Джиро Италияға дайындық жалғасын табады

    • Filled in News in Kazakh 21 Апрель 2012 в 10:25, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 332.

    Pro Team Astana Романдия мен Түркия турына аттанды

    Алдағы жексенбі, сәуірдің 22- нен, келесі аптаның аяғы, сәуірдің  29- на дейін  Pro Team Astana мәртебелі екі дүбірлі додаға:  48- ші  Түркия Туры (22-29 сәуір) мен  66-шы  Романдия Турына (Швейцария, 24-29 сәуір)  қатысады. Екі велосын команда мүшелерінің  маусымның алғашқы көпкүндігі Джиро Италия алдындағы шама шарқын бағалап, бабын саралауға берілетін соңғы мүмкіндік.

    Команда менеджері Джузеппе Мартинелли: «Романдия туры Әлемдік турлар күнтізбесіне енген жарыс. Осының өзі бұл бәйгеге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Екінші жағынан, Giro d’Italia қарсаңында ұйымдастырылуы шабандоздардың бабын сынақтан өткізіп, гранд турға дайындық барысында қателіктер мен олқылықтарды түзеуге берілетін соңғы мүкіндік. Трентинодан жақсы көңіл күймен аттандық. Тауға шығудың қатыгез шарттарына қарамастан Роман Кройцигердің бүгінгі көрсеткіштеріне көңіліміз толады, ол екінші кезеңде жеңіске жақын болды. Романдияда оған бабына жақындаған Яни Брайкович көмек қолын созады, оның жақсы өнер көрсететініне сенемін».

    Осы мерзімде спорттық директор Александр Шефер команданың тағы бір құрамын Түркия Турына бастап шығады: «Өткен жылы Андрей Зейцтің тамаша жетістікке қол жеткізуінің арқасында қоржынға екінші жүлдені салған болатынбыз. Менің ойымша, Андрейдің де, Александр Дьяченконың да  жалпы есепте үздік көрсеткішке таласуға қауқарлары жетеді.  Сондай ақ Якопо Гурниериден де үмітім зор, ол мәрелік спринтте командаға жекелеген сындарың жеңісін әкелуі тиіс»

    Джузеппе Мартинелли мен Гуидо Бонтемпи Романдия турына келесі шабандоздармен жарыс жолына шығады:
    Роман Кройцигер
    Яни Брайкович
    Андрей Гривко
    Андрей Кашечкин
    Фредрик Кессякофф
    Евгений Петров
    Кевин Зельдреерс
    Паоло Тиралонго

    Түркия турында Александр Шеффер тізгінін ұстаған команда мүшелері:
    Александр Винокуров
    Асан Базаев
    Александр Дьяченко
    Дмитрий Груздев
    Якопо Гуарниери
    Валентин Иглинский
    Евгений Непомнящий
    Андрей Зейц

    "Pro Team Astana" баспасөз -релизі

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание