Жан алысып, жан берісетін кезеңге кезек келді
-
- Views: 2 736.
Червини мәресі дүбірлі доданың жеңімпаздарын айқындап береді
Джироның ең қысқа кезеңі деп танылған кешегі күн топтық спринтпен аяқталып, жалпы есепке айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ. Дәл бүгінге Джироның бас қасында жүргендер, назарларын 2000 метр биіктікте орналасқан Червиния таушаңғы шипажайында аяқталатын кезеңге аударған. Бұған қоса, 206 шақырымға созылған кезеңдік жарыста тағы бір таулы көтерілу - Col de Jeux ты бағындыруы тиіс.
Александр Шефер алдағы кезеңге көзқарасын білдірді: "Ертең нағыз Джиро басталады десем, артық айтқаным емес. Миланда жеңіс тұғырына көтерілетін жалғыздың есімі анықтала қоймас, бірақ біз жеңіске таласуға шамалары жетпейтініндерді білетін боламыз. 20 км созылған мәрелік көтерілу аламанның алдағы бет бейнесіне айтарлықтай өзгеріс енгізеді. Кезең барысында басты фавориттер бәйгені өз бақылауында ұстары сөзсіз. Жарыстағы ең бірінші күрделі мәре болғандықтан команда капитандары көмбеге 3 км қалғанға дейін таласқа түсе қоймас, бұған дейін олар бір бірлерінің жоспарын білу мақсатында барлауға көшеді. Айла тәсілдерін ұтымды пайдалана білгені қарсыластарын шаң қаптырады".
Кераско мен Червиния арасындағы кезеңнен соң шабандоздарды тағы бір таулы мәре күтіп түр. Бусто-Арсицио – Лекко/Пиани де Резинелли кезеңдік жарысынан соң командаларды Джиродағы екінші әрі соңғы демалыс күні күтіп тұр
"Pro Team Astana" баспасөз - релізінен
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 3 комментария
-
Leave a Reply
бүгінгі кезең көптеген сұрақтар туғызды. Сенген серкеміз үмітті ақтай ала ма?
Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді
Жумысыңызға көп рахмет Дина. Шет елде жүріп велоспорт туралы қазақша оқу мүмкіндігі екі есе қуантады )))