Сәттілік бізге жолдас болды
-
- Views: 2 702.
Келесі кезең мүмкіндігін мүлт жібермеуге тиіспіз
2012 жылғы Giro d’Italia – ның ең ұзақ кезеңі Ассизи мен Монтекатини Терме арасында өтіп, жалпы қашықтық 255 км құрады. Мәреге талас спринтерлер тобы арасында өрбіді. Көмбеге бірер шақырым жақындап қалғанда, биылғы жарыстың әдетті қырсығы дегенін істеп, пелотондағы шабандоздар құлап қалды.
Команда Спорттық директоры Александр Шефер: «Жолымыз болды. Жігіттеріміз құлаудан аман, жалпы бүгінгі күн айтарлықтай тыныш өтті десе болады. Понци бәйге басында баска команданың шабандоздарымен пелотонды артқа тастап кеткен. Бірақ топтық спринттен үмітті Скай мен Рабобанк пелотонды алға сүйреп, «қашқындарды» қуып жетті. Понцидің күшін далаға шашпау мақсатында, оны негізгі топқа қайта шақырып алдық. Келесі кезең басқашы болуы мүмкін, алға озып шыққандардың еңбегі еш кетпеуі тиіс. Біз өз кезегімізде өз шабандозымыздың солардың қатарында болуын қадағалаймыз. Нәтижесінде, кезең мәресінде жеңіске таласуға жағдай жасалады».
«Pro Team Astana» баспасөз -релизінен
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply