Archive for the ‘News in Kazakh’ Category
-
Велосипед ершігіне қазақ балалары да отыра бастады
No Comments- Views: 2 779.
Бұл күндері Астанада велоспорттан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде. Спорттың осы түрін жеткіншектер арасында кеңінен дамытуға бағытталған турнирде еліміздің тоғыз аймағынан келген 17 команданың намысын қорғайтын 100-ден аса велошабандоз бақ сынауда. Read the rest of this entry →
-
«Тур де Франстан» тікелей хабар
No Comments- Views: 2 869.
Қазақстандық бір топ журналист велоспорттан Еуропада өтіп жатқан «Тур де Франс» көпкүндігіне жеттік. Жолымыз болып, біз келген күні «Астана» клубының велошабандозы Дмитрий Фофонов 17 кезеңдік бәйгеде көмбеге алтыншы болып жетті.
-
«Tour de l’Abitibi» көпкүндігінде Қазақстандық велошабандоздар көш бастап келеді
2 комментария- Views: 2 729.
Канаданың Квебек қаласында велоспорттан 17-18 жастағы спортшылар арасында "Tour de l'Abitibi" көпкүндігі өтіп жатыр. Read the rest of this entry →
-
Винокуровтың орнын Зейтц баса ала ма?
4 комментария- Views: 3 720.
Команда капитаны Александр Винокуров саптан шығып қалғалы бері «Астана» жігіттерінің «Тур де Франстағы» шабысы оңар емес. «Ең болмаса, бір кезеңді жеңсек» деген үміт шоғы да күлге айналып бара жатқандай.
-
«ҚОШ» ДЕЙДІ ВИНИ…
2 комментария- Views: 3 756.
Александр Винокуров үлкен спортпен қоштасты. Ресми түрде бүгін спорттық ғұмырына нүкте қойған Виниді нағыз халық батыры дегенге лайық. «Тур де Франстағы» оқиғаны қайта қаузаудың реті жоқ. Бірақ осы құлау Винидің жолына кедергі болды. Бүгін Саша госпитальдан шықты. Шыға сала Францияның телеарналарына сұхбат беріпті. «Спорттан кетем» деп қысқа ғана қайырыпты Саша. Біз сәттілік тілеуден басқа амалымыз қалмады. Read the rest of this entry →
-
Астанада дәстүрлі веложарыс басталды
No Comments- Views: 4 419.
Бүгін, 19 шілде күні Астанада КСРО спорт шебері, Қазақстанда және Целиноградта велосипед спортының негізін қалаушылардың бірі, 1969 жылы жаттығу кезінде қайғылы қазаға ұшыраған Михаил Ильяновты еске алуға арналған республикалық дәстүрлі веложарыс басталды, деп хабарлады Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан. Read the rest of this entry → -
Винокуров велосипедпен қош айтысты
No Comments- Views: 3 536.
Өткен сенбіде Париж госпиталінен Монте Карлодағы үйіне жеткізілген Александр Винокуров Франция теледидарына спорттық карьерасын тамамдайтындығын мәлімдеді. Read the rest of this entry →
-
«Тур де Франс», 15-ші кезең
No Comments- Views: 2 720.
Байрақты «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 15-ші кезеңі аяқталды. «Астана» командасы әлі бірде-бір рет кезең жеңімпазы атана алмады. Read the rest of this entry →