Контадор кiнәлi ме?

    • Filled in News in Kazakh 7 Октябрь 2010 в 10:56, author: Sake
    • Views: 2 691.

    “Тур де Франс” көпкүндiгiнiң жеңiмпазы, танымал испан велошабандозы Альберто Контадордың қанынан допинг қалдықтары табыл­ған . Бұл допинг сынақ биылғы “Тур­ де Франс” сынында алын­ған (21 шiлде). Испан спортшысы кленбутерол деген препаратты қолданды деп айыпталып отыр.

    Халықаралық антидопинг орталығы (ВАДА) Контадордың қанында пластификатордың көбейiп кеткенiн мәлiмдедi. Ал Контадор бұл дәрмектiң қанына тамақ ар­қылы түскенiн айтып отыр. ВАДА басшысы Франческо Ботре “кленбутеролды қолдану – қылмыстық iс. Сондықтан спортшыны ақтап алу қиын” деп мәлiм­дедi. Халықаралық велоспорт федерациясы әзiрге Контадор iсiне араласқан жоқ. Бiрақ Контадор алдағы өтетiн жарыстарға әзiрге жiберiлмей­дi. “Тур де Франс­та” үш мәрте топ жарған Контадордың атақтарына да “тиiскен жоқ”. Егер Альберто Контадор шынымен де рұқсат етiлмеген дәрi-дәрмек қолданғаны рас болса, онда “Тур де Франстың” биылғы жеңiмпазы болып, люксембургтық Энди Шлек танылады. Э.Шлек “Тур де Франс” көпкүндiгiнде Контадордан кейiнгi екiншi орынды иеленген-дi. 

     Альберто Контадор: Мен сапасыз тағамның құрбанымын...

    – Жарыс кезiнде бiз өзiмiзге белгiленген тағамды емес, испан дүкендерiнен еттi тағам жегенiмiз бар. Бiрақ бұл тағамнан кейiн өзiмдi жақсы сезiндiм. Ешқандай қолайсыздық туған жоқ. Осы күнi командаласым Александр Винокуров та сынақтан өттi. Оның қанынан ешқандай препарат табылмады. Себебi ол бiз жеген тағамды жемедi. Сондықтан айтар сөзiм жоқ. Тек дұрыс шешiм шығарсаңыздар екен...

    Бернхард Коль, 2008 жылғы “Тур де Франста” допингпен ұсталған австриялық спортшы:

    – “Тур де Франс” көпкүндiгiн допинг қолданбай ұту мүмкiн емес. Сондықтан Контадордың допинг қолдануы әбден мүмкiн. “Тур де Франс” – өте ауыр жарыс. 2008 жылы менiң және жеңiмпаз атанған Флойд Лэндистiң қанынан допинг тапты. Кейбiр дәрiлердi анықтау тiптi де мүмкiн емес. Жүз рет қолдансаң, соның бiреуiнде ғана ұстауы мүмкiн. Мәселен, мен екi жүзге тарта дәрi-дәрмек қолдандым. Соның бiреуiнде ғана ұсталдым.

    Естерiңiзге сала кетейiк, Контадор биылғы жылдың соңында “Астанадан”  “Саксо Банк” командасына ауысады. 27 жасар Альберто Контадор “Тур де Франс” (2007, 2009, 2010), және “Вуэльта” (2008), “Джиро д”Италия”  (2008) көпкүндiгiнде топ жарған. Финалдық ойын Киевте өтедi

     

    Руслан Меделбек.

     
  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание