ТҮРКИЯ ТУРЫ-2015. КЭВЕНДИШ ЕКІНШІ КЕЗЕҢДІ ДЕ ҰТТЫ

    • Filled in News in Kazakh 27 Апрель 2015 в 9:04, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 1 884.

    20150427_MS_TOT_003

    Түркия турының Алания мен Анталья қаласының арасын жалғайтын 185 шақырымдық екінші кезеңін тағы британиялық Марк Кэвиндиш ұтып алды. «Астана» сапынан ең үздік нәтижені Руслан Тілеубаев көрсетті — 22 орын.

    Алания қаласындағы сөреден шыққан шабандоздар 23 шақырымға дейін бірге келді. Тек Конаклы аймағынан асқан сәтте Caja Rural командасының өкілі испандық Луис Мас, руандалық Адриен Нионшути (MTN Qhubeka-ОАР) алға суырылып шыққан. Кейін 50 шақырымда бұл екі спортшыны италиялық Федерико Зурло (Ealthcare-АҚШ) мен бельгиялық Кевин де Мескаекер (Novo Nordisk-АҚШ) қуып жеткен. Алайда 87 шақырымда таласқа бельгиялық Фредрик Веичелен (Wanty-Бельгия) араласты. Бұл шақырымды Мас, Нионшути және Веичелен үштігі бірге аяқтады.

    Алайда мәреге 30 шақырым қалғанда Андреан Нуоншути үштіктегі орнын Федерико Зурло (Ealthcare-АҚШ), бельгиялық Кевин де Мескаекер (Novo Nordisk-АҚШ) және испаниялық Луис Масқа босатып берді. Алайда мәреге 10 шақырым қалғанда пелатон көш басындағы шабандоздарды қуып жетті. Кейін Etixx Quick Step командасының өкілдері лидерлері Марк Кэвиндишке жол ашып, берді. Ал Кэвиниш командаластарының еңбегін еш кетірмей мәреге тақар тұста басты қарсыластарын екі секундқа артқа тастап, өзінің Түркия турындағы екінші кезеңін ұтып алды. Бұған қоса, Кэвиндиш жалпы есептегі жағдайын да біршама жақсартып алды. Екінші кезеңде екінші орынды италиялық Саша Модоло (Lampre Merida) иеленсе, үштікті тағы бір италиялық Никола Руффоли (Baldiani) түйіндеді. «Астана» командасының сапынан Руслан Тілеубаев 22-орын алды. Ол бірінші кезеңді 15-орында аяқтаған еді.

    Арман Қамышев 34, Валерио Агноли 45, Мигель Морено 64, Дмитрий Груздев 69,   Даниил Фоминых 79, Бақтияр Қожатаев 89, Мақсат Аязбаев 124-орында аяқтады.

    P.S. Түркия турының ресми сайтына бірінші кезеңнен кейін әр минут сайын әлемнің 133 елінен 177 қолданушы кірген. Белсенді қолданушылардың қатарында Қазақстанда бар.

    Түркия турының үшінші кезеңі Кемер мен Элмалы қалаларының арасында өтеді. Әзірге екі кезеңнен кейін жалпы есепте Марк Кэвиндиш топ бастап тұр — 7 сағат 39.30 минут. Одан кейінгі орында Саша Модоло, үшінші сатыда Никола Руффони. «Астана» сапынан Руслан Тілеубаев 17-орында. Ал «Астананың» өзі командалық есепте төртінші орыннан 11-орынға сырғыды.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание