КРОЙЦИГЕР МЕН ТИРАЛОНГО ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

    • Filled in News in Kazakh 14 Май 2012 в 3:34, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 674.

    Астана шабондаздарын бұл жетістік тоқтатпақ емес.

    Сульмона мен Лаго Лачена арасында өткен Giro d’Italia –ның 8 кезеңі 229 шақырымға созылып, жалпы есепке айтралықтай өзгертулер енгізген жоқ. Қызыл- күлгін жиде иегерінен 15 секунд артта қалған Паоло Тиралонго үшінші сатыда. Кешегі күні тауға көтерілуде «Астана» ойдағыдай өнер көрсетіп, Кройцигер мен Тиралонго мәреге жеткен алғашқылардың қатарында болды.

    «Астананың» Спорттық директоры Александр Шефер: «Ең алдымен Поццовиводы жарыс барысында көрсеткен тамаша өнерімен құттықтағым келеді. Соңғы мәрелік көтерілуде команда пелотон басында болды. Нәтижесіз шабуылдарға ат салыспадық, бұл сол уақытқа Кройцигер мен Тиралонго үшін ең тиімді шешім болатын. Поццовиво шабуылынан соң мықтылардан құралған топтың құрамында болдық. Жылдамдық жоғары болғанымен, Поццовивоны қуып жету мүмкін болмады. Хесьедаль ілесе алмай, жеңімпаз жидесіне иелік етуге болар дегенбіз, алайда бұл ойымыздан түк шықпады.

    Роман өз бабында екенін байқатты. Джиро мәресінен үміттілер арасындағы топ ішінде болды. Келесі кезеңде тізгін спринтерлік командалар қолында болуы тиіс. Біз өз кезегімізде күшімізді жинақтауға тырысамыз. Джироның басталғаны кеше ғана, алайда дем алуға мүмкіндік беретін күндер, біз қажет еткендей көп емес».

    "AstanaProTeam"  баспасөз - релизінен 

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание