МОРЕНО МЕН ҚОЖАТАЕВ ҮЗДІК ЖИЫРМАЛЫҚТА
-
- Views: 3 371.
Түркия турының 165 шақырымдық үшінші таулы кезеңі Кемер қаласы мен Елмалы таулы аймағының арасын құрады. Турдың корольдік кезеңінде италиялық Давиде Ребеллин (CCC) жеңіске жетті. "Астана" сапынан Мигуэль Морено Лопес мәреге 19-шы болып келсе, Бақтияр Қожатаев 20-орын алды.
Кезең мәресі теңіз деңгейінен 1850 метр биіктікте орналасты. Бір қызығы, соңғы екі жылда осы таулы корольдік кезеңді ұтқан шабандоз Түркия турының жалпы есебінде де топ жарған.
Валерио Агноли, «Астана» командасының шабандозы (Үшінші кезең алдындағы пікірі)
«Астана» таулы кезеңдерде өзін көрсету керек. Мен, Мигель Морено және Бақтияр Қожатаев таулы кезеңдерде жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Алғашқы кезеңде команда өз алдына қойған мақсатты толық орындады. Енді таулы кезеңдерде барымызды саламыз.
Мәреге отыз шақырым қалғанда «Астана» шабандоздары пелатонды бастап, алға кеткен екі лидерді қуып жету амалын қарастырды. Лидерлер ресейлік Павел Врутт пен алжирлік Регуиги және пелатон арасын бар болғаны отыз секунд бөліп тұрды. Алайда мәреге он шақырым қалғанда «Астана» пелатон басында көш тізгінін қарсыластарына беріп қойды. Мәреге 43 жастағы италиялық Давиде Ребеллин (CCC-Польша) бірінші келді. Екінші орынды хорват Кристиян Джюрасек (Lampre-Merida) иеленсе, үштікті аргентиналық Эдуард Сепулведа (Retagne-Seche) қорытындылады. »Астана» сапынан колумбиялық Мигуэль Лопес Морено 19-орын алса, Бақтияр Қожатаев TOP-20 қатарына енді. Валерио Агноли мәре сызығын 33 болып қиды.
Жалпы есепте Ребеллин көш басына шықты. Екінші және үшінші орынды Джюрасек пен Сепулведа бөлісіп тұр. «Астаналық» Лопес Морено 18, Бақтияр Қожатаев 20-орында. Екі спринтерлік кезеңді ұтқан Марк Кэвендиш жалпы есепте 123-орынға сырғыды.
Кемер-Елмалы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply