Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Мартинелли: Көріп – білген веложарыстардың ішіндегі ең қиыны осы болды.

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 22 Март 2012 в 11:16, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 892.

    Астананың жаңа маусымдағы алғашқы жеңісі!

    Каталония Турының үшінші кезеңінде Яни Брайкович Михала Голас (OPQ) пен Микаеля Шереланы (ALM) артқа тастап, мәре сызығын бірінші болып кесті.  Жарыс жолы ауа райының қолайсыздығынан  біршама өзгеріске ұшырап, 55 шақырымға қысқартылған болатын.

    Джузеппе  Мартинелли: “Бәйге барысындағы  қиындықтарға төтеп беріп, шабандоздар өздерінің нағыз батыр екендігін дәлелдеді.  Жарыс жолы жаңбырмен басталып, арагідік  қарға ұласып жатты.  Бүгінгі жарыс менің жадымда  қалған жарыстардың ішіндегі ең ауыры болды ғой деймін.  Мен өзімнің қуанышымды барлық спорттық басшылармен, барлық шабандоздармен, команданың әр бір қызметкерімен бөліскім келеді.  Бұл Яни Брайковичтің жеңісі, бірақ бұл жеңіс барлық команданың да  жетістігі. Биылғы маусымда 5 мәрте  тұғырға көтерілдік, енді міне жеңіс тойына куә болып отырмыз.  Бүгінгі жеңісіміз  маусым барысында командалық рухымызды көтеріп,  бір мақсатқа жұмыла кірісуге әсер етеді дегенді сеніммен айта аламын”

    "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен 

  • Туған күніңмен, Каш!

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 21 Март 2012 в 10:54, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 103.

    «Астана»  командасының шабандозы, Қазақстандық  Андрей Кашечкинді «меншікті» мерекесімен құттықтаймыз.  Бүгінде Испанияның  Каталония турында команда намысын қорғап жатқан Каштың жолына үмітпен қарап отырған жанкүйер аз емес. Жеңіс үшін аянып қалма!   Бастысы, сәттілік!

  • Каталония туры. Астана мақсаты — жеңіске жету!

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 17 Март 2012 в 10:46, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 838.

    Астана саңлақтары жалпы есепте және кезеңдік сындарда  жеңіске жетуге бел буды.

    Яни Брайкович: Мақсат жалғыз – мәреге бірінші келу

    Pro Team Astana  Volta Ciclista a Catalunya көпкүндігінде маусым басынан уысымызға түспеген жеңіске қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Менеджер Джузеппе Мартинелли  мен  спортттық директор Дмитрий Седун басшылық ететін команда құрамына бабы келіскен  Яни Брайкович, Франческо Гавацци, Паоло Тиралонго мен Роберт Кисерловскилер енген.  Жеке сын болсын, жалпы есеп болсын жеңіске қол созуға шама – шарқы мен қауқары жететін велошабандоздар.
    Read the rest of this entry →

  • ҚАЗАҚ ВЕЛОСПОРТЫНЫҢ МАРЖАНЫ

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 17 Март 2012 в 12:09, author: Dina Iskakova
    • Views: 4 048.

    Маржан Байтілеуова – Азия чемпионы! Қазақ қызының шайтанарбамен құстай жүйткіп, сары құрлықты мойындатады деп ойламаған Алаш жұрты. Тіпті, біз үшін қыздар арасындағы бәйгелерде Қазақстанның жалауы желбірейді деудің өзі арман еді. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын әлгі Ресей жұртынан Зүлфия Забированы алдырдық. Басшылар «Атлантада алтын алды» деп әспеттеген болар. Бірақ Забированың бітіргені шамалы. Тек Дохадағы Азия ойындарында күміс медаль алды демесеңіз… Бірақ көрер қуанышымыз бар екен. Маржанның Азия чемпионатында оза шауып, алтын медаль алған сәтінде қазақ жұрты бөркін аспанға атты…

    Маржан Азия чемпионатында. Малайзия, 2012 жыл

    Read the rest of this entry →

  • Александр Винокуров Coppi e Bartali велобәйгесінде өнер көрсетеді

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2012 в 11:06, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 691.

