Алматы Азия чемпиондарын қарсы алды!

    • Filled in News in Kazakh 21 Февраль 2012 в 8:25, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 043.

    Маржан Байтлеуова, Роберт Гайниев, Давид Хабибулин, Егор Никитин мен Бахыт Гайнулин. Малайзияда өткен сарықұрлық біріншілігінде үл қыздарымыз 2 мәрте ән ұранымызды шарықтатты, көк байрағымызды көтерді! Бейбіт күннің батырларын Алматы әуежайында туған туыстары, спортшылар мен достары  және «Қазақстан» Ұлттық арнасының түсірілім тобы күтіп алды.

    Маржан Байтлеуова:    Азия біріншілігінде қол жеткізген алтыным мен үшін тосын сый болғаны рас. Бірақ мен жеңіс үшін аянып қалғаным жоқ. Малайзияға жүрер алдында жаттықтырушы Светлана Тарасова хабарласып, бізде тек бір ғана мақсат,  ол алтынға қол созу деген болатын. Сондықтан жаттығулар мен дайындығым осы жоспарды іске асыруға бағытталды. Мен өте бақыттымын!

    Роберт Гайнеев:  Жеңіс оңай келген жоқ!  Алғаш жүлдеге мен қол жеткіздім ғой. Айтарға  сөз жоқ, тек жүлде үшін күресітң өте ауыр болғанын айтқым келеді.

    Владимир Бушанский:  Азия біріншілігі алдында қойылған талап пен мақсат орындалды. Бір ай Санкт-Петербургте болдық. Әр жарыс сайын спортшылардың шыныға түскенін байқадық. Спортшылармыз  жарады! Бірақ біз бұл нәтижемен тоқтап қалмаймыз. Біз үшін жанкүйер болыңыздар!

    Құрлық мықтысы атанған жастарымыз алдағы жарыстарда да биіктен көрінсін деп тілейік!

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание