Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Қайтқан жұлдызда береке бар

    6 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 3 Август 2011 в 1:24, author: Sake
    • Views: 2 908.

     Есімі велоспорт әлеміне кеңінен танымал Қазақстан дүлдүлі Андрей Кашечкин «Астана» сапына қайта оралды.

    Дүйсенбі күні Монакода «Астана» клубы арнайы баспасөз мәжілісін өткізді. Онда Андрей Кашечкиннің Қазақстан клубы сапын толықтырғандығы мәлімденді. Андрей 2010 жылдың екінші жартысында Италияның Lampe клубымен келісім-шартқа отырған. Негізгі мақсаты биылғы «Тур де Франс» көпкүндігінде бақ сынап, осы аламан бәйгеде өзінің деңгейі жо­ғары дүлдүл екендігін дәлелдеу еді. Алайда Италия клубы, негізінен, өз елінің вело­шабандоздарына мүмкіндік беріп, соларға жағдай жасап, Кашечкин тасада қалып қойды. Сондықтан Андрей өз елінің велоклубына қайта оралды. Ол Қазақстанның брендіне айналған велоклубпен 2013 жылға дейін келісімшартқа отырыпты. «Астана» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сенсек, биыл­ғы жылдың аяғына дейін көк тиын да алмай, тегін өнер көрсетпек. Ал оның Lampe клубымен қалай есеп айырысқаны әзірше ашық айтылмай отыр. Мұнымен Кашечкиннің адвокаты айналысып жатқан сыңайлы. Read the rest of this entry →

  • «Bike for Peace» ұйымы тамыздың 6-сы мен 29-ы аралығында Қазақстанда велосаяхат ұйымдастырады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 3 Август 2011 в 1:23, author: Sake
    • Views: 2 871.
    конституция
    Норвегиялық «Bike for Peace» ұйымы үстіміздегі жылдың тамыздың 6-сы мен 29-ы аралығында Қазақстанда велосаяхат ұйымдастырады.

    Бұл ақпаратты аталған ұйымның баспасөз қызметі таратып отыр. Read the rest of this entry →

  • Муравьев «Астанаға» қайта оралмақшы

    6 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 3 Август 2011 в 10:23, author: Sake
    • Views: 2 800.

    Тағы бір қуанышты хабар: I-News.kz сайты "Муравьев "Астанаға" қайта оралмақшы" деген айдармен мақала беріпті. "Шабантоздың қайта оралуы қаңтар айына жоспарланған. Өзінің кәсіпқой спортшы жолын Муравьев "Астана" командасында бірнеше жылдан кейін аяқтамақшы" деп түйіндейді сайт. Толығырақ http://sports.kz/news.php?type=small&id=0000045783&st=0000000026 оқи аласыздар.
     
    Енді ресми хабар күтеміз, ағайын!

  • Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 2 Август 2011 в 12:40, author: Sake
    • Views: 2 950.

     Танымал қазақстандық велошабандоз Андрей Кашечкин «Pro Team Astana» командасына оралады, деп хабарлады ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен.

    Федерацияның атап өтуінше, дүйсенбі күні Монакода А.Кашечкин «Pro Team Astana» велокомандасының менеджментінен шақыру алғандығын және қазақстандық командаға ауысуға дайындалып жатқандығын жария еткен. Сонымен қатар ол итальяндық «Lampre» командасымен арадағы келісімшарттың аяқталғандығын, ал «Pro Team Astana» командасымен келісімшарт жасасуға айтарлықтай кедергілер туындап отырмағандығын мәлімдеген. Read the rest of this entry →

  • Валентин Иглинский қырсыққа тап болды

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2011 в 10:20, author: Sake
    • Views: 2 909.

    Францияның жол сақшылары «Астана» велокомандасының шабандозы Валентин Иглинскийді жүргізушілік куәлігінен уақытша айырды. Оқиға Ниццаға бара жатқан жолда болған. Спортшы көлік жылдамдығын шамадын тыс арттырған. Тексеру барысында ол алкогольдік ішімдікке тойып алған және апиын пайдалануы мүмкін деген ақпарат таратылып отыр. Осы оқиғаның мән жайын білу үшін «Астана» командасының спорттық директоры Дмитрий Седунға хабарласқанымызда, спорттық маман аталған іске қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтындыған айтты. Иглинскийдің жылдамдық арттырғаны рас, алайда ішімдікке сылқия тойып алғаны және наркотикалық затты тұтынғаны жалған деді. Және осыған көз жеткізу үшін «Астана» клубының өкілдері спортшыны жергілікті госпитальдің біріне апарып сынама алып үлгерген екен. Кейін мәлім болғандай тексеріс барысында спортшыдан 0.64 миллиграмм көлемінде ғана алкагольдің жұрнағы табылыпты. Ал апиын пайдаланды дегені өтірік болып шықты. Енді жалған ақпарт бойынша «Астана» клубы сотқа шағымдана алады. Алайда оған тест нәтижесінен кейін кіріспек. Read the rest of this entry →

  • Петропавлда Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш өтті

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2011 в 10:17, author: Sake
    • Views: 2 894.
    Александр-Винокуров
    Петропавлда белгілі қазақстандық велошабандоз, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, халықаралық санаттағы спорт шебері Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш болып өтті.

    Солтүстікқазақстандықтар өз жерлестерін мақтан тұтады. Read the rest of this entry →

  • «Астана» велошабандозын Ницца полициясысы тұтқындады

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 28 Июль 2011 в 12:42, author: Sake
    • Views: 2 576.

    Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Валентин Иглинский тас жолда жылдамдықты асырғаны үшін Ницца полициясысы тұтқындады, деп хабарлайды Астана командасы фанаттарының сайты француз БАҚ-тарына сілтеме жасап. Read the rest of this entry →

  • «Астана» әлемдік рейтингтте — 14ші орында

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 28 Июль 2011 в 12:33, author: Sake
    • Views: 3 054.

    Халықаралық велоспорт одағы өзінің ресми сайтында жаңа әлемдік рейтинг кестені жария етті. Бұрынғы позициясынан үш саты төмен сырғыған отандық  велоклуб “Астана” жаңа тізімде 14-орынға орналасқан. Read the rest of this entry →