    Қазақстан мақтанышы командалық әріптестері Понци, Зейц және   Кессяковпен  бірге велосипед ершігіне отырады

    Ақпан айында уәде етілгендей Александр Винокуров италия жолдарымен өтетін  Settimana Internazionale di Coppi e Bartali көпкүндігіне қатысатын болды. Бұл жарыс оның  2010 жылы  Джиро д'Италия  велокөпкүндігінен кейінгі Италияға қайта оралуы. Естеріңізде болса, ол сол жылы жеңімпазға тиесілі қызыл күлгін жидеге бес күн иелік еткен болатын.

    Астананың спорттық директоры Александр Шефер  команданың  Коппи және Бартали көпкүндігі алдындағы  шама - шарқына бағасын берді. «Менің ойым, Понци мен Зейц осы жарыста көзге түсуі тиіс, оған екеуі де қол жеткізе алады. Симоне кезеңдік жарыстарға көңіл бөлсе, Андрейдің діттегені жалпы есептің қорытындысында үздік атану.  Ал Винокуровтың алдына қойылған мақсат біреу, ол кеше ғана қалыпқа келу  жоспарының кезекті сатысын бағындырды, сондықтан ол бүгінгі күні  әріптестерінің биіктен көрінуіне тер төгеді. Қоржындағы мол тәжірбиесімен бөліскеннің өзі  жастар үшін таптырмас көмек. Атақты велошабандоздың әріптестеріне көмек қолын созуға асыққаны мақтауға тұрарлық».

    Read the rest of this entry →

  • Үмітсіз шайтан

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2012 в 9:57, author: Dina Iskakova
    • Views: 4 136.

    Ертең Pro Team Astana Еуропадағы UCI World Tour дың үшінші кезеңі саналатын Милан – Санремо велобәйгесінде жарыс жолына шығады. Әлемнің кіл мықтылары жиналатын додада команды басшылығы  Александр Шеферге сеніп тапсырылды.

    Жарыс алдында Александр Шефер команданың алға қойған мақсаттарымен бөлісті: «Біздің шабандоздардың жарысу мәнеріне қарап, оларды  велобәйгенің көшбасшылары деп айту қиын, бас жүлдеге талас  азулы спринтерлер арасында өрбитінін де білеміз. Жалғыз капитанымызды тізімге қоспағанымыздың себебі де осы, бірақ команда қалыптасқан дәстүрден жаңылмай, Франческо Гавацци, Энрико Гаспаротто, Максим Иглинскийге  бағы мен бабын сынап көруге мүмкіндік беруді жөн санады.  Жарыс көрігін қыздыруға қауқарымыз жетеді, бәйге барысында талай жүйрікке қарсылас атанып, тізгінді қолға алуға тырысып көреміз. Мақсатымыз мәре алдындағы таласты күшейту, пелотонды бөле жарып, жолымыз болып жатса,  мәреге алғашқылардың бірі болып келетін үздіктердің қатарынан көрінуге барымызды саламыз. Мықтылар Санремо мәресінде бізбен санасуы тиіс.»
    Read the rest of this entry →

  • Жанкүйер әзілі

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 15 Март 2012 в 12:08, author: Dina Iskakova
    • Views: 6 414.

    Жақында Астанада өткен Тәуелсіздіктің  20 жылдығына арналған карикатуралар көрмесінде Илья Ильин мен Александр Винокуровқа арналған карикатура суреттер қойылыпты. Өкінішке қарай   автордың  кім екенін біле алмадық. Сол шамға тимес шарждарды бүгін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

    Александр Винокуров

     
    Read the rest of this entry →

  • Туған күніңмен, Маржан!

    4 комментария
    • Filled in News in Kazakh 12 Март 2012 в 6:26, author: Dina Iskakova
    • Views: 4 172.

    Малай елінде өткен Азия чемпионатында  алтыннан алқа таққан қазақ қызы Маржан Байтілеуованың   бүгін туған күні.  Елің мен халқыңды абыройға бөлейтін жеңістерің көп болсын!!!