Сыр елінің велоспорт мектебі
-
- Views: 5 568.
Сыр өңірінде дамуы қарқынды спорт түрлері аз емес. Бірақ өзіндік мектебі қалыптасқан, тарихы терең велоспорт десек қателеспеген болармыз. Қазақтан алғаш шыққан әлем чемпионы Марат Сатыбалдиев, Сергей Капустин мен Андрей Кашечкиндер Қызылорда жерінен нәр алып, велоспорттың қыр сырына қаныға бастады. Бүгінде олардың ізін басқандар көп. Берік Көпешов, Николай Иванов, Жақсылық Пазылбек, Асхат Қабдаш.
1969 жылдан жұмысын бастаған велоспорт мектебі, қазір Қызылорда облысының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің велоспорт жөніндегі олимпиадалық резерв мектебі деп аталады. 243 бала велосипед тебуге машықтанып жүр. Оның бесеуі спорт шебері нормативін орындаса, 7 бала спорт шеберлігінен үміткер, және 17 оқушы 1 – ші спорттық разрядын орындады. Екі велошабандоз Андрей Кашечкин мен Берік Көпешов Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Берік пен бірге Николай Иванов бүгінде «Астана трек тим» сапында ел намысын қорғап жүр. Мектеп директоры Ерғали Шөмішбаевтың айтуынша, соңғы бес алты жылмен салыстырғанда, велоспортқа бөлінетін қаражат мөлшері айтарлықтай көбейген. Ол негізінен спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына, қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалады. Велосипедтерді екі үш жылда бір алып турады екен.Бір қарағанда велоспортқа қызығушылығы артқан жастардың саны аз емес, келем деушілердің тебетін велосипеді де, уйретемін деген жаттықтырушылар да бар. Жоспардағы жарыстар мен оқу жаттығу – жиындарына өз уақытында шығып тұрады. Нәтиже бар. Өткен жылы Астана қаласында велоспорттан ересектер арасында Қазақстан Республикасының (тректен) III жазғы спартакиадасында Қызылорда облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміс медальмен жалпы командалықта екінші орынды иеленді. Назарларыңызға Сыр елі велошабандоздарының жаттығуларынан үзінді ұсындық. Бағасы өзіңізден.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply