News kz

RSS
  • Тиррено-Адриатико жарысына бейне хабарландыру

    3 комментария


    Всем привет!
    Недавно создал ютуб канал по велоспорту. Канал преимущественно будет на казахском языке согласно веянию времени. Пока тренируюсь создавать ролики анонсируя гонки. Процесс для меня долгий, т.к. даже написание собственного текста, казалось бы на родном языке, отнимает много  времени. Но я учусь и потихоньку обогащаю словарный запас. Параллельно пишу контент-план и дорожную карту развития канала (настроен серьезно).

    Если есть предложения или замечания, прошу оставлять комменты под видео.

    И самое главное, не забывайте подписываться и ставить класс!

  • ТҮРКИЯ ТУРЫ. БІРІНШІ КЕЗЕҢ. МИНАЛИ АЛТЫНШЫ КЕЛДІ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 11 Октябрь 2017, 0:21 (UTC +6), author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 533.

    Астана Тур Турция

    Түркия туры: "Астаналық" велошабандоз алғашқы кезеңде алтыншы болып келді Бүгін, 10 қазанда Түркияның Алания қаласында "Түркия туры" велокөпкүндігі басталды. "Астана" сапында ең жақсы нәтижені Роберто Миналли көрсетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Read the rest of this entry →

  • Кангерт оқшаулана бастады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 16 Май 2017, 21:03 (UTC +6), author: Yessey
    • Views: 2 723.

    «Джиро д’Италия» велокөпкүндігі бүгін екінші демалыс күніне аялдады. Ертең шабандоздар 39,8 шақырымдық жеке жарысқа түседі.

    «Астана» командасының бұл сынға нақты көшбасшысыз түсіп жатқанын бұған дейін де әңгімелегенбіз. Бәйге басталғанда Луис Леон Санчес алғашқы ондыққа кіруге талпынатындай көрініп еді, бірте-бірте ол көшбасшыларды қатты ұзатып алды. Енді эстониялық Танел Кангерт пен италиялық Дарио Катальдо кезең сайын көзге түсе бастады. Кангерт қазір үздік ондық босағасына келді, оған командаластары тынбай көмектесуге тиіс.

    Демалыс алдындағы 9-кезеңде Кангерт мәреге жетінші болып жетті. Монтенеро ди Бизачча-Блокхаус қалаларының арасын жалғаған 149 шақырым қашықтықта шабандоздар бірнеше жоғары деңгейлі тау сағалаған жолдарды артта қалдырды. «Мовистардың» серкесі Найро Кинтана көп шабуылының бірінде ұзап кетіп, негізгі қарсыласы Винченцо Нибалиді («Бахрейн») артқа тастады.

    «Маған осындай асулар ұнайды. Егер күшімді аздап болса да сақтай алсам, бұл кезеңді жақсы өткізетінімді өзім де сездім. Ақыры бәрі де ойлағанымдай болған секілді. Асуға кірер жолда «Мовистар» қарқынды кәдімгідей арттырып жіберді, сондықтан жылдамдауға тура келді. Бір кезде жылдамдық мен үшін тым жедел екенін байқап, көшбасшыларды алға жібердім, өз қарқынымды сақтадым. Катальдо маған алты-жеті шақырым жақсы көмектест, сөйтіп тез қалпыма келіп, асудың соңғы бөлігін өте жақсы жүріп өттім. Енді жеке жарыста тәуір нәтижеге жету үшін барымды саламын» деді Кангерт.

    Әзірше ол қазіргі көшбасшы Кинтанадан 3 минут 15 секунд артта, жалпы есепте 11-орында келеді.

    «Джиро» 28 мамырда мәреге жетеді.

     

  • Фабио Ару: КҮНІБҰРЫН ЖЕҢІЛУ ОЙЫМЫЗДА ЖОҚ

    Comments (1)

     

     

    «Тур де Франс» суперкөпкүндігінің кешегі 18 кезеңіндегі Салланш-Межөв қалашықтарының арасын жалғаған 17 шақырымдық жеке жарыста «Астана» командасының капитаны Фабио Ару ІІІ нәтиже көрсетті. Бір есептен, бұл күтілмеген ерлік болды десек қателеспейміз. Өйткені, Ару бұған дейін 13 кезеңдегі 37,5 шақырымдық жеке жарысты дәл бүгінгідей жоғары деңгейде өткермеген-ді. Биылғы «Үлкен өрмектің» басты қаһарманы Кристофер Фрум («Скай») мен осындай жеке жарыстарда ғана бір көрініп қалатын Том Дюмоленді («Джиант Альпесин») ғана алға салып, Ару «Турдың» ең шешуші сәттерінде жеңіс тұғыры үшін күресе алатынын байқатты. Жарыстан кейін Аруды ортаға алып, сұрақтарымызға жауап беруін өтіндік.

    – Бүгінгі жеке жарыс жолының қуыс-қалтарысын менеджер Дмитрий Фофонов алдын ала өзі жүріп көріп, түгел бағдарлап алған еді, – деді Ару. – Сол әрекет өте дұрыс болған сияқты. Қашықтықты бір деммен жүріп өткендей болдым. Бұл жеке жарыста жол тек өрге бастап отырды. Мәреге аз ғана қалғанда ғана еңіс болды. Жалпы, соңғы екі кезеңде көрсеткен нәтижеме көңілім аздап толады. Тапандап болса да негізгі қарсыластарымды артқа тастап келемін. Қалған кезеңдерде командаластарыммен бірге барымды салып, Париж төрінде мейлінше жақсы көрсеткішке ие болғым келеді.

    – Соңғы екі шешуші кезеңге дайындығың қаншалықты мықты?

    – Бұл таулы кезеңдер болғанмен, соншалықты ұзақ жол емес. Сондықтан өзімнің де, басты қарсыластарымның да үш аптаға жуық аламанда қалған шамасын байқап көрмекпін. Жарыстың өзі қалай болады, алға шығуға кімдер ұмтылады, жеңіс тұғырынан дәмесі барлар қандай тактика ұстанады – осының бәрін бақылап отыруым керек. Менің ойымша, біз мүлтіксіз жұмыс істеуге тиіспіз.
    Read the rest of this entry →

  • ЛАНГКАВИ ТУРЫ-2016. ЛОПЕСТІҢ ВЕЛОСИПЕДІ СЫНЫП, ЛИДЕРЛІК ЖЕЙДЕДЕН АЙЫРЫЛДЫ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 29 Февраль 2016, 16:55 (UTC +6), author: Ruslan Medelbek
    • Views: 4 099.

    Лопес Морено

    Малайзияда өтіп жатқан «Лангкави турының» 6-кезеңінде «Астана» лидерлікті сақтап қала алмады. Read the rest of this entry →

  • ЛАНГКАВИ ТУРЫ-2016. ГУАРДИНИ — БІРІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ТІЛЕУБАЕВ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 24 Февраль 2016, 17:25 (UTC +6), author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 225.

    Андреа Гуардини

    "Астана" командасының италиялық шабандозы Андреа Гуардини Малайзияда өтіп жатқан "Лангкави турының" бірінші кезеңінде жеңіске жетті.  Read the rest of this entry →

  • «АСТАНА» — LE TOUR DE LANGKAWI ФАВОРИТІ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 23 Февраль 2016, 10:21 (UTC +6), author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 166.

    Лопес Miguel Lopez Moreno

    24 ақпан Малайзияда велоспорттан жыл сайын өтетін «Le Tour de Langkawi» жарысы басталады. UCI 2.0H дәрежесіне енетін жарысқа «Астана» командасы да қатысады.  Read the rest of this entry →

  • Қызылорда облысының әкімі А. Кашечкинмен «Байқоңыр» брендін дамытуды талқылады

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 15 Октябрь 2015, 13:17 (UTC +6), author: Sake
    • Views: 3 754.

    20151014122242

    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев велошабандоз, «Сaspian Serviсe» компаниясының құрылтайшысы Андрей Кашечкин және испаниялық «ESCATO GROUP» компаниясының өкілдері Хосе Льюис пен Лукас Кокерамен кездесті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Read the rest of this entry →