Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Ұпайды күзде санаймыз

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 21 Октябрь 2010 в 3:27, author: Sake
    • Views: 2 989.

    Велоспорттан Италияда өткен Giro di Lombardia біркүндігі бүкіләлемдік «Про-тур» жарыстарының биылғы маусымдағы ең соңғысы екенін кеше жазғанбыз. Осы бәйгеден соң Халықаралық велосипедшілер одағы биылғы жылды қорытындылады.

    Read the rest of this entry →

  • «Астана» маусымды жеңіспен аяқтады

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 21 Октябрь 2010 в 3:26, author: Sake
    • Views: 3 097.

    Қытайда велоспорттан «Хайнань туры» көпкүндігі аяқталып, «Астана» клубының дүлдүлі Валентин Иглинский жалпы есепте жеңіске жетті. Read the rest of this entry →

  • Контадор кiнәлi ме?

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:56, author: Sake
    • Views: 2 732.

    “Тур де Франс” көпкүндiгiнiң жеңiмпазы, танымал испан велошабандозы Альберто Контадордың қанынан допинг қалдықтары табыл­ған . Бұл допинг сынақ биылғы “Тур­ де Франс” сынында алын­ған (21 шiлде). Испан спортшысы кленбутерол деген препаратты қолданды деп айыпталып отыр.

    Халықаралық антидопинг орталығы (ВАДА) Контадордың қанында пластификатордың көбейiп кеткенiн мәлiмдедi. Ал Контадор бұл дәрмектiң қанына тамақ ар­қылы түскенiн айтып отыр. ВАДА басшысы Франческо Ботре “кленбутеролды қолдану – қылмыстық iс. Сондықтан спортшыны ақтап алу қиын” деп мәлiм­дедi. Халықаралық велоспорт федерациясы әзiрге Контадор iсiне араласқан жоқ. Бiрақ Контадор алдағы өтетiн жарыстарға әзiрге жiберiлмей­дi. “Тур де Франс­та” үш мәрте топ жарған Контадордың атақтарына да “тиiскен жоқ”. Егер Альберто Контадор шынымен де рұқсат етiлмеген дәрi-дәрмек қолданғаны рас болса, онда “Тур де Франстың” биылғы жеңiмпазы болып, люксембургтық Энди Шлек танылады. Э.Шлек “Тур де Франс” көпкүндiгiнде Контадордан кейiнгi екiншi орынды иеленген-дi.  Read the rest of this entry →

  • Альберто Контадор: “Мен – құрбандықпын”

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:24, author: Sake
    • Views: 3 053.

    контадор

    «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы танымал испан велошабандозы Альберто Контадор қанынан допинг қалдықтары табылған .  Бұл допинг сынақ  биылғы «Тур де Франс» сынында алынған(21 шілде).  Испан спортшысы кленбутерол деген препаратты қолданды деп айыпталып отыр.

    Халықаралық антдопинг орталығы (ВАДА) Контадордың қанында пластификаторлың көбейіп кеткенін мәлімдеді.  Ал Контадор бұл дәрмектің қанына тамақ арқылы түскенін айтып отыр. Read the rest of this entry →

  • 2011 жылға лицензия

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:17, author: Sake
    • Views: 2 925.

    2011 жылға лицензия алудың бірінші деңгейінен ойдағыдай өткен 20 велокоманданың аттары белгілі болды. Өкінішке қарай, өз құжаттарын әлдеқашан тапсырып қойған “Астана” алғашқы сынақтан сүрінбей өткен үміткерлердің қатарында жоқ болып шықты. Read the rest of this entry →

  • Асан – әлемде сегізінші

    Comments (1)
    • Filled in News in Kazakh 5 Октябрь 2010 в 4:18, author: Sake
    • Views: 3 282.

    d0b0d181d0b0d0bdd187d0b8d0ba

    Австралияда тас жолдағы веложарыстан әлем чемпио­наты аяқталды. Ерлер ара­сын­дағы аламан бәйгеде Асан Базаев сегізінші орынға ие болып, көңілімізді марқайтты. Read the rest of this entry →

  • Винисіз «шайтан арбамыз» шабан

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 2 Октябрь 2010 в 8:33, author: Sake
    • Views: 3 568.

    Нұрғазы Сасаев, Алаш айнасы 

     Сәрсенбінің сәтінде «Жасыл құрлықта» (Австра­лияда) тас жол­да­ғы веложарыстан әлем чемпионаты басталды. Бірінші күні жастар мен әйелдер арасындағы жеке жарыс өтсе, кеше ересек­тер бәйгеге түсіп, көпші­лік­тің делебесін қоз­дыр­ды. Read the rest of this entry →

  • Альберто Контодор допинг дау-дамайына орай баспасөз мәслихатын ұйымдастырды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 2 Октябрь 2010 в 8:22, author: Sake
    • Views: 3 312.

    Диас Ахметшәріп, ҚазТРК

    Кеше Испания астанасы Мадридте Астана вело командасының экс-капитаны Альберто Контодор кеңейтілген баспасөз маслихатын өткізді. Естеріңізде болса бір күн бұрын атақты шабандоз допинг дау-дамайына іліккен еді. Естеріңізде болса Альберто Контодор осы жылғы Тур де Франстың жеңімпазы «Астанада» сапында 3 жылдай өнер көрсетті. 21 шілде күні тур де Франстың екінші демалысында испандық шабадоз тексерістен өтті. Артынан оның қанында кленбутерол бар екендігі айқындалды. Бұл рұқссат етілмеген күшті препарат болып саналады. Ол бұлшық еттің қуатын арттырады. Контодор бұл дәрі оның ағзасына тамақ арқылы келді деп түсіндірді. Алайда Контодордың бұл пайымдауымен халықаралық велосипед одағының басшылары келіспеуде. Егер допинг қабылдады деген шешім қабылданса онда Альберто Контадор спорттан екі жыл шеттетіліп, барлық чемпиондық атақтарынын айырылады.

      Read the rest of this entry →