«Астана» сайты қазақ тілінде ақпарат таратады

    • Filled in News in Kazakh 20 Февраль 2013 в 9:55, author: Аlik
    • Views: 2 848.


    «Астана» велокомандасы команданың ресми сайтында қазақ тілді парақшаның ашылғанын хабарлайды. Бұған дейін сайт тек ағылшын, француз және орыс тілінде ақпарат таратып келген.

    http://proteam-astana.com/kz/
    сайтының оқырмандарына күн сайын барлық веложарыстардан толыққанды ақпаратпен, жарыс нәтижелерімен, «Астана» шабандоздарының жарыстан тыс өмірінен қызықты материалдармен
    команда басшыларымен арнайы сұхбатпен танысуға мүмкіндігі бар.

    Сайт 2013 жылғы жарыс маусымының алғашқы күнінен ақпарат релиздерін қазақ тілінде жария етіп келді. Жақын арада сайт бетіндегі барлық бөлімдер қазақ тіліне аударылып, техникалық жұмыстар аяқталысымен, сайт қазақ тілді жанкүйер мен спортсүйер қауым үшін толыққанды жұмыс жасай бастайды.

    «Астана» велкомандасының бас менеджері Александр Винокуров, мемлекеттік тілде ақпарат тарататын парақшаның ашылуы ел велоспортының қарқынды дамуына жасалған маңызды шара екендігін айтты.

    Александр Винокуров: « Сайттың қазақ тіліндегі нұсқасы мемлекеттік тілді және Ел басының үштілділік саясаттын қолдау мақсатында ашылды. Қазақстанда «Астана» жанкүйерлері, әсіресе спортқа жаңа келген ізбасарларымның саны артады дегенге сенімім мол. Команда сіздермен ақпарат алмасуға әзір. Сондықтан сайт жұмысына қатысты ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз болса, біз пікір алмасуға дайынбыз!»

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание