«АСТАНА» — LE TOUR DE LANGKAWI ФАВОРИТІ
-
- Views: 3 183.
24 ақпан Малайзияда велоспорттан жыл сайын өтетін «Le Tour de Langkawi» жарысы басталады. UCI 2.0H дәрежесіне енетін жарысқа «Астана» командасы да қатысады.
«Астана» командасынан Малайзиядағы сынға Андреа Гуардини (Италия), Лоренс Де Вриз (Бельгия), Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия), Руслан Тілеубаев, Дияс Өмірзақов және Арман Қамышев (бәрі-Қазақстан) келген.
Жарыс ұйымдастырушылар бұл сынның басты фавориті ретінде Мигель Анхель Лопес Мореноны атаған.
8 кезеңнен тұратын жарыс 1100 шақырымнан асады. Бұл көпкүндікке үш кәсіби велокоманда, сегіз кәсіби құрлықтық команда, он құрлықтық команда және Малайзия құрамасы қатысады.
Былтыр бұл жарысты MTN–Qhubeka командасының алжирлік шабандозы Юсуф Региги жеңіп алған еді. «Астананың» италиялық шабандозы Валерио Агноли жалпы есепте екінші орын алса, Андреа Гуардини төрт кезеңде жеңіске жеткен еді.
«Le Tour de Langkawi» жарысы 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply