Archive for the ‘News in Kazakh’ Category
-
«Вуэльтаның» 6-шы кезеңі аяқталды
No Comments- Views: 2 687.
«Вуэльта» көпкүндігінің 6-шы кезеңінде «Астана» шабандозы Аллан Дэвис кезең жеңімпаздығына бір табан жақын болды. 151 шақырым қашықтықты ол төртінші болып бағындырды. Ал мәре сызығын бірінші болып норвегиялық Тор Хушовд қиды. Осы жолы велосипедіне қамшы салған Асан Базаев 11-ші, Дмитрий Фофонов 15-ші орынан көрінді. Жалпы есепте француз шабандозы Филипп Жильбер көш басында. Қазақстандықтардан Александр Дьяченко 28-ші сатыда тұр. Read the rest of this entry →
-
«Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы біріккен ерекше жобаны жүзеге асырмақ
Comments (1)- Views: 3 932.
«Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы біріккен ерекше жобаны жүзеге асырмақ
3 қыркүйек, 2010 Астана қаласы
2010-2011 жылғы маусымда «Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы Қазақстанға арналған бірнеше жобаларды жүзеге асырып бастамақ.
2010 жылдың қазанынан «The Sport Traveller» - «Спортшымен саяхат» атты жобаның түсірілімі басталады. 20 қысқа фильмнен тұратын минисериалды белгілі продакшн-компаниясы Lonely Planet түсіреді.
Фильмнің идеясы бойынша: «Астана» командасының спортшылары Қазақстанның қалаларын, өздерінің осындағы демалатын жерлерін айтып, көрсету арқылы, елді еуропалық көрермендерге таныстырмақ. Яғни, табиғаты әсем және тарихи жерлер, мұражайлар, мейрамханалар, көңіл көтеретін орындар—Қазақстандағы баруға тұрарлық жерлер туралы ақпарат береді.
Бұған қоса, эфирге «Young hopes»-«Үміт күттіретін жастар» атты жоба дайындалып жатыр. «Еуроспорт» түсірілім тобы қазақстандық жас спортшылар — теннис, футбол саласы спортшылары мен велошабандоздар туралы 16 сюжет жасайды.
Евгений Королев, Андрей Голубев, Сергей Каримов, Роман Киреев, Евгений Непомнящий және өзге де жас спортшылар өздерінің жеткен жетістіктері, спорт әлемінде кімге еліктейтіні, өз болашағын қалай елестететіні туралы айтып береді. Read the rest of this entry → -
«Вуэльта 2010»
No Comments- Views: 2 793.
- Филипп Жильбер испан жеріндегі «Вуэльта» велобәйгесінде жалпы есептегі көш басындағы орнын сақтап қалды. Төртінші кезеңде бельгиялық шабандоз жеңімпаз болған Игор Антонға бес секунд есе жіберіп алып, мәре сызығын бесінші болып қиды. Read the rest of this entry →
-
«Вуэльта» велобәйгесінің 2-ші кезеңі
No Comments- Views: 2 531.
Беларусь велошабандозы Евгений Гутарович «Вуэльтаның» екінші кезеңінде әлемнің үздіктерін басып озып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Ол Марбеллеге дейінгі 173 шақырымдық межені 4 сағат 35 минут 41 секундта бағындырды. Read the rest of this entry →
-
«Астана» «Вуэльтаға» қатысатындарды анықтады
4 комментария- Views: 3 322.
«Астана» велоклубы Испания жерінде өтетін «Вуэльта» көпкүндігіне қатысатын шабандоздар тізімін жариялады. Айтулы велобәйгеге «Астана» сапынан тоғыз шабандоз бақ сынайды. Сол тоғыз спортшының алтауы өз отандасымыз. Үш аптаға созылатын байрақты бәсекеге «Астана» көш бастайды деген сеніммен, жас та болса тәжірибелі шабандоздарды сынақтан өткізіп алуды жөн санап отыр. Алайда командаға капитандық жасайтын шабандоз әлі анықталған жоқ. Read the rest of this entry →
-
Петров Перейроның күйін кешіп жүрмесін
7 комментариев- Views: 2 984.
Қазақстандық «Астана» велоклубы төрт велошабандозбен келісімшартқа отырды. Ресейлік Евгений Петров командамен екіжылдық келісімшартқа қол қойған болса, итальяндық Франческо Машьярелли, эстондық Танел Кангерт және хорват Роберт Кисерловский «Астананың» жейдесін бір жыл бойы киеді. Read the rest of this entry →
-
Жаңалықтар
No Comments- Views: 3 997.
-
Вуэльтаға «турист» ретінде барамыз ба?
6 комментариев- Views: 2 940.
Оскар Перейродан пайда жоқ
Енді бір аптадан кейін Пиреней түбегінде «Вуэльта» көпкүндігі басталады. Дегенмен мәртебесі жөнінен үшінші орында тұрған велотурнирге, өкінішке қарай, «Астана» командасы тек «турист» ретінде қатысатын сияқты. Келіспейсіздер ме? Қазір көздеріңіз жетеді. Read the rest of this entry →