Қызылордалық велошабандоздар жарыстан жүлделі оралды

    • Filled in News in Kazakh 7 Август 2010 в 6:37, author: Sake
    • Views: 2 700.

    Астана қаласында веложарыстан КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері М.Ильянованы еске алуға арналған республикалық көпкүндікте қызылордалық велошабандоздар жүлделі орыннан көрінді.

    Аталмыш жарыста 25 шақырымдық командалық ойында Сыр бойынан барған спортшылар үшінші орынға көтерілді. Олардың қатарында Сұңғат Асылхан, Асқар Құрмаш, Жасұлан Уәлихан, Асылхан Тұрар, Ғазиз Шаймен және Талғат Қуантқанов бар. Оларды жарысқа Жандос Махамбетов дайындады.

    Жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізілетін жарыстың биылғы бәсекесінде Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан 90-ға жуық жас велошабандоздар қатысты.

    Руслан Игілік, ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание