Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • «Астана» сайты қазақ тілінде ақпарат таратады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 20 Февраль 2013 в 9:55, author: Аlik
    • Views: 2 980.


    «Астана» велокомандасы команданың ресми сайтында қазақ тілді парақшаның ашылғанын хабарлайды. Бұған дейін сайт тек ағылшын, француз және орыс тілінде ақпарат таратып келген.

    http://proteam-astana.com/kz/
    сайтының оқырмандарына күн сайын барлық веложарыстардан толыққанды ақпаратпен, жарыс нәтижелерімен, «Астана» шабандоздарының жарыстан тыс өмірінен қызықты материалдармен
    команда басшыларымен арнайы сұхбатпен танысуға мүмкіндігі бар.

    Сайт 2013 жылғы жарыс маусымының алғашқы күнінен ақпарат релиздерін қазақ тілінде жария етіп келді. Жақын арада сайт бетіндегі барлық бөлімдер қазақ тіліне аударылып, техникалық жұмыстар аяқталысымен, сайт қазақ тілді жанкүйер мен спортсүйер қауым үшін толыққанды жұмыс жасай бастайды.

    «Астана» велкомандасының бас менеджері Александр Винокуров, мемлекеттік тілде ақпарат тарататын парақшаның ашылуы ел велоспортының қарқынды дамуына жасалған маңызды шара екендігін айтты. Read the rest of this entry →

  • Happy New Year Everybody!

    10 комментариев

     

    Жаңа жылыңыз құтты болсын!

     

    Happy New Year!

     

    С Новым Годом!

  • Жаңа жылыңызбен!

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 30 Декабрь 2012 в 10:44, author: cgb
    • Views: 4 642.

    Hello Folks!

    Жаңа жыл құтты болсын! (Jaña jıl quttı bolsın!)
    Жаңа жылыңыз құтты болсын! (Jaña jılıñız quttı bolsın!)
    Жаңа жылыңызбен! (Jaña jılıñızben!)
    Жаңа жылмен! (Jaña jılmen!)
    (Happy New Year)

  • 2013 ж. Pro Team Astana велокомандасының презентациясы

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 30 Ноябрь 2012 в 4:08, author: Starlights
    • Views: 3 248.

    2013 жылғы  "Астана Про Тим" велокомандасын еліміздің астанасында қарсы алыңыздар!

    Велокоманданың тұсаукесері 13 желтоқсанда 17.00-де "Сарыарқа" Республикалық велотрегінде өтеді.

    Ұйымдастырушы: Қазақстанның велоспорт федерациясы.

    Бағдарлама

    00.05 - 12 -13 желтоқсан аралығында, Астана халықаралық әуежайында команданы қарсы алу кездесуі өтеді.
    15.00 - 16.00 - жанкүйерлермен кездесу.
    17.00 - Ресми презентация
    18.00 - Сергей Курдюковтың қатысуымен ток-шоу

    PS. Қатысам деген жанкүйерлер сайтта тіркелуі керек. Өтініште жанкүйерлердін аты - жөні, телефон нөмірі,e-mail,тұратын каласының аты жазылуы керек. Осы айтылған мәліметтерді info@astanafans.com. электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Анықтама телефон нөмірі: +7 701 935 60 75

  • Александр Винокуров «Қазақстан» Ұлттық арнасында

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 17 Сентябрь 2012 в 4:29, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 738.

    Бүгін, сағат 22-45 те, Қазақстан Ұлттық арнасының эфирінде "Өзекжарды" бағдарламасынан көз жазып қалмаңыз! Бағдарлама қонағы атақты велошабандоз, Лондонда қазақ елінің қоржынына алғашқы алтынды салған саңлағымыз Александр Винокуров!
    Read the rest of this entry →

  • АЛТЫН ҰЛЫМ!

    5 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2012 в 10:39, author: Dina Iskakova
    • Views: 5 243.

    Үміт едің, жеңіс болып жалғастың,
    Енді саған жыр арнауға талмаспын.
    Мықтыларды шаң қаптырып кеттің сен,
    Александр! Алтын ұлым! Алғашқым!

    Шаршадың-ау, арғымағым, ал тыным,
    Енді тірлік тигізбесін салқынын.
    Қолда барда қадіріңді білермін,
    Қола да емес, күміс те емес… Алтыным!

    Сүріндіре алмады ғой бүгін сын,
    Күншілдердің көкірегі тілінсін!
    Туымызды желбіреттің биіктен,
    Үшінші емес, екінші емес… Біріншім!

    Таныттың-ау көк байрақтың тың күшін,
    Қазақ енді қуанышқа сүңгісін!
    Алаш атын танытқаның – мәртебе,
    Соңғысы емес, ортаңғы емес… Тұңғышым!

    Бақыт болар – жанарыңда жүзсе мұң,
    Болашаққа енді, қазақ, түз сенім!
    Сары алтынды сыйға тартқан сарбасым,
    Атыңды айтып мақтанамыз біз сенің!

    Нұрислам Құспанғали

  • «ТУР-ДЕ-ФРАНС» ҚЫЗЫҚТАРЫ РУСЛАН МЕДЕЛБЕКІҢ РЕПОРТАЖЫНДА

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 21 Июль 2012 в 1:09, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 437.

    АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ

    «ТУР-ДЕ-ФРАНС» ҚЫЗЫҚТАРЫ РУСЛАН МЕДЕЛБЕКІҢ РЕПОРТАЖЫНДА - Alaman.kz

    Әлемдегі теңдесі жоқ «Тур де Франсты» өз көзіммен көру бақыты бұйырды. «Турдың» 16 кезеңі По қаласынан бастау алды. Франция елінде қазір күн ыстық. 36 градустық ыстықта велошабандоздар 193 шақырымдық бәйгеге шықты.

    ҚЫЗЫҚ КЕРУЕН

    Велошабандоздар жарысты бұрын жанкүйерлер алдынан жарнамалық керуен шығады. Әлемге танымал берндтер мен француздардың компаниялары көз тартарлық жарнамалары арқылы халық назарын аударуға тырысады. Әлем көз тіккен жарыста өз өнімдерін көрсету – үлкен мүмкіндік емес пе? Велошабандоздардан бұрын өтетін қызық керуенде нан өнімдерінен бастап, көзілдірік шығаратын, газет басатын, шоколад дайындайтын компаниялардың барлығы бар. Төменде сол керуеннен бір-екі кадр…

    Read the rest of this entry →

  • «ТУР-ДЕ-ФРАНС». СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕН КҮТЕРІМІЗ КӨП

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 21 Июль 2012 в 12:47, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 929.

    АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ БАЛАЛАРЫМЕН БІРГЕ

    «ТУР-ДЕ-ФРАНС». СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕН КҮТЕРІМІЗ КӨП - Alaman.kz

    Францияға табан тіредік. Сегіз сағаттың әуе жолымен Германия айналып, Тулузаға жеттік.

    Франкфурт қаласы бізді бұлтты райымен қарсы алды, Әуежайдағы бес сағаттық үзілістен кейін Францияны бетке алып, Тулузаға түстік. Кейін Еуропадағы католиктердің орталығының бірі саналатын Лурд қаласына табан тіредік. Ал «Тур де Франста» бақ сынап жатқан «Астана» командасы По қаласында бір күндік демалыста екен. Бірден команда орналасқан базаға бет алдық.

    Команда тынығып жатыр. Негізгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындардың да уақыты келіп жетті. Командадағы Роберт Кисерловски жарақат алыпғ жарысты аяқтапты. Ал «таулы жарыстың королі» атағына үміткер Кессякофф тынығып жатыр деген соң онымен сұхбаттаса алмадық. Есесіне, Максим Иглинский мен Александр Винокуровпен жүздестік. Виноны қолдауға Монакодан қос ұлы да келіпті арнайы. Сашаның әкесі де жүр бұл маңда…

    Винокуров айтады: «Команданың нәтижесі жаман емес. Алдағы шешуші кезеңдерде барымызды саламыз. Әрине, Кисерловскидің жарақаты командағы соққы болды. Бірақ бір кезеңді ұтуды және Кессякофф киген таулы король атағын қорғап қалу үшін барымызды саламыз. Ал өз басым, соңғы кезеңдердің бірінде топ жарсам деймін».

    Команда мүшелерінің көңіл күйі жақсы. Ертең «Турдағы» қиын кезеңдердің бірі… Бұл кезеңнен арнайы толыққанды репортаж күтіңіздер…

    Read the rest of this entry →