Альберто Контодор допинг дау-дамайына орай баспасөз мәслихатын ұйымдастырды

    • Filled in News in Kazakh 2 Октябрь 2010 в 8:22, author: Sake
    • Views: 3 269.

    Диас Ахметшәріп, ҚазТРК

    Кеше Испания астанасы Мадридте Астана вело командасының экс-капитаны Альберто Контодор кеңейтілген баспасөз маслихатын өткізді. Естеріңізде болса бір күн бұрын атақты шабандоз допинг дау-дамайына іліккен еді. Естеріңізде болса Альберто Контодор осы жылғы Тур де Франстың жеңімпазы «Астанада» сапында 3 жылдай өнер көрсетті. 21 шілде күні тур де Франстың екінші демалысында испандық шабадоз тексерістен өтті. Артынан оның қанында кленбутерол бар екендігі айқындалды. Бұл рұқссат етілмеген күшті препарат болып саналады. Ол бұлшық еттің қуатын арттырады. Контодор бұл дәрі оның ағзасына тамақ арқылы келді деп түсіндірді. Алайда Контодордың бұл пайымдауымен халықаралық велосипед одағының басшылары келіспеуде. Егер допинг қабылдады деген шешім қабылданса онда Альберто Контадор спорттан екі жыл шеттетіліп, барлық чемпиондық атақтарынын айырылады.

     Альберто Контодор, 2010 Тур де Франс жеңімпазы

    Мен 21 шілденің алдында да қан тапсырғам. Нәтижесі оң болды. Бұл қателік деп есептеймін. Маған бұл дәрі асқа салынған ет арқылы келуі мүмкін. Жақын арада бұл дау-дамай шешіледі деген үміттемін.

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание