті. Үнемі пелотон алдында болды. Бап шаба ма, бақ шаба ма деп жатады ғой. Бұл жолы да жаттығуларда аянбай тер төккеніміздің нәтижесі көрініп-ақ тұрды. Бағымыз да жанды. Амстелге осалдар келмейді. Оны өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар. Бүгінгі жеңісіміз шабандоздардың өзіне деген сенімін арттыратыны сөзсіз. Жарыс басталуға үш сағат қалғанда Қазақстан Велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетовпен сөйлестім. Маусым басынан бір қуантпадыңдар ғой деген тұрғыдағы сөзіне жақын арада жеңіс міндетті түрде келеді деп сендірген едім. Шамалы уақыттан кейін қуанышты хабар алдық.
– Қазақ жанкүйерлерінің ең алдымен, өз спортшыларымызға бүйрегі бұрып тұрады ғой. Команда сапында ізіңізді басқан қазақстандық шабандоздар туралы не айтар едіңіз? Классикалық жарыстар аяқталуға жақын, алда ірі гранд турлар бар дегендей… Read the rest of this entry →
-
Астана Giro d’Italia да өнер көрсететін шабандоздарды жария етті.
No Comments- Views: 2 487.
Адуыны күшті команда Роман Кройцигерге қолдау көрсетеді
Pro Team Astana Giro d’Italia да велосипед ершігіне отыратын тоғыз шабандоздан жасақталған команда құрамын жария етті. Александр Дьяченко, Энрико Гаспаротто, Танел Кангерт, Евгений Петров, Симоне Понци, Кевин Зельдреерс, Паоло Тиралонго мен Андрей Зейцтер енген команданы жарыс жолына Роман Кройцигер бастап шыгады
Команда менеджері Джузеппе Мартинелли жасалған таңдауға өз ойын білдірді: “Тоғыз шабандозды іріктеп алу оңай шаруа емес. Шефер, Седун және мен, әр қайсының дайындығына оң баға беру мақсатында шешімді соңғы сәтке дейін ысырып келдік. Роман Кройцигердің жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуіне барын салатын сайдың тасындай іріктелген сегіз саңлаққа сенім арттық. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға ұмтылатын, жалпы есепте алға шығу мақсатында аянбай тер төгетін және жекелеген кезеңдерде жеңіске қол созуға шамалары жететін құрама жинадық”. Read the rest of this entry → -
Батырдың құрметіне арналды
No Comments- Views: 2 647.
http://www.aikyn.kz - сайтынан
Өткен жұма-жексенбі күндері «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында велоспорттан жастар және ересектер арасында «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған республикалық жарыс өтті.
Жарысты ұйымдастырушылар -велоспорт түрін дамыту, халық арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, спортшыларды отансүйгіштікке, батырлыққа, ептілікке тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп, шараға еліміздің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы мен Алматы облысы, Жамбыл облысы, сондай-ақ көрші жатқан Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласынан барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты. Read the rest of this entry →
-
Pro Team Astana Льеж-Бастон-Льеж мәртебелі велододасында айды аспанға шығарды
Comments (1)- Views: 3 678.
Pro Team Astana үшін тағы бір ұмытылмас күн! Гаспароттоның Амстел Голд Рейстегі тамаша жеңісінен соң Астана Льеж-Бастон-Льежде бар қарсыласын шаң қаптырды. Максим Иглинский тұғыр биігінен қол бұлғаса, Энрико Гаспаротто мәреге үшінші келді.
“Мен өте бақыттымын! Бұл менің спорттық ғұмырымдағы ең маңызды жеңіс! – дейді Максим Иглинский – Гаспароттоның жеңісінен соң командамыздың қол жеткізген тамаша жетістігі бұл. Соңғы шақырымда Нибали алдымда болған сәтте, тек екінші орынға таласа алармын деген ой келген. Біршама уақыттан соң Нибалиді қуған жалғыз атандым. Ал соңғы көтерілуде оны басып озып, артқа тастауға бар мүмкіндігім бар екенін сезіндім. Жылдамдығымды үдетіп, мәреге жалғыз өзім келдім. Винокуровқа ерекше ризашылығымды білдіргім келеді, бүгін таң ерте телефоныма қоңырау шалып, мені жеңіске жетелеген жақсы бір кеңесімен бөліскен еді, жігерімді оятты”.