Нағыз тартыс енді басталады

    • Filled in News in Kazakh 11 Май 2012 в 12:24, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 980.

    Модена-Фано кезеңінің діттегені жарыс сипаттамасын көргендерге айқын болатын,  жалпы есепке түзету енгізе қоймайтын спринтерлер теке-тіресі.   Pro Team Astana шабандоздары кезеңді жоспар бойынша аяқтады. Басты мақсат Роман Кройцигердің пелотон басындағы орнын сақтап, оны жайсыз жағдайлардан қорғау болатын.

     Команда менеджері Джузеппе Мартинелли өткен кезеңге бағасын берді: «Бүгін айтарлықтай оқиғалар бола қойған жоқ. Кезең спринтерлік болатын, сондықтан негізгі салмақ спринтерлік командаларға түсті. Кезең соңына қарай тізгінді өз қолымызда ұстауға тырыстық, себебі пелотондағы ахуал біршама жүйке жұқартатындай болатын. Күні бойы пелотон басында көріндік. Діттегеніміз Роман Кройцигерді жайсыз жағдайлардан қорғау еді» 

    Бүгін велошабандоздарды  210 шақырымға созылатын  Урбино-Порто Сант-Эльпидо кезеңінде 3 –ші категоряға жатқызылған үш және екінші  санаттағы бір тауды бағындыру   күтіп тұр. 

     Спорттық директор Александр Шефер алдағы жарыс күніне өз ойын білдірді: « Бұл кезеңде көп нәрсе өзгереді.  Толық  құрамдағы  пелотон да,  пелотон басындағы жайлы орындарға таласып жатқан шабандоздарда байқалмау керек.  30-40 шабандоздан құралған шағын топтың арасындағы спринт орын алуы мүмкін. Жүйкеге әсер етер кезең болғалы тұр, сондықтан ұтымды тұстарымызды орынды пайдаланып, кезең барысын өз  бақылауымызға алуға тырысамыз.  Әдеттегідей Роман Кройцигерге жұмыс жасаймыз. Әйтседе, мәреде жүлдеге таласар Понци мен Гаспароттодан жағымды жаңалық күтуге болар». 

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание