Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Ұлтымыздың бренді – «Астана»

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 28 Июль 2011 в 12:21, author: Sake
    • Views: 3 587.

    Паң Париж, еңіс Елисей, Альпінің биік шоқылары мен бұралаң жолдары, аламан бәйге, қызу бәсеке, ығы-жығы халық, сәулесі көмескі үміт... «Тур де Франс» көпкүндігінен алған әсерімнен әлі арыла алар емеспін.

    Бірлігі жарасқан, басшысы білікті ұжым

    «Тур де Франс» көп­күндігінің шешуші кезеңін, яғни соңғы бес кезеңдік бәйгесін өз көзімізбен тамашалап қайтқанымызда «Астана» клубы мүшеле­рінің қалай жұмыс жасай­тындықтарын да көрдік. Команда сапында бірнеше ұлттың өкілдері болса да, тату-тәтті, бір кісідей жұ­мы­ла еңбек етеді екен. Әрбір кезеңдік жарыс аяқ­талысымен, іске механиктер және массажшылар кіріседі. Әсіресе механиктерді айтсаңызшы. Қимыл­дарына көз ілес­пей­ді. Бар­лық вело­шабан­доздар­дың шайтан арбаларын жуып-сүртіп, арнайы көліктің ішіне салып, ертеңгі бәйгеге дайындайды. Жөндейтін жерлерін де көздерінен таса қалдырмайды. Содан соң күні бойы солардың арттарынан еріп отыратын команда менеджерлері мен техникалық қызметкерлері мінген жеңіл көліктерді де жылтыратып жуады. Бар жұмысты бәрі де күліп жүріп жасады. Клубтың спорттық директоры Дмитрий Седун біздің ұжымның сапындағы механиктердің арасында осымен 20-«Тур де Франста» еңбек еткен маман бар екендігін айтты. Бойы ұзын, иықты, жігіт ағасы екен. Бірақ өте ширақ. Read the rest of this entry →

  • Дмитрий Седун: Мен қазақпын!

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 27 Июль 2011 в 10:31, author: Sake
    • Views: 3 790.

    «Тур де Франс» көпкүндігінің соңғы бес кезеңдік бәйгесін көзбен көріп, көшбасшылар арасындағы қызу бәсекенің куәсі болдық. Сенім артқан серкесінен айырылған қазақтың «Астанасы» жылдағыдай алдыңғы лектен көріне алмады. Әйтсе де велошабандоздарымыз тым болмағанда бір кезеңдік бәйгеде топ жаруды көксеп, тырысып бақты. Әрбір кезеңдік жарыстан соң «Астана» клубының спорттық директоры Дмитрий Седунды сөзге тартып, білікті маманның пікірін біліп отыруға тырыстық. Соңғы 21-кезеңдік бәйге алдында «РадиоШак» клубының менеджері, бұрын «Астананың» басшысы болған Йохан Брунельмен тілдесудің сәті түсті. Сөз барысында әйгілі маман: «Мен сіздердің клубтарыңыздан кеткелі «Астана» күшеймесе, әлсіреген жоқ. Ең бастысы, кәсіби тұрғыда жетіле түсті. Басшылар ауысып, клубтың қазақстандық жаңа жетекшілері өздерінің іскер адамдар екендігін көрсетіп келеді», – деді. Риза болып қалдық. Одан мұндай сөздер естиміз деп ойламап едім. Басқа – басқа, бірақ Брунель өтірік айтып, маймөңкелемейтін шығар. Ал «Тур де Франс» көпкүндігі аяқталған соң Дмитрий Седунға көкейдегі бірнеше сұрағымызды көлденең тарттық. Read the rest of this entry →

  • ТДФ 20 кезең — жарыс жолына аттану алдындағы қарбалас

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 27 Июль 2011 в 10:21, author: Sake
    • Views: 2 937.

     

    Бәрімізге «Тур де Франстың» 20 кезеңінде (Гренобльдегі 42,5 км жеке жарыс) «Астана» командасының сәтсіз жарысқаны мәлім. Осының себебі туралы Роман Кройцигер былай депті:
    «Бүгін таңда біз Alpes d'Huez-дегі қонақ үйден жарыс басталмастан 3 сағат бұрын шықтық. Соған қарамастан, өте тығыз жол қозғалысының кесірінен біз команда автобусына жарыс басталуға 15 минут қалғанда әзер жеттік. Көпшілігіміздің жарыс алдында жаттығып алатын мүмкіндігіміз болмағаны түсінікті. Маған келген бойда жарыс жолына шығуға тура келді, тіпті бойымды қыздырып та үлгермедім, өте қиын болды». Read the rest of this entry →

  • Елисейде Эванстың айдарынан жел есті

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 26 Июль 2011 в 2:01, author: Sake
    • Views: 3 316.

    Сонымен 98 рет өткізілген «Тур де Франс» көпкүндігі де аяқталды. Жалпы есепте Австралияның 34 жастағы тіс қаққан тарланы Кэдел Эванс топ жарып, алғаш рет мәртебесі зор аламан бәйгенің жеңімпазы атанды. Люксембург саңлағы Энди Шлек үшінші жыл қатарынан екінші орынмен шектелді. Үшінші орында – оның ағасы Фрэнк. Read the rest of this entry →

  • Жанкүйер пікірі

    7 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 26 Июль 2011 в 1:49, author: Sake
    • Views: 4 660.

    Photos by Sirotti

    Жарыс та бітті, жанкүйер ретінде түйгенімді бөліссем деймін.

    1. Биылғы ТДФ та, осыған дейін болған Джиро да өте ауыр өтті. Көптеген белгілі шабантоздар жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Кейбіреулері, өкінішке орай ішінде өзіміздің Вино да бар, спортпен мүлде қош айтысты. Джирода бельгиялық жас жігіт Вейланд қаза тапты. Менің ойымша, кәсіпқой велотурнирлер регламентіне ұйымдастырушылар белгіді бір өзгерістер енгізуі керек сияқты. Қауіпсіздік тарапынан көптеген шаралар алынуы керек. Жұртты қызықтырамын деп, велоспортты гладиаторлар шайқасына айналдыруға болмайды. Осы жылдың аяғына дейін біршама өзгеріс болуы керек. Read the rest of this entry →
  • Алматылықтар велошабандоздарға қолдау көрсетті

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 25 Июль 2011 в 2:14, author: Sake
    • Views: 2 899.

    Кеше «Тур де Франстағы» велоспортшылар бәйгесінің соңғы күнінде алматылықтар тағы да велосипедке отырды. Осылайша әуесқой велошабандоздар өздерінің сүйікті спортшысы Александр Винокуровты демеп, оның көңілін сергітеміз деген ойда. Өйткені жарыс кезінде жарақат алған  «Астана» велокомандасының капитаны әлі аураханада жатыр. Винокуровты қолдауға келген алматылықтар демалыс күні таңғы сағат 9 -да барлығы бір кісідей жиналды. Велошеру Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысынан басталды. Read the rest of this entry →

  • Көмбеге жету қиын, қайту да мұң…

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 23 Июль 2011 в 3:39, author: Sake
    • Views: 3 750.

    «Тур де Франс» көпкүндігінің 18-кезеңдік бәйгесі Альпі сілемдерінің бірі, Франциядағы Анжель тауында өтті (биіктігі 2744 метр). 200,5 шақырымға созылған жарыс жолы үш биік шоқыны басып өтті.

    18-кезеңдік бәйгенің көмбесі Галибьеге тігілген екен. Көмбеге жету үшін велошабандоздар сүйірбұ­рышты бұрылыстармен жүйткіп, биік тауға қиялай өрледі. Осы кезеңдік бәйге биылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің ең биік нүктелердегі жарыс болды. Содан болар, бізге «Астана» клубының спорттық директоры Дмитрий Седун велошабандоздар сөреден шықпай жатып, «бүгін жалпы есепте кімнің жеңіске жететіндігі анықталуы тиіс» деген-ді. Ал 18-кезеңдік бәйге Ита­лияның Пинероло қалашығынан басталды. Read the rest of this entry →

  • Тур де Франс 2011, 17 кезең

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 22 Июль 2011 в 1:17, author: Sake
    • Views: 2 328.

    All photos by Sirotti

    Европаның солтүстігіндегі, ауа-райы жаймашуақ деуге келмейтін Норвегия елінің велошабантоздары 2011 жылдың «Тур де Франс» жарысында табысты өнер көрсетуде. Read the rest of this entry →