Archive for the ‘News in Kazakh’ Category

  • Денис Меньшов «Астанамен» келісімге келмеді

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 20 Август 2010 в 10:40, author: Sake
    • Views: 2 721.

    Биылғы «Тур де Франс» велобәйгесінде үшінші орын алған ресейлік шабандоз Денис Меньшов «Астана» командасымен келісім-шарт жасаспайтын болды. 2005 жылдан бері «Рабобанк» жейдесін киіп жүрген 32 жасар ресейлік спортшы енді екі жылда «Геокс» ұжымында өнер көрсетеді.

    Read the rest of this entry →

  • Кройцигер «Астана» велокомандасымен 2 жылға келімшарт жасасты

    4 комментария
    • Filled in News in Kazakh 17 Август 2010 в 6:29, author: Sake
    • Views: 3 138.

    Кәсіпқой спорттық ғұмырын Италияның Liquigas командасынан бастап, бес  маусым бойы тер төккен чех шайтанарбашысы Роман Кройцигер Александр Винакуров бастаған «Астана» командасының сапына келіп қосылды.

    images

    24 жастығы Кройцигерді ресми таныстыру рәсімінде команда капитаны Саша, бұл келісім дұрыс болғандығын атап айтты. Роман осал еместігі баршаға мәлім. Жақын арада шабандоздар тізімі белгілі болады. Біз мұндай сайдың тасындай сақа жігіттермен «Астананы» өрге сүйрейтінімізге бек сенімдімін деп ағынан жарылды. Read the rest of this entry →

  • Винокуров «Астанада»

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 14 Август 2010 в 1:12, author: Sake
    • Views: 3 125.

    Қазақстан велоспортының мақтанышы Александр Винокуров «Астанамен» келісімшартын тағы бір жылға ұзартты. Сөйтіп, саңлағымыз «Вини келесі жылы үлкен спортпен қоштасады» деушілердің аузына құм құйды. Read the rest of this entry →

  • Қыздар арасындағы «Тур Қызылжар» республикалық веложарысында Қарағанды облысының құрамасы жеңіске жетті

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 10 Август 2010 в 5:46, author: Sake
    • Views: 3 168.

    Петропавлда    республиканың алты   облысынан спортшылар   қатысқан    қыздар арасындағы «Тур Қызылжар»    көпкүндік республикалық веложарысы мәреге  жетті. 

    Бірнеше күнге созылған  бәсеке  барысында 16-18  жастағы   спортшы  қыздар күш  сынасты. Қарағанды  облысының       тәжірибелі велдосипедшілері    ә дегеннен   көш басынан  көрінді. Турнир  қорытындысы  бойынша жеке есепте   жеңіс тұғырына     қарағандылықтар көтерілді:  алтын  медальды  -  ҚР  спорт шебері Валентина Ульбрихт,  күміс жүлдені  оның      сіңлісі,  ҚР  спорт шебері Татьяна Ульбрихт, ал қола   медальды -  ҚР спорт  шеберлігіне    кандидат  Татьяна Масленникова  иеленді.   Петропавдық  спортшылар Анна Гацко мен  Махаббат Өмірзақова 4- және 5-ші орындарды  қанағат тұтты. Жалпы командалық есепте Қарағанды  облысының  құрамасы жеңіске  жетсе,  «күмісті»  - Солтүстік   Қазақстан спортшылары, «қоланы»   Батыс Қазақстан спортшылары қанжығалады.

    Бүгін Петропавлда 1996-1997 жылы туған   бозбалалардың арасында    КСРО  спорт  шебері Алексей Мартыновты еске алуға арналған    дәстүрлі республикалық    веложарыс  басталады.

    Сергей Кузнецов, ҚазАқпарат

  • «Астана» «іздеу салады»

    3 комментария
    • Filled in News in Kazakh 9 Август 2010 в 6:00, author: Sake
    • Views: 3 654.

    Мұның алдында жазғанымыздай, «Астана» велоклубы келесі маусымды Альберто Контадорсыз бастайды. Қазақстандық команданың сапында үш жыл өнер көрсетіп, ақшасын алып, тамағын жеген испандық саңлақ «Астанаға» алғыс та айтпастан Данияның «Саксо банкіне» ауысып кетті. Енді Александр Винокуров бастаған қазақстандық клубтың өкілдері Контадордың орнын басатын жаңа капитан іздеуге көшті. Осыған орай, командаға жаңа капитан іздеуге біз де өз үлесімізді қосып көрсек. Read the rest of this entry →

  • Қызылордалық велошабандоздар жарыстан жүлделі оралды

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2010 в 6:37, author: Sake
    • Views: 2 870.

    Астана қаласында веложарыстан КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері М.Ильянованы еске алуға арналған республикалық көпкүндікте қызылордалық велошабандоздар жүлделі орыннан көрінді.

    Аталмыш жарыста 25 шақырымдық командалық ойында Сыр бойынан барған спортшылар үшінші орынға көтерілді. Олардың қатарында Сұңғат Асылхан, Асқар Құрмаш, Жасұлан Уәлихан, Асылхан Тұрар, Ғазиз Шаймен және Талғат Қуантқанов бар. Оларды жарысқа Жандос Махамбетов дайындады.

    Жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізілетін жарыстың биылғы бәсекесінде Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан 90-ға жуық жас велошабандоздар қатысты.

    Руслан Игілік, ҚазАқпарат

  • Петропавлда қыздар арасында «Тур Қызылжар» республикалық көпкүндік веложарыс өтіп жатыр

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2010 в 6:35, author: Sake
    • Views: 3 112.

    Зульфия Забирова: «Меня отправили готовить борщ»

    Петропавлда тамыздың 3-і күні басталған қыздар арасындағы «Тур Қызылжар» республикалық көпкүндік веложарысы жалғасуда.

    Сайыста республиканың әртүрлі аймақтарынан келген алты команда бақ сынап жатыр.

     Жеке сынақтағы бес сатыдан кейін Қарағанды облысының спортшы қыздары көш бастап келеді. Әзірге бірінші орында - Татьяна Ульбрихт, екінші орында - оның әпкесі Валентина болса, үшінші орында Татьяна Масленникова. Петропавлдық велошабандоз қыз Анна Гоцакова -  төртінші орында.

    Сергей Кузнецов, ҚазАқпарат 

  • Биыл қазақстандық «Астана» командасы «Тур де Франста» сәтті өнер көрсетті.

    No Comments
    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2010 в 6:34, author: Sake
    • Views: 3 531.

    Команда капитаны Альберто Контадор жалпы есепте жеңіске жетіп, Астананың абыройын асырды. Бүгін баспасөз өкілдерімен жүздескен Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов болашақ жоспарларымен бөлісіп, алдағы атқарылар істерге тоқталды. Биыл «Астана» командасының жолы болды. Велоспорттағы ең айтулы бәсеке саналатын «Тур де Франста» топ жару шайтанарбаның айналасында жүргендер үшін басты мақсат болып есептеледі. Франция көпкүндігінде әлемнің мықты командаларын қапы қалдырып, Альберто Контадордың жалпы есепте сары жейдені үшінші қайтара киюі, қазақстандық команданың атын әлемге тағы бір рет паш етті.

    Read the rest of this entry →