Қыздар арасындағы «Тур Қызылжар» республикалық веложарысында Қарағанды облысының құрамасы жеңіске жетті

    • Filled in News in Kazakh 10 Август 2010 в 5:46, author: Sake
    • Views: 2 947.

    Петропавлда    республиканың алты   облысынан спортшылар   қатысқан    қыздар арасындағы «Тур Қызылжар»    көпкүндік республикалық веложарысы мәреге  жетті. 

    Бірнеше күнге созылған  бәсеке  барысында 16-18  жастағы   спортшы  қыздар күш  сынасты. Қарағанды  облысының       тәжірибелі велдосипедшілері    ә дегеннен   көш басынан  көрінді. Турнир  қорытындысы  бойынша жеке есепте   жеңіс тұғырына     қарағандылықтар көтерілді:  алтын  медальды  -  ҚР  спорт шебері Валентина Ульбрихт,  күміс жүлдені  оның      сіңлісі,  ҚР  спорт шебері Татьяна Ульбрихт, ал қола   медальды -  ҚР спорт  шеберлігіне    кандидат  Татьяна Масленникова  иеленді.   Петропавдық  спортшылар Анна Гацко мен  Махаббат Өмірзақова 4- және 5-ші орындарды  қанағат тұтты. Жалпы командалық есепте Қарағанды  облысының  құрамасы жеңіске  жетсе,  «күмісті»  - Солтүстік   Қазақстан спортшылары, «қоланы»   Батыс Қазақстан спортшылары қанжығалады.

    Бүгін Петропавлда 1996-1997 жылы туған   бозбалалардың арасында    КСРО  спорт  шебері Алексей Мартыновты еске алуға арналған    дәстүрлі республикалық    веложарыс  басталады.

    Сергей Кузнецов, ҚазАқпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание