Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • «Астананың» жаңа келісім-шарттары

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 23 Август 2011 в 5:23, author: Dina
    • Views: 3 490.

    "Pro Team Astana" 2012 және 2013 жылдарда команда сапында өнер көрсететін үш велошабандоздың есімдерін жария етті.

    Италияндық шабандоз Франческо Гавацци ("Lampre ISD"-ден ауысты): кәсіби велоспортпен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Еншісінде 7 жеңіс, оның 2 –уіне Басков елдерінің турында қол жеткізген болатын (2010 жылы 3 кезең, 2011 жылы 5 кезең).

    Ресейлік тау жолдарының шебері Егор Силин (Ресейдің «Катюшасы» -нан ауысты): жасы 23-ке келген велошабандоз, кәсіби веложолда 2008 жылдан бері өнер көрсетеді. 5 рет жеңіс тұғырына көтерілді. 2009 жылы андерлер арасында өткен Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді (3 орын).

    Италияндық спринтер Якопо Гуарниери ("Team Liquigas Cannondale" –ден ауысты): 2009 жылдан бері кәсіби веложарыстарға қатысып келе жатқан 24 жастағы спортшы. Спорттық ғұмырында 4 рет жеңіске жеткен, соның ішінде, биылғы Де Панн үш күндігінің кезеңдік жарысы.

    Перевод: Дина Искакова

  • Астана Вуэльта -2011 ге қатысатындарды жария етті

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 19 Август 2011 в 4:15, author: Dina
    • Views: 3 825.

    Photo by Sirotti

    Vuelta Испания – 2011 велододасына қатысатын  тоғыз шабандоздың есімдері төмендегідей:

    1. Фредрик КЕСИЯКОФФ (SWE)
    2. Роберт КИСЕРЛОВСКИЙ (CRO)
    3. Андрей КАШЕЧКИН (KAZ)
    4. Александр ДЬЯЧЕНКО (KAZ)
    5. Энрико ГАСПАРОТТО (ITA)
    6. Хосеп ДЖУФРЕ (SPA)
    7. Танел КАНГЕРТ (EST)
    8. Андрей МИЗУРОВ (KAZ)
    9. Евгений ПЕТРОВ (RUS)

    Команда менеджері Джузеппе Мартинеллидің велошабандоздарға қатысты айтқан мәлімдемесі: «Біздің дайындығымыз жаман емес, тізімдегі шабандоздардың  80 % Польша Турына қатысқандар.  Таулы жолдарда талай мықтының сағын сындыруға қабілеті жетер Кесиякофф, Кисерловский, Мизуров және Кангерт сынды спортшыларымыз бар. Сондай ақ,  2011 жылғы маусымның жаңа есімі Андрей Кашечкинде жарыс жолына шығуға дайын. Андрей алдына үлкен мақсат қойған. Бұлардан өзге, бағы келіскен  Энрико Гаспароттоны да айтар едім, оның кезеңдік жарыстардың бірінде жеңіске жетуге құлшынысы аз емес. Команда өз бабында, енді бағымыз қатар шапса, тартысты бәйге көрсетеміз дегенге сенгім келеді.  Қатарда жанкүйер көзайымына айналған, көшбасшы Андрей Кашечкин бар (Vuelta -2006, үшінші орын).Қазақстандықтар оған үлкен сенім артып отыр. Тағы екі велошабандозымыз бар: Фредрик Кесиякофф (соңғы Австрия Турының жеңімпазы ) пен  Роберт Кисерловский. Бәйге барысында осы үш үздіктің ішінен кімнің  команданы алға сүйретер көшбасшы болатыны анықталады.»

    Read the rest of this entry →

  • Александр Шушемоин – ең үздік шет елдік шабандоз

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 19 Август 2011 в 4:08, author: Dina
    • Views: 3 542.

    Мәре сызығына дейін 200 метр

    Италияда осымен 22 –ші рет жалауын желбіреткен Монтаппоне халықаралық веложарысына (1997 жылы Кадэл Эванс осы велобәйгеде жеңіске жеткен болатын) АСТАНА стажеры Александр Шушемоинда қатысты.  Ол Италияның Calzaturieri Montegranaro Marini Silvano командасының сапында өнер көрсетті.

    Бабы мен бағы қатар шапқан Александр жеңіс тұғырына төрт мәрте көтеріліп,  жүлделерге ие болды:

    ЕҢ ҮЗДІК ШЕТ ЕЛДІК  ШАБАНДОЗ

    ЕҢ ҮЗДІК БЕЛСЕНДІ ШАБАНДОЗ

    ТАУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ  ( тау жолдарының үздігіне берілетін аралық екі  жүлдені ұтып алды).

    Read the rest of this entry →

  • Қазақстандық велошабандозға жылдық еңбекақысының 10%-на айып салынды

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 12 Август 2011 в 1:50, author: Sake
    • Views: 2 743.

    «Астана» велокомандасының менеджменті 26 шілдеде Ниццеде болған оқиға үшін команда шабандозы Валентин Иглинскийге оның жылдық еңбекақысының 10%-на айып салуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстанның спорт порталы.     

    Еске сала кетейік, В. Иглинскийді француз полицейлері 26 шілдеде сағат кешкі 9-да Ницца –  Монте-Карло тас жолында жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан болатын. Шабандозды тестен өткізгенде, оның қанында алкоголь деңгейі нормадан асып кеткені анықталған, дегенмен тест қандай да бір тыйым салынған препараттар мен есірткінің бар екенін көрсетпеген. 

    BNews.kz

  • Сыралғы Сергей – сырласымыз

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 11 Август 2011 в 4:08, author: Sake
    • Views: 3 847.

    2011 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігі де тарих қойнауына енді. Осы көпкүндіктің соңғы кезеңдік бәйгелеріне Қазақстаннан бір топ журналист бардық. Әйгілі аламан доданы өз көзімізбен тамашалап, теледидардан көрмейтін қызығы мен шыжығының шет жағасын көрдік. Францияда бізге Сергей Яковлев жолсерік әрі жолбасшы болды. Өзіміздің бұрынғы есімі көпшілікке танымал велоспортшымыз, Александр Винокуровтың жақын досы, кезінде оның сенімді грегариі болған жігіт. Қазір «Астана» клубы сапында жұмыс жасайды. «Тур де Франстың» соңында қазақстандық журналистерді арлы-берлі тасып жүрген екі көліктің бірін жүргізді. Әрі бізге бас-көз болып, кері қайтқанымызша жанымызда жүрді. Қонақүйлерге орналастырып, аудармашы, тілмаш қызметін де атқарды. «Тур де Франс» жарыстары барысында бірдеңені түсінбей қалсақ, Яковлевтен сұраймыз. Бір нәрсеге күмәнданып тұрсақ, Яковлевпен ақылдасамыз. Велоспорт маманының пікірін білу үшін де әуелі Яковлевке жүгінеміз. Қарапайым, кішіпейіл Сергей ешқашан да бәлсініп көрген емес. Кейінгі жылдары шетелде тұрып жатқандықтан, батыстың менталитетін бойына сіңіре бастағаны да білініп тұрады. Әрдайым күле жауап беруге тырысады. Ал біз Сергейден не жайында сұрамады дейсіз. Эванс жайында да, Винокуров туралы да, «Тур де Франстың» қыр-сыры жайлы да, тағысын тағы... Read the rest of this entry →

  • «Астана» дүлдүлдері ершіктен түсер емес

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 9 Август 2011 в 1:20, author: Sake
    • Views: 2 859.

     Кеше Нидерландыда Eneco Tour деп аталатын көпкүндік басталды. Бұл велобәйгеге «Астана» клубы да қатысуда.

    Алты кезеңдік бәйгеден тұратын көп­күндікте «Астананың» жеті велошабандозы бақ сынайды. Олар – Аллан Дэвис (Ав­с­тра­лия), Максим Иглинский, Максим Гу­ров, Валентин Иглинский, Томас Вайткус (Литва), Сергей Ренев, Евгений Не­пом­ня­щий. Бұл көпкүндікте команда мүшелері Аллан Дэвиске жұмыс жасауы керек. Мак­сим Иглинский де көлеңкеде жүрмес. Ал Томас Вайткустің өзінің спринтерлік қа­бі­лет­терін паш етуі ғажап емес. Read the rest of this entry →

  • «Қазақстан оқушылары» атты 42-ші көпкүндік веложарыс басталды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 8 Август 2011 в 1:04, author: Sake
    • Views: 2 689.

    «Қазақстан оқушылары» атты 42-ші көпкүндік веложарыс басталды. 14 тамызға дейін жалғасатын мәртебелі жарсқа еліміздің 137 жас спортшысы қатысуда, деп хабарлады ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен. Өскеменде жалауын көтерген шара барысында Қазақстан мен Өзбекстанның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары бір апта бойы 100 шақырымдық бес топтық жарыста, 50 шақырымдық критериум жарыста және 25 шақырымдық жеке жарыста бақ сынайды. Read the rest of this entry →

  • Александр ВИНОКУРОВ: Өз мүмкіндігімді толықтай жүзеге асырдым деп ойлаймын

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 5 Август 2011 в 11:15, author: Sake
    • Views: 3 169.

    «Тур де Франс» көпкүндігіне барғанымызда велоспорт әлеміне мейлінше танымал жерлесіміз Александр Винокуровпен тілдесудің амалдарын қарастыра бастадық. Ол Ниццадағы үйінде емделіп жатыр. Ал біз велоспортшылар қайда барса, солардың соңындамыз. Сәті түсер емес. Әйтсе де соңғы кезеңдік жарыс қарсаңында Қазақстаннан барған бір топ журналиске жолсерік болып, жөн сілтеп жүрген Сергей Яковлевтің арқасында Винокуровпен де тілдескен едік. Read the rest of this entry →