Жанкүйер пікірі: Вуэльта-2011

    • Filled in News in Kazakh 18 Сентябрь 2011 в 3:31, author: Sake
    • Views: 3 174.

    ТДФ жарысы біткеннен кейін өз пікірімді мына мақалада https://astanafans.com/zhankujer-pikiri.html білдірген болатынмын. Сол үлгіден ауытқымай, жақында біткен Вуэльта көпкүндігі жөнінде бір-екі сөз айта кетуді жөн көрдім. Қауіпсіздік мәселесі Вуэльтада алдыңғы грандтурларға қарағанда алда болды деп айтуға болады. Шабантоздар арасында жарақат көп болған жоқ, ал пелетондағы жаппай құлау көбінесе спортшылардың өз кінәсінен болды деуге болады. Соған қарамастан бұл да жеңіл серуен болмады. Алдыңғы мақалада айтқан «ұлылыардың ұлысы да екі турнирді қатар жеңуге жағдайы жоқ» деген пікір мұнда да дәлелденді. Сарапшылар бәйгені шаппай беріп қойған жігіттердің бір де бірі жеңіс тұғыры түгіл, жалпы есепте алдыңғы үштіктен де көріне алмады. Бір этаптың тауынан түсерде Нибали атақты «Ликвигаз пойызын» рельске қойып, жұрттың бәрін үрейлендірсе де, кейін тұралап шаршап қалды. Антонның қауқары жоқ екені бірінші аптада ақ белгілі болды. Байғұс өз отанындағы этапты алып жұбанды. Родригес екі этапты әдемі алғанымен, жалпы есепке әлі келмеді. Марқасқалардың ішінде ең сәтсізі Скарпони болса, ең табыстысы Меньшов деп айтуға болады. Жалпы есепте тек бесінші болса да, Денис дер кезінде өз командаласы Кобоның аяқ алысы өзінен едәуір жақсы екенін түсініп, қалған кезде одан бар көмегін аямады. Жалпы «Геокс» командасына жанкүйерлерінің де, демеушілерінің де ризашылығы мол болар. Кобо жеңімпаз, Меньшов бесінші болса, Састре де көштен қалған жоқ. Ал бұл ұжымның «Астанадан» айырмашылығы Про Турлық лицензиясының жоқ екенін, Вуэльтаға уайльд кард (арнайы шақыру) арқылы ғана қатысып отырғанын ескерсек, «Астана» жанкүйерлерінің онсыз да пәс көңіліне тағы бір көлеңке түсетіні анық. Ал «Астана» ше? Баяғы жартас бір жартас. Тур де Францта Вино ауыр жарақатына байланысты шығып қалып, бірнеше спортшыларымыз әр түрлі жарақаттар алып, толық қанды пәрмен көрсете алмады деп өзіміз өзімізді жұбатсақ, бұл жарысқа команда мүлде дайындықсыз келгенге ұқсайды. Жарыс алдында кенеттен командаға Кашечкин қосылып, бірден капитан деп жарияланды. Отандасымыздың қайта оралғанына қуанғанымызбен, бір жылдан бері жарыстарға жөнді қатыстырылмай, бабына келмеген спортшынының төрден бір шыққаны, келмей жатып ауызбен орақ орып, небір уәделер беріп тастағанына таңғалғанбыз. Бірақ шын мәніндегі көшбастар серке екенін күтпеген жерден Кесиякофф көрсетті. Талай қиын таулардан өтіп, үшінші орында тұрған Фредерик ауырып қалмағанда жарысты қалай аяқтар еді, кім білсін. Алғашқы аптада командаластарынан жарытып көмек те ала алмады. Алдыңғы мақалада «Б» жоспары біздің командада жоқ болды деп өкінсек, осы жолы «А» жоспары да жасалмаған ба деп ойлап қалдық. Бір де бір номинацияда мандытып қауқар көрсете алмадық. Біз жанымыз ашыған «Астананың» жағдайы енді не болар екен?

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Quote

    Геокстан басқа Скай туралы бұл жолы мақтау айтуға болады. Әуелбаста Брэдли Уиггинс үміткер болса, кейін Фрум жойқын қайрат көрсетті. «Б» жоспары деп осыны айт!!! Осындай тамаша командалық дайындықты көріп отырып қалай қызықпайсың, қалай ішің күймейді 😥

  • Quote

    Жәке айтса айтқандай!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание