Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Джиро Италияға дайындық жалғасын табады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 21 Апрель 2012 в 10:25, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 443.

    Pro Team Astana Романдия мен Түркия турына аттанды

    Алдағы жексенбі, сәуірдің 22- нен, келесі аптаның аяғы, сәуірдің  29- на дейін  Pro Team Astana мәртебелі екі дүбірлі додаға:  48- ші  Түркия Туры (22-29 сәуір) мен  66-шы  Романдия Турына (Швейцария, 24-29 сәуір)  қатысады. Екі велосын команда мүшелерінің  маусымның алғашқы көпкүндігі Джиро Италия алдындағы шама шарқын бағалап, бабын саралауға берілетін соңғы мүмкіндік.

    Команда менеджері Джузеппе Мартинелли: «Романдия туры Әлемдік турлар күнтізбесіне енген жарыс. Осының өзі бұл бәйгеге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Екінші жағынан, Giro d’Italia қарсаңында ұйымдастырылуы шабандоздардың бабын сынақтан өткізіп, гранд турға дайындық барысында қателіктер мен олқылықтарды түзеуге берілетін соңғы мүкіндік. Трентинодан жақсы көңіл күймен аттандық. Тауға шығудың қатыгез шарттарына қарамастан Роман Кройцигердің бүгінгі көрсеткіштеріне көңіліміз толады, ол екінші кезеңде жеңіске жақын болды. Романдияда оған бабына жақындаған Яни Брайкович көмек қолын созады, оның жақсы өнер көрсететініне сенемін». Read the rest of this entry →

  • Pro Team Astana Арден мен Доломит бәйгелерінде

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 17 Апрель 2012 в 6:40, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 616.

    Amstel Gold Race велосынындағы тамаша жеңісінен соң шабандоздар жаңа жеңістерге қол созады  

    Энрико Гаспароттоның Амстел Голд Рейстегі жеңісінен кейін  көп ұзамай  Pro Team Astana жарыс жолына қайта жиналды: сәуірдің 17- сі мен 20 – сы аралығында Giro del Trentino, ал 18 – ші сәуірде Fleche Wallone додалары жалауын желбіретеді.

    Трентинода командаға басшылық жасайт менеджер  Джузеппе Мартинелли, алдағы жарысқа қатысты өз ойымен бөлісті: «Мен әрдайым Трентиноны Giro d’Italia алдындағы ең қиын сынақтардың бірі деп есептейтінмін. Бұл жолы да бұл ойымнан таймақ емеспін. Жарыс бізге ең алдымен шабандоздардың аяқ алысын, команданың бүгінгі күнгі дайындығын бағалау үшін қажет,  себебі сейсенбі күні велосипед ершігіне отырғандардың көбі, ертең Джирода бағын сынайды.  Әрине,  Трентино жолдары Джирода көшбасшы болу міндеті жүктелген Кройцигердің бүгінгі шама шарқын байқауға  жақсы мүмкіндік.  Жарыстың төртінші кезеңі өте ауыр. Басеке күшті. Бірақ Роман бүгінгі бабын бағалай келе, жеңіске жететіндігіне сенім білдірді.

    Команданың тағы бір бетке ұстары –  Яни Брайкович. Алғашқы кезең ол үшін тіптен оңай болған жоқ. Денсаулығының сыр беруіне байланысты, біршама қиындықтар туғаны рас.  Трентинода, артынан Романдия бәйгелерінде ол өз күшіне сеніммен қарайды деп үміттенемін. Алдына қойылған үлкен мақсатты орындау үшін психологиялық тұрақтылықтың болғаны да абзал. Бұған әрине, Гаспароттоның жеңісі де өз септігін тигізді, бұл ең алдымен біздің  бекер тер төкпегеніміздің дәлелі».

    Гаспароттоның өзі де қуанышымен бөлісуге асықты: Read the rest of this entry →

  • Scheldeprijs и GP Cerami Париж-Рубэ алдындағы дайындық

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 4 Апрель 2012 в 1:14, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 466.

    Солтүстіктегі  жорығымыз жалғасуда

    Фландрия турының  тас жолдарын бағындырған  жарыс көзді ашып жұмғанша өте шықты. Алда Бельгиядағы аламандар. Сәрсенбі  күні осымен 100 –ші рет Scheldeprijs біркүндігі, ертесіне GP Cerami велосайысы бастау алады.  Pro Team Astana құрамы осы екі жарыста бабы мен бағын сынап, жексенбі күні жалауын көтеретін Париж-Рубэге қатысу үшін Францияға аттанады. 


    Гуидо Бонтемпи команданың алдағы жоспарымен бөлісті: “Фландрия турында бізді басты фавориттер қатарына қоспағанымен барымызды салдық, аз тер төгілмеді. Максим Иглинский мен Дмитрий Муравьевтің жеңіске деген құлшынысы бәйге барысында байқалып ақ тұрды, олар  Kwaremont төбесіне дейін пелотонның басында болғанын да көрдіңіздер. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері де осы қарқынымыздан таймақ емеспіз. Менің ойымша, Максим Иглинский бастаған шабандоздарымыздың  екі жарыста да азулы қарсылас атануға шамалары жетеді.”

    Гуидо Бонтемпи  Scheldeprijs пен  GP Cerami сындарына төмендегі құраммен аттанады: Read the rest of this entry →

  • Баск елдерінің турына аттанған Pro Team Astana құрамында мін жоқ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 30 Март 2012 в 7:33, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 387.

    Дүйсенбі күні Бильбао маңындағы Гуэньесте Баск елдерінің туры 52 –ші рет жалауын желбіретеді.  1925 жылдан бастау алған классикалық көпкүндік Әлемдік турлар санатына жатады. Жарыс жолына шығатын командалардың барлығы дерлік  көпкүндіктің жілігін шаққандар.

    Спорттық директор   Александр Шефер   Pro Team Astana шабандоздарының жарыс алдындағы аяқ алысына бағасын берді: “Баск елдерінің турына талай мықтыға азулы қарсылас атанардай құраммен шығып жатырмыз.  Менің пікірім, бұл бәйге  маусымның алғашқы бөлігіндегі ең қиын көпкүндіктердің бірі. Жарысқа қатысушылардың тізіміне көз жүгіртсеңіз, алдағы Тур де Франста үздіктер қатарынан көрінер шабандоздар мен командалар жиналған.  Бұл ең алдымен біздің команданың шама-шарқын анықтауға тамаша мүмкіндік. Яни Брайковичке капитан болу міндеті жүктелді. Каталония турының үшінші кезеңіндегі жеңісі оның өз бабына келегендігінің айғағы. Өз -өзіне деген сенімі де нығайды. Команда ішіндегі көңіл күйде осындай. Кисерловски, Гавацци, Гаспаротто мен Силин Яниге барынша көмек қолын созады, сондай ақ  оларға реті келіп жатса жеке көрсеткіштерін жоғарлатуға да мүмкіндік берілді”. Read the rest of this entry →

  • Якопо Гуарниери жеңісті уысынан шығарып алды.

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 28 Март 2012 в 12:09, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 954.

    Команда Driedaagse De Panne додасының бірінші кезеңінде  тамаша өнер көрсетті.

    Якопо Гуарниери, Словакия саңлағы Саганды алға жіберіп,  Де Панна үш күндігінің алғашқы кезеңінде мәреге екінші келді.  Негізгі топтан ұзап кеткен басқа төрт шабандозбен біраз уақыт бірге болған  Гуарниери мәредегі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білді. Шабандоздар тобының қуып жеткеніне қарамастан, Якопо алға ұмтылып, спринтте  фотофиниш көмегімен  анықталған мәртебелі екінші орынға ие болды.  Ал команда бір мақсатқа жұмыла кірісіп, ұйымшылдық танытты. Read the rest of this entry →

  • «Астана» аптаны жеңіспен және бірқатар жоғарғы орындармен қорытындылады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 27 Март 2012 в 1:26, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 236.

    Үш елдің жолдарымен өткен веложарыстарда шабандоздар айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Келесі дода  Driedaagse De Panne – Koksijde.

    Pro Team Astana  наурыз айының үшінші аптасын түйіндеді. Қоржында Пиренейде, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қол жеткізген кезеңдік жеңіс, Гавацци, Понци мен Кисерловскийдің Каталония туры мен Италияда өткен  Settimana Internazionale di Coppi & Bartali жарысы, сондай ақ Бельгияның тас жолдарымен өткен бір күндік сындарда қол жеткізген жоғарғы орындары. 

    Джузеппе Мартинелли  команданың Каталония турында көрсеткен өнеріне бағасын берді:  “ 3-ші кезеңде  Брайковичтің жеңісімен маусымдағы алғашқы табысымызды  жүзеге асыруға мүмкіндік туғызған жақсы велодода болды.  Ауа райының бұзылғанына қарамастан, бұл күн біз үшін тамаша күндердің біріне айналды.  Гаваццидің  соңғы күні біршама уақытқа ғана ұтылғаны менің назарымна тыс қалған жоқ,  Париж-Ниццадағы 9 орнынан жалпы есепте 7 орынға табан тіреген Кисерловскийде өзін жақсы қырынан көрсете білді. Әрине, көңіл бөлетін тұстарымыз да жеткілікті, ендігі мақсат алдағы  нәтижелерді біздің команданың деңгейіне сәйкес келетін  көрсеткішке жеткізу. Бұл ойымызды алдағы Бельгия мен Баск елдерінің турында  жүзеге асыруға тырысатын боламыз”.

    Read the rest of this entry →

  • Dwars door Vlaanderen мен E3 Harelbeke бәйгелерінде кеткен есе қайту керек

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 24 Март 2012 в 4:59, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 631.

    Бельгия жолдарымен өткен екі додадан кейін, Pro Team Astana  жексенбі күні Gent–Wevelgem веложарысында  есе қайтаруға тырысып бақпақ. Классикалық фламанд додасында, жарыстың  осы түріне  машықтанған бар мықты велосипед ершігіне отырады деп жоспарланған.

    Гент-Вевельгем бәйгесінің екі дүркін жеңімпазы Гуидо Бонтемпи шабандоздарымыздың шама– шарқына бағасын берді: "Муравьев пен Иглинскийдің осы жарыста тамаша өнер көрсетуге мүмкіндіктері мол.  Мақсат -   финалдық спринттің жүлдесін өз ара сарапқа салатындардың қатарында болу. Ол үшін  әрі кетсе 20 шабандоздан аспайтын  басты топта қарасы көрінсе болғаны.   Ал жан алысып жан беріскен текетіресте қарсыласты шаң қаптыру оңай шаруа емес.  Ауа райы белгия көктемі үшін ерекше жылы болып тұр.  Қатты соққан жел мен жаңбыр жауады деген болжамда жоқ.  Біз бұл жайтқа қуанбай қоймаймыз,  себебі  бұл бізге ең алдымен бельгия сынының мықтыларына азулы қарсылас атануға бірден - бір мүмкіндік".  Read the rest of this entry →

  • Энрико, Туған күніңмен!

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 22 Март 2012 в 12:01, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 177.

    Астана сапындағы  көңілі ақ, жүзі жарқын шабандоз Энрико Гаспароттоның  бугін  туған күні!  Әз Наурыздың алғашқы күнімен  қатарласа келетін мерекең құтты болсын!  Жеңіс пен жетістіктің ауылында кедескенше!