Алматылықтар велошабандоздарға қолдау көрсетті

    • Filled in News in Kazakh 25 Июль 2011 в 2:14, author: Sake
    • Views: 2 857.

    Кеше «Тур де Франстағы» велоспортшылар бәйгесінің соңғы күнінде алматылықтар тағы да велосипедке отырды. Осылайша әуесқой велошабандоздар өздерінің сүйікті спортшысы Александр Винокуровты демеп, оның көңілін сергітеміз деген ойда. Өйткені жарыс кезінде жарақат алған  «Астана» велокомандасының капитаны әлі аураханада жатыр. Винокуровты қолдауға келген алматылықтар демалыс күні таңғы сағат 9 -да барлығы бір кісідей жиналды. Велошеру Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысынан басталды. Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніне бет алған жанкүйерлердің арасында 8 жастағы баладан,70 жасқа таяған зейнеткерлер де бар. Оларға ешқандай көлік кедергі жасаған жоқ. Өйткені Алматы қалалық жол полициясы қызметкерлері Абай даңғылындағы көлік қозғалысын жарты сағатқа тоқтатып тастады. Шайтанарбамен 12 шақырым жүріп өткен алматылықтар өзінің сүйікті велошабандозы Винокуровтың тез айығып кетсін деген тілектерін білдірді.

    Ернар Оразбек - Алматы тұрғыны

    «Мен теледидардан көріп жатырмын,былай жанып күйіп жатыр.Жанкүйермін,тезірек жазылсын,жастар соған қарап ұмтылады.Винокуров тез жазылсын».

     Алматыдағы велошеруге француздың спортшылары да қатысты. Үш айдай бұрын Франциядан шықан екі саяхатшы Алматының үстімен Қытайға өтіп бара жатқан болатын

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание