«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды
-
- Views: 3 121.
«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды. Бұл туралы ол қазақстандық команданың ресми сайтында мәлім етті. «Биылғы «Вуэльта» барлық қырынан қиын болды. Бастапқыда алаңдайтындай ештеңе болған жоқ, бізде көшбасшы Фредрик Кесьякофф болды және мен оның жалпы классификацияда жоғары орын алатынына сенімді едім.
Алайда оның денсаулығы сыр берді. Біз кешегі күнгі кезеңде (сенбі, 20-кезең) екінші орын алып, тамаша аяқтадық. Дегенмен жасыратыны жоқ, менің көңілім толған жоқ. Алдымызда қиын маусым тұр. Енді мен өзімнің атыма түсетін сынды естуге дайынмын», - дейді Д. Мартинелли. Айта кетейік, кеше «Вуэльта» көпкүндігі өз мәресіне жетті. Онда «Астана» сапынан ең үздік көрсеткіш көрсеткен хорватиялық Роберт Кисерловски болды. Ол көшбасшы - испандық Хуан Хосе Кободан 13 минут 27 секунд қалыс қалып, бас классификацияда 18 орын алды. Командалық есепте «Астана» клубы 22 команданың ішінен 7-ші орынды иеленді.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 6 комментариев
-
Leave a Reply
Тур мен Вуэлтаны Мартинеллиге минусқа қоюға әбден болады. Қолынан келмеді
Мартинеллидің мінезі жұмсақ. Жөн сілтейтіндер бар қасында…
сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар 😀
Қазақта сөз бар ғой «қойшы көп болса, қой арам өледі» деген. Сондай тірлік орын алған ба деймін «Астанада». кімнің кінәлі екенін уақыт көрсетер. Бірақ бұл жолы басшылық оңбай қателескен сыңайлы. Былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің жағдайын бастарынан өткеріп жатқаны жай емес болар. Уақыт төреші не болсада 😀
Алдыңғы қойшылар аузы майлы кетті ғой, шетелде дөп дөңгелек есеп шоты, зәулім сарайы бар деп естиміз. Өгіздің терісі қанша кең десең де бір шегі бар ғой
даудың басы ақша мәселесінен басталғаны рас енді. Бұл сөзіңізбен келісуге болады. 😀