Батырдың құрметіне арналды

    • Filled in News in Kazakh 24 Апрель 2012 в 1:25, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 516.

    http://www.aikyn.kz - сайтынан

    Өткен жұма-жексенбі күндері «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ту­ризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында велоспорттан жастар және ересектер арасында «Халық қа­һар­маны», полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған рес­пуб­ликалық жарыс өтті.

    Жарысты ұйым­дастырушылар -велоспорт түрін дамыту, халық арасында бұқаралық спорт­ты кеңінен насихаттау, спортшыларды отансүйгіштікке, батырлыққа, ептілікке тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп, шара­ға еліміздің Ақтөбе, Батыс Қазақ­стан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы мен Алматы облысы, Жамбыл облысы, сондай-ақ көрші жат­қан Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласынан барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты. Сенбі күні жеке жарыс мәресін 18 шақырымда қиып өткен спортшылар, жексенбі күні критериум жарысы бойынша 37 ша­қырымда бақ сынады. Жарыс қо­рытын­дысында алғашқы 18 шақырым­дық жеке жарыста 22,19 минутта озып келген қызылордалық Берік Көпешов бірінші орынға көтерілсе, 22,53 минутта мәре сызығын қиған өзбекстандық спортшы Абдулла Акпаров екінші, 23,40 минутта төбе көрсеткен оңтүстік­қазақстан­дық велоспортшы Сұлтан Міралиев үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ критериум жарысы бойынша өзбекстандық Аб­дулла Акпаров 49 ұпаймен жүлделі бірінші орынға көте­рілді. 25 балмен оң­түстікқазақстандық Сұлтан Міра­лиев екінші, 15 ұпаймен ақтөбелік Сер­гей Борматенко үшінші орынды ие­ленді. Сонымен қатар ынталандыру жүл­десі бойынша 8 ұпаймен нәтиже көрсеткен тараздық Тимур Бейбітов жүлдегер атанды. Барлық жүлделі орын­­нан көрінген спортшылар ұйым­дастырушылар тарапынан тағайын­далған ақшалай сыйлықтарға ие болды.

    Ерман ӘБДИЕВ
    Тараз қаласы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание