ЛАНГКАВИ ТУРЫ-2016. ГУАРДИНИ — БІРІНШІ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ТІЛЕУБАЕВ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

    • Filled in News in Kazakh 24 Февраль 2016 в 5:25, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 3 057.

    Андреа Гуардини

    "Астана" командасының италиялық шабандозы Андреа Гуардини Малайзияда өтіп жатқан "Лангкави турының" бірінші кезеңінде жеңіске жетті. 

    Кангар және Валлинг қалаларының арасын құраған 166 шақырымдық кезеңді Гуардини 4:25,56 сағатта жүріп өтті. Екінші орынды австралиялық Брентон Джонс («Drapac Professional Cycling»), үшінші орынды италиялық Андреа Палини («SkyDive Dubai») иеленді. Жалпы есепте Андреа Гуардини көш бастап тұр. 159 шақырымдық екінші кезең, 25 ақпанда Сунгаи Петани және Джорджтаун арасында өтеді.

    • Гуардини бұл жарысқа алтыншы жыл қатарынан қатысып жатыр. Алғаш рет ол 2010 жылы қатысқан.
    • Андреа Гуардини 2011 және 2015 жылы да бірінші кезеңді ұтып алған.
    • Гуардини 2011 жылы бес, 2012 жылы алты кезеңде топ жарған.  Ол кезде Гуардини италиялық "Farnese Vini–Selle Italia" командасының шабандозы еді.
    • Гуардини осымен 19-рет "Лангкави турының" кезеңінде жеңіске жетіп отыр.
    • Қазақ велоспортшыларының ішінен Руслан Тілеубаев 2010 жылы бірінші кезеңде үшінші орын алған. Алайда Тілеубаев биылғы сынның бірінші кезеңінде иығын сындырып жарысты аяқтады.
    • "Астана" шабандоздары әзірге Малайзиядағы жарыста жалпы есепте жеңіске жетпеген.
    • Қазақстандық Дияс Өмірзақов Малайзиядағы жарысқа алғаш рет қатысып жатыр. Ол бірінші этапта 106-орын алды.
    • Гуардини ертең өтетін екінші кезеңде де фаворит саналады. Былтыр ол екінші кезеңде де мәреге бірінші келген.

    Андреа Гуардини

    Лопес

    Астана

    Андреа Гуардини

    Андреа Гуардини

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание