ЛАНГКАВИ ТУРЫ-2016. ЛОПЕСТІҢ ВЕЛОСИПЕДІ СЫНЫП, ЛИДЕРЛІК ЖЕЙДЕДЕН АЙЫРЫЛДЫ

    • Filled in News in Kazakh 29 Февраль 2016 в 4:55, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 4 136.

    Лопес Морено

    Малайзияда өтіп жатқан «Лангкави турының» 6-кезеңінде «Астана» лидерлікті сақтап қала алмады.

    Путраджая және Рембау қалаларының арасын қосқан таулы кезеңнің негізгі бөлігінде «Астана» шабандоздары негізгі пелатонның басында болған. Бүкіл команда жалпы есепте көш бастап келе жатқан Мигель Анхель Лопес Мореноның сары жейдесін сақтап қалу үшін жұмыс жасады. Алайда мәреге алты шақырым қалғанда Лопес мінген велосипедтің дөңгелегі сынып, ол басты қарсыластарын алға жіберіп қойды. Ол жаңа велосипед ауыстырғанша 35 секунд жоғалтып алды. Және мәреге 63-орынмен келді. Жол бойы Лопеске жұмыс істеген басқа «Астананың» шабандоздары мәреге одан кейін келді. Осылайша, Лопес лидерлікті осы турдағы басты қарсыласы Рейнардт Ренсбургке (ОАР, «Dimension Data») лидерлік сары жейдені шешіп беріп, үшінші орынға сырғыды.

    Лопес

    Бұл жолы «Астана» техниканың кесірінен жеңілді.  Малайзиядағы жарыстың аяқталуына екі кезең қалды және екеуі де спринттік жазық жолда өтеді. Сондықтан, Лопестің сары жейдені қайтарып алуы қиын. Себебі Лопес таулы жолдарда мықты. Ал команданың үздік спринтері Андреа Гуардинидің қайта лидерлікке оралуы қиын.

    Соңғы үш жылда «Лангкави турында» дәл осы кезеңде сары жейдемен көш бастаған шабандоз жалпы есепте жеңіске жеткен. Демек, бұл шешуші кезең екенін бүкіл жарысқа қатысушы команда жақсы түсінген. Жарыс алдында басты фаворит саналған Лопес осылайша техниканың ақауынан басты жүлдені уысынан шығарып алды.

    Алты кезеңнен кейін «Астана» сапынан Андреа Гуардини үздік спринтерге берілетін жасыл жейдені сақтап қалды. «Астана» биылғы «Лангкави турында» осы жасыл жейдемен шектелуі мүмкін.

    1 наурыздағы жетінші кезең Серембан-Парит Сулонг қалаларын жалғайды. Бұл кезең Малайзиядағы жарыстың ең ұзақ қашықтықтағы (202 шақырым) болмақ.

    «Лангкави туры». 6-кезең.
    Putrajaya — Rembau. 147,6 шақырым

    1. Якуб Марежко (Италия, «Southeast — Venezuela») — 3:34:01
    2. Юрай Саган (Словакия, «Tinkoff») — +0:01
    3. Дилан Пейдж (Швейцария, «Team Roth»)

    63. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») — +0:35
    84. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») — +0:39
    97. Арман Қамышев (Қазақстан, «Астана») — +4:34
    109. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») — +7:54
    124. Диас Өміррзақов (Қазақстан, «Астана») — +12:24.

    Жалпы есеп:
    1. Рейнардт Ренсбург (ОАР, «Dimension Data») — 21:01.17
    2. Даниэль Алехандер Харамильо Диез (Колумбия, «UnitedHealthCare») — +0:11
    3. Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия, «Астана») — +0:12

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание