Pro Team Astana Льеж-Бастон-Льеж мәртебелі велододасында айды аспанға шығарды

    • Filled in News in Kazakh 23 Апрель 2012 в 1:22, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 553.

    Pro Team Astana үшін тағы бір ұмытылмас күн! Гаспароттоның Амстел Голд Рейстегі тамаша жеңісінен соң Астана Льеж-Бастон-Льежде бар қарсыласын шаң қаптырды. Максим Иглинский тұғыр биігінен қол бұлғаса, Энрико Гаспаротто мәреге үшінші келді.

    “Мен өте бақыттымын! Бұл менің спорттық ғұмырымдағы ең маңызды жеңіс! – дейді Максим Иглинский – Гаспароттоның жеңісінен соң командамыздың қол жеткізген тамаша жетістігі бұл. Соңғы шақырымда Нибали алдымда болған сәтте, тек екінші орынға таласа алармын деген ой келген. Біршама уақыттан соң Нибалиді қуған жалғыз атандым. Ал соңғы көтерілуде оны басып озып, артқа тастауға бар мүмкіндігім бар екенін сезіндім. Жылдамдығымды үдетіп, мәреге жалғыз өзім келдім. Винокуровқа ерекше ризашылығымды білдіргім келеді, бүгін таң ерте телефоныма қоңырау шалып, мені жеңіске жетелеген жақсы бір кеңесімен бөліскен еді, жігерімді оятты”.


    Энрико Гаспаротто да өз ойымен бөлісті: “Команда, алдына қойылған мақсатқа бір жұдырықтай жұмыла кірісті. Бәйгенің алғашқы бөлігінде бар дарынын, жинаған күші мен тәжірбиесін командалық жұмысқа жұмсаған әріптестеріме алғысым шексіз. Өзіміз ойлағандай шешуші сәт Roche aux Faucons те орын алды. Бұл уақытта, команда мүшелерінен – мен, Максим Иглинский мен Роберт Кисерловски үшеуміз қалған болатынбыз. Аянып қалмай, бір бірімізге қолдау көрсету нәтижесінде бүгін тұғырдан көріндік. Өзімнің көрсеткішіме көңілім толады. Барымды салдым, тіпті колымнан келмейтін дүниені жасағандаймын, түғырда тұру жоспарымда болмаған еді. Маским Иглинскийді үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтағым келеді, ірі жеңісі құтты болсын!”

    Спорттық директор Гуидо Бонтемпи: “Соңғы үш додадан Гаспаротто мен Иглинский қол жеткізген екі жеңісті еншіледік. Бұдан бөлек Флешь Валлонда Роберт Кисерловскийдің 5 орныда тамаша жетістік. Бұл ең алдымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды мақсат еткен команданың бірлігін көрсетсе керек. Біздің шабандоздар жеке бас абыройы үшін емес, команда жеңісі үшін барын салатын саңлақтар”.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    #1 by Zhake Kazakhstan on 25 Апрель 2012, 23:54:

    Бұл Макс үшін де, біздің басқа жігіттер үшін үлкен серпіліс. Енді жеңістер үсті үстіне келер деп үміттенеміз

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание