Каталония туры. Астана мақсаты — жеңіске жету!

    • Filled in News in Kazakh 17 Март 2012 в 10:46, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 633.

    Астана саңлақтары жалпы есепте және кезеңдік сындарда  жеңіске жетуге бел буды.

    Яни Брайкович: Мақсат жалғыз – мәреге бірінші келу

    Pro Team Astana  Volta Ciclista a Catalunya көпкүндігінде маусым басынан уысымызға түспеген жеңіске қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Менеджер Джузеппе Мартинелли  мен  спортттық директор Дмитрий Седун басшылық ететін команда құрамына бабы келіскен  Яни Брайкович, Франческо Гавацци, Паоло Тиралонго мен Роберт Кисерловскилер енген.  Жеке сын болсын, жалпы есеп болсын жеңіске қол созуға шама – шарқы мен қауқары жететін велошабандоздар.

    Велобәйге алдында Джузеппе Мартинелли команда жоспарымен бөлісті: “Біз жарыс жолына жақсы құраммен шығамыз, оған мен де, команда да күмән келтірмейді.  Бұған дейінгі аламандарда тұғырдағы жүлделі орнымызды жеңіске айырбастайтын  уақыт жетті. Янидің діттегіні – Каталонияда жеңіс тойын тойлау. Ал кезеңдік жарыстарда  Тиралонго, Гавацци мен  Кисерловски мәреде бірінші болуға барын салады.  Осы құраммен кезеңдік жарыстардың барлығында  мақсатымызға жетуге терт төгуге дайынмын”.

    Команда тізгінін ұстаған Джузеппе Мартинелли мен  Дмитрий Седун  сегіз велошабандозға сенім артты:

    Яни Брайкович
    Роберт Кисерловски
    Франческо Гавацци
    Паоло Тиралонго
    Александр Дьяченко
    Андрей Кашечкин
    Егор Силин
    Сергей Ренев

    "Pro Team Astana"  баспасөз - релизінен

     

     

     

     

     

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 20 Март 2012, 15:57:

    Кешегі 1-ші турда Астанадан ешкім бұлқынып шыққан жоқ. Бұл турнир да орындалмаған үмітке айналмаса еді.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание