Үмітсіз шайтан

    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2012 в 9:57, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 866.

    Ертең Pro Team Astana Еуропадағы UCI World Tour дың үшінші кезеңі саналатын Милан – Санремо велобәйгесінде жарыс жолына шығады. Әлемнің кіл мықтылары жиналатын додада команды басшылығы  Александр Шеферге сеніп тапсырылды.

    Жарыс алдында Александр Шефер команданың алға қойған мақсаттарымен бөлісті: «Біздің шабандоздардың жарысу мәнеріне қарап, оларды  велобәйгенің көшбасшылары деп айту қиын, бас жүлдеге талас  азулы спринтерлер арасында өрбитінін де білеміз. Жалғыз капитанымызды тізімге қоспағанымыздың себебі де осы, бірақ команда қалыптасқан дәстүрден жаңылмай, Франческо Гавацци, Энрико Гаспаротто, Максим Иглинскийге  бағы мен бабын сынап көруге мүмкіндік беруді жөн санады.  Жарыс көрігін қыздыруға қауқарымыз жетеді, бәйге барысында талай жүйрікке қарсылас атанып, тізгінді қолға алуға тырысып көреміз. Мақсатымыз мәре алдындағы таласты күшейту, пелотонды бөле жарып, жолымыз болып жатса,  мәреге алғашқылардың бірі болып келетін үздіктердің қатарынан көрінуге барымызды саламыз. Мықтылар Санремо мәресінде бізбен санасуы тиіс.»

    Спорттық директор Александр Шефердің басшылығымен жарыс жолына шығатындар

    Франческо Гавацци
    Максим Иглинский
    Энрико Гаспаротто
    Якопо Гуарниери
    Дмитрий Муравьев
    Дмитрий Груздев
    Борут Бозич
    Симоне Понци

    "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание