ЖАУЫН – ШАШЫНДЫ ЧЕРВИНЬЮ КЕЗЕҢІ
-
- Views: 2 835.
Жеңіске үміттілер айқындалуға жақын
Джироның салмағы мен ауыртпалығы ауыр кезеңі шабандоздарды жауын- шашынды салқын ауа –райымен қарсы алды. Коль де Жу мен Червиниді бағындырған кезеңдік жарыс жеңімпазды анықтаудағы тартысты қыздыра түсті.
Спорттық директор Александр Шеффер кезең барысына бағасын берді: «Алғашқы 50 шақырымда командалардың бір қатары, өз шабандоздарын «қашқындар» қатарына қосуға тырысып бақты. «Катюша», «Ликвигаз» бен «Лямпре» жарыс тізгінін қолда ұстап, шабандоздар қарқынын бақылауға алған. Коль де Жуды Ликвигаз шабандоздарымен бірге өттік. Қарсыластарымыздың шабуылдарына тосқауыл болу мақсатында жылдамдық жағынан олардан қалысқанымыз жоқ, қарқынымыз да бір қалыпты болған. Тек Рухано мен Кунегоны жіберіп қойдық. Нағыз тартыс соңғы шақырымдардағы Хесьедаль шабуылдарынан соң орын алды.
Өз шабандоздарымызды сөз қылсақ, Паоло Тиралонгоның жалпы есептегі үшінші орнына көңіліміз толады. Кройцигер суықпен болған күресте жеңіліс тапқанымен жеңімпазбен арадағы уақыт аса көп емес. Сондықтан оның Джирода жеңіске жетемін деген мақсатынан таятын ойы жоқ. Біз әлі де Миланда жеңіс тұғырынан көрінеміз деген сенімді жоғалтқан жоқпыз. Команда 100% Романға жұмыс жасайды».
"Pro Team Astana" баспасөз- релизінен
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 2 комментария
-
Leave a Reply
біздің жанкүйерлердің жүйкесі әбден жұқарды. Астана ешкімді де бейтарап қалдырар емес
«Команда 100% Романға жұмыс жасайды» — спорт директорларының мәлімдемелерінде жанкүйер көңіліне сенім уялатуға жетерлік салмақ бар. Үмітсіз шайтан ғана.