Валентин Иглинский қырсыққа тап болды

    • Filled in News in Kazakh 29 Июль 2011 в 10:20, author: Sake
    • Views: 2 865.

    Францияның жол сақшылары «Астана» велокомандасының шабандозы Валентин Иглинскийді жүргізушілік куәлігінен уақытша айырды. Оқиға Ниццаға бара жатқан жолда болған. Спортшы көлік жылдамдығын шамадын тыс арттырған. Тексеру барысында ол алкогольдік ішімдікке тойып алған және апиын пайдалануы мүмкін деген ақпарат таратылып отыр. Осы оқиғаның мән жайын білу үшін «Астана» командасының спорттық директоры Дмитрий Седунға хабарласқанымызда, спорттық маман аталған іске қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтындыған айтты. Иглинскийдің жылдамдық арттырғаны рас, алайда ішімдікке сылқия тойып алғаны және наркотикалық затты тұтынғаны жалған деді. Және осыған көз жеткізу үшін «Астана» клубының өкілдері спортшыны жергілікті госпитальдің біріне апарып сынама алып үлгерген екен. Кейін мәлім болғандай тексеріс барысында спортшыдан 0.64 миллиграмм көлемінде ғана алкагольдің жұрнағы табылыпты. Ал апиын пайдаланды дегені өтірік болып шықты. Енді жалған ақпарт бойынша «Астана» клубы сотқа шағымдана алады. Алайда оған тест нәтижесінен кейін кіріспек.

    Дмитрий Седун - «Астана» командасының спорттық директоры

    «Түймедей ғана нәрсені түйедей қылып айтып, бұқаралық ақпарат құралына жариялаудың не қажеті бар, түсінбеймін. Бәлкім осының арқасында біреулер ақша табуды я болмаса өзін жарнамалауды көздеген болар. Ал наркотик пайдаланды дегені дақпырт. Ең қызығы осы ақпарт қалай тез тарап кетті. Осы кімге керек болды және бұл ақпаратты кім береген екен? Мәселе сонда»

     Жігер Әзберген

    7 канал

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote

    Бұл біздің жас спортшыларға сабақ: құтырма, сен де басқалар сияқты адамсың

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание