Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Контадор төңірегінде допинг дауы басталды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 2 Октябрь 2010 в 8:17, author: Sake
    • Views: 3 044.
    Жомарт Рахымжан, 7 канал

    «Астана» велоклубының басына тағы да қара бұлт үйрілді. «Тур де Франс додасында топ жарған Альберто Контадор жарыс кезінде допинг тұтынды» деген ақпарат шықты. Қазір бұл деректі халықаралық велоспорт одағы зерттеуге кірісіп кетті. Тақырыпты Жомарт Рахымжан толықтырады.

    Даудың шығуына Тур де Франс көпкүндігі кезінде шабандоздан алынған қан сараптамасы себеп болған. 21 шілде күні тапсырылған сынамада Контадордан кленбутерол жұрнағы табылған. Енді халықаралық велоспорт одағы тексеріс толық аяқталғанша спортшыны жарыстан уақытша шеттетіп отыр.

    Альберто Контадор - Тур де Франстың үш дүркін жеңімпазы Read the rest of this entry →

  • Талдықорғанда VII республикалық көпкүндік веложарыс мәреге жетті

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 30 Сентябрь 2010 в 10:00, author: Sake
    • Views: 3 104.

    ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/

    Талдықорғанда VII республикалық көпкүндік веложарыс мәреге жетті. 1994-1995 жылдары туған бозбалалардың арасында өткен бұл жарыс танымал қазақстандық спортшы, еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Кивилевті еске алуға арналды. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл додаға 15 құрама командадан 100 велошабандоз қатысты. Read the rest of this entry →

  • Мақсат Аязбаев: Арманым – Олимпиада шыңына шығу

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 6:02, author: Sake
    • Views: 4 022.
    Руслан Меделбек
     
    Жақында Италияда өткен Giro Internazionale della Lunigiana көпкүндiгiнде қазақ өренi Мақсат Аязбаев топ жарды. Оның алдында Мақсат бауырымыз Дубай төрiнде Азия чемпионатында күмiспен күптелген едi. Жақында Мақсатты жеңiсiмен құттықтап, әңгiмеге тарттық.
    – Жетiсу өңiрiнде дүниеге келiпсiң. Әңгiмемiздi отбасың, туған жерiңнен бастасақ…
    –             1992 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында дүниеге келдiм. Әкемнiң аты – Мұхтар. Анамның есiмi – Сәуле. Отбасымызда үш баламыз. Алдымда екi әпкем бар. Мен үйдiң кенжесiмiн. Ал туған жерiм Аманбөктердi сөзбен суреттеп жеткiзу мүмкiн емес. Шыңы аспанмен таласқан асқаралы таулардың арасында орналасқан, елдiмекеннен бiр шақырымдай ұзасаңыз атыңыздың тұяғы қып-қызыл болып кетедi. Бүлдiрген мен таңқурайдың Отаны десек те болады. Үлкен қариялардың айтуынша, атам марқұм жас кезiнде жақсы күресiптi. Сондай-ақ, атам жылқы құмар қазаққа тән жүйрiк баптаған. Ақбақай деген жүйрiгi кеңес кезiнде республика чемпионы болған. Read the rest of this entry →
  • «Астана» велоклубы фильмінің тұсауы кесілді

    2 комментария
    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 5:41, author: Sake
    • Views: 2 696.

    7 канал

    Бүгін Алматыда «Астана» велоклубы жайында түсірілген деректі фильмнің тұсауы кесілді. Елу минуттық көрсетілімде «Астана» велокомандасының қалыптасуы мен даму тарихы толық қамтылған. Онда әйгілі отанлдасымыз Александр Винокуровтың жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері баяндалған. Read the rest of this entry →

  • Кивилев турнирі аяқталды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 5:39, author: Sake
    • Views: 3 290.

    Талдықорғанда танымал велоспортшы Андрей Кивилевті еске түсіруге арналған көпкүндік аяқталды.

    Хабар агенттігі

    Жеті жыл бұрын Париж-Ницца көпкүндігінің кезеңдерінің бірінде қаза тапқан велошабандоз Жетісу өңірінің тумасы. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 94-ші және 96-шы жылы туылған 100-ге жуық шайтанарбаны серік еткен өрендер қатысты. Бес кезеңнен тұратын бәсекеде спортшылар 25 шақырымдық жекелей сында, 90 шақырымдық таулы кезеңде, сосын 103 шақырымға созылған топтық жарыстан кейін, 14 шақырымдық таулы кезеңде жекелей жарыста бақ сынады. Соңғы кезең 40 шақырымдық айналмалы жарыспен аяқталды. Read the rest of this entry →

  • Чемпионмен жүздесу

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 24 Сентябрь 2010 в 5:37, author: Sake
    • Views: 3 202.

    Әйгілі қазақ велошабандозы Александр Винокуров ел мерейін үстем етер тартысқа тас-түйін дайын болу керек деп есептейді. «Тур де Франс» мәртебелі жарысына дайындықты бастамас бұрын жерлесіміз туған жері Қазақстанда демалып жатыр. Александр Винокуров есімі велоспорттан хабары бар әр жанды елең еткізері анық, жер-жерде мыңдаған жанкүйері де бар. Дегенмен туған жері бұл спортшыны қашанда ерекше ықыласпен қарсы алады. Веложолдың мыңдаған шақырым жолын еңсерген Александр - өткен жылы Азия чемпионы атанды. 2000 жылы жиырма жетінші Сидней олипиадасында күміспен күптелді. Қажырлы еңбегінің арқасында «Вуэльта Испания» көпкүндiк жарысында да өзгелерді шаң қаптырып, жүлдегер атанды. Төсіне Елбасы тағайындаған екiншi дәрежелi «Барыс» орденiн тақты. Read the rest of this entry →

  • «Вуэльта» веложарысының 11 кезеңі

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 10 Сентябрь 2010 в 10:31, author: Sake
    • Views: 2 250.

    Вуэльтаның 11-шы кезеңінде жеңіс тұғырының барлық сатысын жарыс иелері, яғни испандықтар толтырды. Ең биігіне Игор Антон орналасты. Сол арқылы «Эускалтел Эускади» велошабандозы қызыл жейдені өзіне қайтарды. «Астана» сапында өнер көрсететін Хосеп Хуфре 208 жарым шақырымдық межені 22-ші орында бағындырды. Жеңімпаздан 1 минут 40 секундқа кешікті. Read the rest of this entry →

  • «Вуэльтаның» 10-шы кезеңі аяқталды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 9 Сентябрь 2010 в 3:48, author: Sake
    • Views: 3 161.

    «Астана» шабандозы Дмитрий Фофонов «Вуэльтаның» 10 кезеңінде мәре сызығына 10-шы болып жетті. Жарысқа қатысушылар Таррагона-Виланова мен ла Гельтру қаласына дейін 173 шақырымнан астам жерді басып өтті. Айтпақшы, «Саксо Банк» клубының намысын қорғап жүрген Энди Шлек пен Стюарт О’Грэди жарыс жолына шыққан жоқ. Read the rest of this entry →