Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • МОРЕНО МЕН ҚОЖАТАЕВ ҮЗДІК ЖИЫРМАЛЫҚТА

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2015 в 8:28, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 406.

    photo_scanferla_119X3124

    Түркия турының 165 шақырымдық үшінші таулы кезеңі Кемер қаласы мен Елмалы таулы аймағының арасын құрады. Турдың корольдік кезеңінде италиялық Давиде Ребеллин (CCC) жеңіске жетті. "Астана" сапынан Мигуэль Морено Лопес мәреге 19-шы болып келсе, Бақтияр Қожатаев 20-орын алды. Read the rest of this entry →

  • БАҚТИЯР ҚОЖАТАЕВ: «КҮШІМІЗДІ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРГЕ САҚТАП ОТЫРМЫЗ»

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2015 в 2:57, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 643.

    ROB_9032

    Түркия турының алғашқы екі кезеңі аяқталды. Әзірге британиялық спринтер Марк Кэвендиш топ бастап тұр. «Астана» командасының шабандоздарының арасында Руслан Тілеубаев ТОР-20 ішінде. Ол екі кезеңнен кейін 17 сатыға жайғасқан.  Назарларыңызға Түркия турына қатысып жатқан спортшылардың жарыс жайлы пікірін ұсынамыз. Read the rest of this entry →

  • ТҮРКИЯ ТУРЫ-2015. БІРІНШІ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (ВИДЕО-БЛОГ)

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2015 в 12:53, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 1 934.

  • ТҮРКИЯ ТУРЫ-2015. КЭВЕНДИШ ЕКІНШІ КЕЗЕҢДІ ДЕ ҰТТЫ

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 27 Апрель 2015 в 9:04, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 000.

    20150427_MS_TOT_003

    Түркия турының Алания мен Анталья қаласының арасын жалғайтын 185 шақырымдық екінші кезеңін тағы британиялық Марк Кэвиндиш ұтып алды. «Астана» сапынан ең үздік нәтижені Руслан Тілеубаев көрсетті — 22 орын. Read the rest of this entry →

  • «Катюша» кәсіби клубы «Алматы Туры 2014» веложарысына қатысады

    No Comments
    Фото www.katushateam.com

    Фото www.katushateam.com

    Ресейдің "Катюша" кәсіби велокомандасы халықаралық біркүндік жарыс "Алматы Туры 2014" жарысына қатысатындығын растады. Бұл жөнінде жарыс ұйымдастырушыларының бірі, "Қазақстанның спорттық технологиялары" компаниясының бас директоры Арнур Ибраев мәлімдеді.

    - "Катюша" командасының басшыларымен бірнеше аптадан бері келіссөздер жүргіздік. Бүгін команданың бас менеджері, танымал велоспортшы, үш дүркін олимпиада чемпионы Вячеслав Екимовтың өзінен жарысқа қатысамыз деген жауап алдық. Бұдан бөлек, команда басшылығы Қазақстанда жоғарғы деңгейдегі жарысты өткізу идеясын қолдайтындығын жеткізді.

    «Катюша» велокомандасы Әлемдік тур санатындағы жарыстарға қатысып жүрген танымал ұжым. Биылғы маусымның өзінде команда шабандоздары халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарда жиырмадан астам жеңіске жетті.  "Катюша" мәртебелі көпкүндік "Тур де Франс" велобәйгесінің кезеңдерінде, «Милан – Сан-Ремода» тұғырға көтерілді.

    Read the rest of this entry →

  • Алматы әлемдік деңгейдегі кәсіби велошабандоздарды қабылдауға дайындалып жатыр

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2014 в 5:52, author: Editor
    • Views: 2 207.

    touralm

    2014 жылы 5 қазанда Алматыда тас жолдағы велоспорттан  «Алматы Туры-2014» әлемдік деңгейдегі кәсіби біркүндік жарыс өтеді. Еуропа, Азия мен АҚШ велошабандоздары Алматы тас жолында өз-ара мықтыны анықтайды.

    Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) былтыр өткен алғашқы жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғарғы бағасын беріп, «Алматы Турының» санатын   1.1 деңгейіне көтерген болатын. Бұл дегеніңіз UCI ережесіне сай  жарысқа жоғарғы дивизионда өнер көрсететін кәсіби командалар да қатысып, бағын сынай алады.

    Жарыс ұйымдастырушыларының бірі, «Қазақстанның спорттық технологиялары» компаниясының директоры  Арнур Ибраев өз сөзінде: «Әлемдік деңгейдегі «Katusha», «Sky», «Trek Factory», «Movistar», «Omega Pharma – Quick-Step» сынды мықты командалармен және өткен жылғы жарыс қатысушылары   «Bardiane Valvole», «CCC Polsat», «Team La Pomme Marseille» велоұжымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті.

    Биыл спортшылар әр қайсысы 31 шақырымнан тұратын алты айналмалы жолды жүріп өтуі тиіс. Яғни, Алматы шаһарында өтетін критериум жарысының жалпы қашықтығы 186 км құрайды.

    Read the rest of this entry →

  • «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК тәрбиеленушісі болған Пернебеков Ерланның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 18 Март 2014 в 11:07, author: Zenith
    • Views: 2 864.

    DSC0247 DSC0298i

     

    «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК –ның, тәрбиеленушісі болған, озық шабандоздардың бірі болып, жүлделі орындарға ие болып жүрген спортшымыз Пернебеков Ерланның қайғылы түрде, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, ұжым атынан қайғыра көңіл айтамыз.

     

    Ерте кеттің нөр жүзіңнен әр таймай

    Заңсыздық қой өлу деген қартаймай

    Арман қалды, ой қалды, өксік қалды

    Кете бардың бір ауыз сөз тіл қатпай

    Жатқан жерің жайлы, жаның жанатта болсын!

    «Велоспорт бойынша олимпиадалық

    даярлау орталығы» РМҚК –ның әкімшілігінен. 

  • Велокоманда «Астана» поздравляет казахстанцев с Новым Годом

    4 комментария