Александр Винокуров Coppi e Bartali велобәйгесінде өнер көрсетеді

    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2012 в 11:06, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 528.

    Қазақстан мақтанышы командалық әріптестері Понци, Зейц және   Кессяковпен  бірге велосипед ершігіне отырады

    Ақпан айында уәде етілгендей Александр Винокуров италия жолдарымен өтетін  Settimana Internazionale di Coppi e Bartali көпкүндігіне қатысатын болды. Бұл жарыс оның  2010 жылы  Джиро д'Италия  велокөпкүндігінен кейінгі Италияға қайта оралуы. Естеріңізде болса, ол сол жылы жеңімпазға тиесілі қызыл күлгін жидеге бес күн иелік еткен болатын.

    Астананың спорттық директоры Александр Шефер  команданың  Коппи және Бартали көпкүндігі алдындағы  шама - шарқына бағасын берді. «Менің ойым, Понци мен Зейц осы жарыста көзге түсуі тиіс, оған екеуі де қол жеткізе алады. Симоне кезеңдік жарыстарға көңіл бөлсе, Андрейдің діттегені жалпы есептің қорытындысында үздік атану.  Ал Винокуровтың алдына қойылған мақсат біреу, ол кеше ғана қалыпқа келу  жоспарының кезекті сатысын бағындырды, сондықтан ол бүгінгі күні  әріптестерінің биіктен көрінуіне тер төгеді. Қоржындағы мол тәжірбиесімен бөліскеннің өзі  жастар үшін таптырмас көмек. Атақты велошабандоздың әріптестеріне көмек қолын созуға асыққаны мақтауға тұрарлық».

    Александр Шефер бастаған команда құрамы

    Александр Винокуров
    Фредрик Кессякофф
    Дмитрий Фофонов
    Танел Кангерт
    Евгений Непомнящий
    Симоне Понци
    Кевин Зельдреерс
    Андрей Зейц

    "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание