Астанада дәстүрлі веложарыс басталды
-
- Views: 4 381.
Бүгін, 19 шілде күні Астанада КСРО спорт шебері, Қазақстанда және Целиноградта велосипед спортының негізін қалаушылардың бірі, 1969 жылы жаттығу кезінде қайғылы қазаға ұшыраған Михаил Ильяновты еске алуға арналған республикалық дәстүрлі веложарыс басталды, деп хабарлады Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.Турнирге 1997-1998 жылдары туған спортшылар қатысуда. Жарысқа Қазақстанның 9 өңірінен барлығы 115 қатысушы өтініш беріп отыр. Елорданың атынан №6 спорт мектебінің оқушылары қатысуда. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары қос командадан ұсынып отыр. Бүгін әуежайдың айналма жолында 15 шақырымдық жеке жарыс өтті.
Ал 34 және 30 шақырымдық топтық жарыстар 20 және 21 шілде күндері айналма жолда және елордалық саябақтың шаңғы-роллер жолында өтеді.
22 шілде күні қатысушылар демалады. Ал келесі, 23 шілде күні - 25 шақырымдық қашықтықта командалық жарыс, ал 24 шілдеде - қорытынды жарыс -критериум өтеді.
Мамандардың пайымдауынша, негізгі күрес астаналық Максим Сатликовтың, алматылық Әлішер Жұмаханов пен қарағандылық Сергей Шатовскийдің арасында болады.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply