Астана Вуэльта -2011 ге қатысатындарды жария етті
-
- Views: 3 760.
Vuelta Испания – 2011 велододасына қатысатын тоғыз шабандоздың есімдері төмендегідей:
- Фредрик КЕСИЯКОФФ (SWE)
- Роберт КИСЕРЛОВСКИЙ (CRO)
- Андрей КАШЕЧКИН (KAZ)
- Александр ДЬЯЧЕНКО (KAZ)
- Энрико ГАСПАРОТТО (ITA)
- Хосеп ДЖУФРЕ (SPA)
- Танел КАНГЕРТ (EST)
- Андрей МИЗУРОВ (KAZ)
- Евгений ПЕТРОВ (RUS)
Команда менеджері Джузеппе Мартинеллидің велошабандоздарға қатысты айтқан мәлімдемесі: «Біздің дайындығымыз жаман емес, тізімдегі шабандоздардың 80 % Польша Турына қатысқандар. Таулы жолдарда талай мықтының сағын сындыруға қабілеті жетер Кесиякофф, Кисерловский, Мизуров және Кангерт сынды спортшыларымыз бар. Сондай ақ, 2011 жылғы маусымның жаңа есімі Андрей Кашечкинде жарыс жолына шығуға дайын. Андрей алдына үлкен мақсат қойған. Бұлардан өзге, бағы келіскен Энрико Гаспароттоны да айтар едім, оның кезеңдік жарыстардың бірінде жеңіске жетуге құлшынысы аз емес. Команда өз бабында, енді бағымыз қатар шапса, тартысты бәйге көрсетеміз дегенге сенгім келеді. Қатарда жанкүйер көзайымына айналған, көшбасшы Андрей Кашечкин бар (Vuelta -2006, үшінші орын).Қазақстандықтар оған үлкен сенім артып отыр. Тағы екі велошабандозымыз бар: Фредрик Кесиякофф (соңғы Австрия Турының жеңімпазы ) пен Роберт Кисерловский. Бәйге барысында осы үш үздіктің ішінен кімнің команданы алға сүйретер көшбасшы болатыны анықталады.»
Джузеппе Мартинелли, сондай ақ, команданың мақсаты жөнінде де айтып кетті: «Біздің мақсатымыз күн сайын мен мықтымын дегендерге абыройлы қарсылас атану, Қорытынды жалпы есепке келер болсақ үздік ондықтың, я болмаса, бестіктің қатарынан көрінуді жоспарлап отырмыз. Өткен Джиро д'Италияда қол жеткізген жетістігіміз үздік команда атануға да аянып қалмаспыз! Менің ойымша велодода алғашқы күннен жауапты болмақ, әсіресе уақыт үшін өтетін бәйге мен алғашқы кезеңдерде. Біз бұл ретте уақыттан ұтып, дүбірлі доданы жақсы көрсеткіштермен бастасақ па дейміз!»
«Астана» командасының Коммерциялық директоры Айдар Махметовта өз ойымен бөлісті: «Алдын ала болжау қиын ғой, әйтседе шабандоздарға артылған сенім үлкен. Команда сапына Андрей Кашечкиннің қосылғанына дән ризамын. Жақсы жетістіктерге жетеді дегенге үмітпен қараймыз. Сондай ақ Фредрик Кессякофф пен Роберт Кисерловски сынды жас шабандоздарымыздан да жеңіс күтеміз»
Вуэлта Испания велододасаның қарсаңында команданың коммерциялық қызметі «Астанамен» бірге команданың ыстығы мен суығына көнуге әзір жанкүйерлер үшін "VIP-билеттер"* қызметін ұсынады. Бұл маусымда коммерциялық қызметтің бастамасымен жанкүйерлер мен ақпарат құраладары үшін команда есігі айқара ашық. Айдар Махметов: «Расында да «Астана» командасы жанкүйерлер мен қолдаушылар үшін қол жетімді. Eurosport пен Euronews арналарында жүйелі түрде бейнебаяндар жарық көріп жатыр, «Астана» командасының күнделікті киетін "Barracuda"маркасының аяқ киімін сатылымға қойдық, кейінірек күнделікті киюге арналған "Aeronautica"маркасының киімдерін де ұсыну жоспарда бар. Сондай ақ "Pro Team Astana" брендін халықаралық деңгейде тіркеуге тұрғыздық. Бұны ең алдымен команда мен брендтің болашағын айқындауға бағытталған қадам деп бағалаңыздыр. Біздің мақсатымыз Астана брендін төрткүл дүниеге танымал ету. Бұл даму жолы біздің менеджментің атқарған шаруасына берілген баға болар. Команданы алға сүйреп, дамыта түсудегі еңбегіміз абыройлы болғай»
* VIP билеттер жөнінде толық ақпарат: talpa.astana@gmail.com
Перевод: Дина Искакова
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 2 комментария
-
Leave a Reply
Сайттың орысша нұсқасында Астана сапында кім капитан деген тақырыпқа қызу әңгіме басталып кетті. Кесякофф па әлде Кашечкин бе? Соңғы жігіттің Виномен қарым қатынасы қандай? Менің ойымша, бұның бәрі жақсылыққа әкеліп соқпайды. Астана командасының айналасында ылғи да бір алып-қашпа әңгімелердің көп болуы мені қатты қынжылтады.
«Түйенің үлкені таудан таяқ жейді» демекші, алдына үлкен мақсат қойған командаға назардың да көп болуы заңдылық. Бірақ менің ойымша, команда басшылығы жүйелі де жоспарлы жұмыс істеудің орнына ет қызуымен ұшқалақ шешімдер қабылдап қоятын сияқты
Өткенде ВИНО теледидардан дүйім жұрттың алдында өзінің велоспортпен қоштасатынын,енді ешқандай жарысқа қатынаспайтынын жариялаған болатын.Сол кезде біздер Виноның жанкүйерлері оның бұл айтқанына сенгіміз келмей,әлде де бірер жарысқа,соның ішінде әлем чемпионатына қатынасса жақсы болар еді деп үміттенген болатынбыз.Бірақ Саша одан кейінгі сұбхаттарында жарыстарға қатысуды біржолата қойғанын мәлімдеген болатын.Енді міне неге екені белгісіз (мөмкін Кашечкинің командаға қайта оралғанына байланысты ма)қайтадан жарысқа қатынасуға даярланатынын айтты.Әрине біз бір жағынан бұл хабарға қуаныштымыз,екінші жағынан UCI-мен арада шиеленіс болама деп қауіптенеміз.