Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Менің шәкірттерім әлі-ақ таңдандырады

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 15 Июнь 2012 в 12:07, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 034.

    "Ұлан" басылымында жарыққа шыққан "Астана-2" велокомандасының бас менеджері Дмитрий Седунмен сұхбат.


    2006 жылдан бері біз  «Астана» велокомандасының табыстарына бой үйретіп алдық. «Джиро д’Италия», «Тур де Франс», «Вуэльта» сияқты даңқты көпкүндіктерден алған несібеміз де  аз емес. А.Винокуров, М.Иглинский, А.Кашечкин, А.Дьяченко, Р.Зейтц, т.б. отандастарымыздың әрбір табысы бізді қанаттандырады. Ал осы кәсіпқой командаға ізбасарлар қайдан және қалай таңдалады? Өткен жылы «Астана» про-командасының жанынан құрылған «Астана құрлықтық командасы» («Континенталь тим Астана» немесе «Астана-2») осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін сияқты. «Астана-2» командасының бас менеджері Дмитрий Седун мырзамен осы құрлықтық команда жайлы әңгімелескен едік.

    –  Бұл жоба көп жылдан бері ойластырылды, – дейді Д.Седун.  – Өйткені, «Астана» про-командасына өз елімізде тәрбиеленген велошабандоздарды тарту, оларды өсіру – біздің басты мақсатымыз. Түрлі мүмкіндіктерді қарастырып көрдік. Өткен жылы жазда «Астана» командасы жанынан құрлықтық команда құру туралы ойға бекідік те, оны «Самұрық-Қазына» басшыларына, ҚР велоспорт федерациясы басшыларына айттық. Олар да бірден қолдады. Мұндай команда құру өте қиын жұмыс, айтуға ғана оңай. Тәуекелге мініп, тамыз-қыркүйек айларында қолға алдық. Бұрынырақта елімізде «Капек» құрлықтық командасы болды. Оның ұзақ ғұмыр сүрмегені өкінішті. Егер ол команда қазір де бар болса, «Астана-2-ні» құрудың қажеті де болмас еді.

    Ұлан: «Астана-2» командасына қарапайым ауыл баласы мүше бола ала ма?

    Дмитрий Седун: Болады, неге болмасын? Алыс ауылдардың балалары ең алдымен велоспортпен айналысып, ауылда, аймақта, ауданда, облыста өтетін жарыстарға қатысуға тиіс. «Мені іздеп тауып алсын» деп үйінде отыра берсе, оны ешкім көрмейді. Жас талант өзін көрсете білуге тиіс. Жақында Қазақстан чемпионатына барамын. Сонда жаттықтырушылармен сөйлесіп, болашағы бар балаларды қалам ұшына іле кетемін.
    Read the rest of this entry →

  • «Джиро» таңдай қақтырады

    4 комментария
    • Filled in News in Kazakh 5 Июнь 2012 в 6:49, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 836.

    Қазақстан велоспорт федерациясы мен "Астана" велокомандасы ұйымдастыруымен "Джиро дИталия" додасына барып қайтқан Есей Жеңісұлының мақаласын назарларыңызға ұсынамын. Мақаланың толық мәтінін "Ұлан" газеті -нен  оқи аласыздар.

    Жолсапар

    Әуелі «Аллаға шүкір» айтайық. Италияға, «Джиро д’Италия» сынына аман-сау барып қайттық. Жер көрдік, ел көрдік. Айналайын «Астана» велокомандасы Италияның ең биік нүктелерінің бірінде – Пампеаго тауында туымызды желбіретті, абыройымызды асқақтатты. Ең бастысы, қанша спортты жазып жүрміз десек те, әр спорттың ішіне кірмей, өз ерекшелігін сезінбей тұрып, төрелік айтуға болмайды екен.

    Милан қаласының «Мальпенза» әуежайынан басталған велоспорт жайлы әңгімеміз Аппенин түбегінен кетер-кеткенше жалғасты. Біздің жолбасшымыз болған «Астананың» кешегі велошабандозы, бүгінгі сервис-менеджері Максим Гуровтан көп жайға қанықтық. 

    Ұлан: «Джиро д’Италия», «Тур де Франс», «Вуэльта» сияқты көпкүндіктер несімен қадірлі? Тіпті бұл сындар олимпиадалардан да жоғары бағаланып жатады ғой…

    Максим Гуров: Олардың қадірлі болатыны – бай дәстүрінде. Мысалы, «Джиро д’Италия» 1909 жылдан бері өткізіліп келеді, бір ғасырдан астам уақыт ішінде өзінің бай тарихын, дәстүрін, ерекшелігін қалыптастырды. Осы үш көпкүндіктің жоқ дегенде біреуін ұтып алған шайтанарбашы велоспорт тарихында мәңгі қалады. 1990 жылдары Мигель Индурайн Франция турын бес рет ұтты, «Джиро д’Италияның» екі дүркін чемпионы болды, олимпиадада да топ жарды. Демек, мүмкіндігіңе сай көпкүндіктер жеңімпаздығына да, олимпиада биігіне де ұмтылуға болады. Бірақ Индурайн, Армстронг, Контадор, Ульрих сияқты дарабоз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Велоспортшылардың көпшілігі осы атақты үш «турдың» бір кезеңін ұтудың өзін арман етеді.

    Ұлан: Демек, «көпкүндікші» болу, «спринтер» болу, «өршіл» немесе «жазықшыл» болу еңбекке ғана емес, талантыңның қай жағы басым екеніне байланысты ғой?
    Read the rest of this entry →

  • ДЖИРО – 2012: Күнделік. IIІ – бөлім.

    6 комментариев
    • Filled in News in Kazakh 2 Июнь 2012 в 11:59, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 638.

    20 кезең аяқталысымен Миланға тарттық.  Сәнқойлардың жұмағына айналған қала шетіндегі "Мираж" қонақүйіне "Астана" командасымен бірге тоқтадық. Біз келгенде кеш болатын,  шабандоздарды көре алмадық. Ал ерте таңертең механиктердің  үйреншікті жұмысының үстінен түстік. Read the rest of this entry →

  • ДЖИРО – 2012: Күнделік. II – бөлім.

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 2 Июнь 2012 в 11:07, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 097.

    26.05.2012   20-шы кезең. Кальдес Валь ди Соле - Пассо делло Стельвио

    Кальдес Валь ди Соледен бастауын алған бүгінгі кезең  Стельвио  тауына дейін  218 шақырымға созылды.  Максим Гуровпен ақылдасқаннан кейін,  бүгін сөреге бармастан,  жігіттерді жолдан күтіп алып, қолдау көрсетейік деп ұйғардық.   Шабандоздарды бір жарым сағаттай күту керек болды. Жол бойындағы кафелердің біріне бас сұғып біріміз Қазақстанға жіберетін ақпаратымызды реттеп, біріміз Максимді сұрақ астына алдық.


    Read the rest of this entry →

  • ДЖИРО – 2012: Күнделік. I – бөлім.

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 1 Июнь 2012 в 2:29, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 889.

    24.05.2012.  18 – кезең.  Сан-Вито-Кадоре - Ведельяго

    Қазақстандық бір топ журналист, барлығы 10 адам, Қазақстан  велоспорт федерациясы мен «Астана» велокомандасының қолдауымен Италия жеріне табан тіредік. Мақсатымыз Джиро дИталияда өнер көрсетіп жатқан «Астана» велоұжымына ақпараттық қолдау көрсетіп, жанкүйер болу. Миланға жергілікті уақытпен түстен кейін  сағат төрттер шамасында жеткенімізбен, өтіп жатқан «Джиро» көпкүндігінің  18-кезеңі аяқталғанда жеттік. Миланнан  Ведельягоға дейін әжептәуір жол жүрдік. Мыңдаған шақырымды  артқа тастап келген журналистер небәрі үш жүз  шақырымдық жолға шыдамсыздық танытты. Онысы түсінікті да, барымыз мәреге асығыспыз. Елден кеткенде, он жетінші кезеңде «Астананың» жалпы есепте топ жару мүмкіндігі сынаптай сусып бара жатқанын көрген едік. Алайда Джироның ең қысқа кезеңі деп бағаланған бүгінгі жарыс жоспарланған уақыттан ерте аяқталып қойды. Италияда бізге жолбасшы болған қазақстандық велошабандоз Максим Гуровқа өтініш айтып, команда тоқтаған қонақүйге апаруын сұрадық.


    Шопыр бала - Люиг.

    Біз келгенде, «Астана» командасының техникалық қызметкерлері, бірі шайтанарбаны жуып, бірі сым – тетігін майлап әлек екен. Шабандоздардың өзі тынығуға бөлмелеріне аттаныпты.


    Команданың спорт басшылары бас қосқан жиналыстан жаңа шыққан Дмитрий Седунды сөзге тарттық. Білгіміз келгені  – тым жақсы келе жатқан команданы  аяқтан шалған не қырсық? Read the rest of this entry →

  • PRO TEAM ASTANA ПАССО ДЖИАУДЫ БАҒЫНДЫРУҒА ДАЙЫН

    4 комментария
    • Filled in News in Kazakh 23 Май 2012 в 9:32, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 561.

    Бүгінгі күн  айтарлықтай тыныш өтті, алда  Кортина ДАмпеццода мәреге жететін таулы кезең

    Демалыс күнінен соң пелотон  Лимоне суль Гарда мен  Пфальцен арасында өткен сынды айтарлықтай баяу өткізуді жөн көрді. Кезеңдік жеңімпаз алға ұзап кеткен шабандоздар арасынан анықталды. Мәреге бірніші болып негізгі топтан  9 минут алда болған баск өкілі Изагирре келді. Шабандоздардың басым бөлігі  келесі кезеңге, яғни екеуі бірініші және екінші санатқа жатқызылған төрт биіктікті бағындыруы тиіс. Мәре Кортина д’Ампеццода.

    Спорттық директор Александр Шефер алдағы кезеңдегі жоспармен бөлісті: “Ертең біраз күш жұмсайтын кезең болғалы тұр. Сөреден өтер өтпес көтерілуді бағындырсақ, одан бөлек төрт таулы жолымыз бар. Тегіс жол жоқ десе де болады. Кезең  14% градиент асуы бар бұрылыстан және Кортина тауынан аса қауыпты төмен  түсуден тұрады, және   Пассо Джиауға көтерілумен аяқталады. Бұл кезең өзіне  аса көңіл бөлуді талап етеді.   Бас жүлдеден үміттілер арасындағы тартыс бола қоймас, себебі соңғы көтерілуден кейін мәреге дейін 20 шақырымдай жол болады. Ал көшбасшылар жума мен жексенбі арасында өтетін соңғы кезеңдерде бабы мен бағын сынайды”.

    "Pro Team Astana"  баспасөз-релизінен

  • Кройцигер мен Тиралонго Джироның соңғы аптасына сақадай сай

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 22 Май 2012 в 10:05, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 710.

    Өткенге баға беріп, бүгінді саралауға кеткен демалыс күні

    Giro d’Italia-ның  қызығы мен қиындығы қатар өрілген он екі кезеңі артта қалып, велошабандоздар көптен күткен демалыс күніне де жетті.  Бұл ең алдымен, жарыстың өту барысына баға беріп,  алдағы Лимоне суль Гарда кезеңі мен Миландағы мәреге дейінгі жолды алаңсыз  жоспарлауға берілген  мүмкіндік.

    «Астана»  капитаны Роман Кройцигер: “Команданың көрсеткен нәтижесі айтарлықтай жаман емес. Қоржынымызда Тиралонгоның кезеңдік жарыстағы жеңісі бар, екеумізде жалпы есептің жоғарғы сатысындамыз.  Ал көшбасшыға келер болсақ,  онымен арадағы уақыт алшақтығы аз ғана, әзірге қызыл-  күлгін жидені Родригес пен Хесьедаль алма кезек иықтарына жауып жатыр.

    Алда жауапты апта, ешкімге оңай болмасы анық, бірақ біздің команда бірлігі жарасқан ұжым. Бізді Милан төріндегі мәреге алып келуге себепкер болатын  таулы жолдар қиындығына дайынбыз. Жақсы нәтиже көрсете аламыз деп ойламыз.  Әрине жолда кездесер қырсықтарды  ойдан шығармау тиіс. Біздің өнерімізге әсер ететін басты фактор ауа райының қолайсыздығы,   салқын әрі жаңбыр жауып тұрған кезде қиындық екі еселене түседі, жалғыз маған ғана емес, барлық шабандоздар осы күйді бастан кешеді.  Алдағы жарыс жолдарының сипаттамаларына қарап, мынау маған ыңғайлы деп айта алмаймын. Егер сен өз бабыңда болсаң, кез келген тауға көтерілулер оңай болуы ықтимал, сондықтан әр күн сайын өзімнің бабыма бақылау жасаймын, аяқтың шамасын да байқау қажет. Егер барлығы ойдағыдай болып жатса, барымды салып, аянып қалмасым анық».  

    Read the rest of this entry →

  • ЖАУЫН – ШАШЫНДЫ ЧЕРВИНЬЮ КЕЗЕҢІ

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 20 Май 2012 в 10:32, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 871.

    Жеңіске үміттілер айқындалуға жақын

    Джироның салмағы мен ауыртпалығы ауыр кезеңі шабандоздарды жауын- шашынды салқын ауа –райымен қарсы алды. Коль де Жу мен Червиниді бағындырған кезеңдік жарыс жеңімпазды анықтаудағы тартысты қыздыра түсті.

    Спорттық директор Александр Шеффер кезең барысына бағасын берді: «Алғашқы 50 шақырымда командалардың бір қатары, өз шабандоздарын «қашқындар» қатарына қосуға тырысып бақты. «Катюша», «Ликвигаз» бен «Лямпре» жарыс тізгінін қолда ұстап, шабандоздар қарқынын бақылауға алған. Коль де Жуды Ликвигаз шабандоздарымен бірге өттік. Қарсыластарымыздың шабуылдарына тосқауыл болу мақсатында жылдамдық жағынан олардан қалысқанымыз жоқ, қарқынымыз да бір қалыпты болған. Тек Рухано мен Кунегоны жіберіп қойдық. Нағыз тартыс соңғы шақырымдардағы Хесьедаль шабуылдарынан соң орын алды. Read the rest of this entry →