«Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы біріккен ерекше жобаны жүзеге асырмақ

    • Filled in News in Kazakh 3 Сентябрь 2010 в 12:30, author: KazakhNeRider
    • Views: 3 852.

    «Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы біріккен ерекше жобаны жүзеге асырмақ

    3 қыркүйек, 2010 Астана қаласы

    2010-2011 жылғы маусымда «Еуроспорт» телеарнасы мен «Астана» велокомандасы Қазақстанға арналған бірнеше жобаларды жүзеге асырып бастамақ.
    2010 жылдың қазанынан «The Sport Traveller» - «Спортшымен саяхат» атты жобаның түсірілімі басталады. 20 қысқа фильмнен тұратын минисериалды белгілі продакшн-компаниясы Lonely Planet түсіреді.
    Фильмнің идеясы бойынша: «Астана» командасының спортшылары Қазақстанның қалаларын, өздерінің осындағы демалатын жерлерін айтып, көрсету арқылы, елді еуропалық көрермендерге таныстырмақ. Яғни, табиғаты әсем және тарихи жерлер, мұражайлар, мейрамханалар, көңіл көтеретін орындар—Қазақстандағы баруға тұрарлық жерлер туралы ақпарат береді.
    Бұған қоса, эфирге «Young hopes»-«Үміт күттіретін жастар» атты жоба дайындалып жатыр. «Еуроспорт» түсірілім тобы қазақстандық жас спортшылар — теннис, футбол саласы спортшылары мен велошабандоздар туралы 16 сюжет жасайды.
    Евгений Королев, Андрей Голубев, Сергей Каримов, Роман Киреев, Евгений Непомнящий және өзге де жас спортшылар өздерінің жеткен жетістіктері, спорт әлемінде кімге еліктейтіні, өз болашағын қалай елестететіні туралы айтып береді.
    Фильмдер дайындалып болған соң, 2010 жылдың қараша айы мен 2011 жылдың ақпан айы аралығында эфирге шығады. Фильмдердің түсірілуі және прокатқа берілуінің бәрін толықтай «Еуроспорт» қаржыландырады.
    Анықтама үшін: «Еуроспорт»--еуропалық ірі телевизия холдингті, оның құрамына 2 телевизия арнасы мен мультитілді интернет-порталы кіреді. «Еуроспорт» хабарларының негізін спорт бағдарламалары, спорттың әр түрі бойынша ресей, еуропалық, әлемдік чемпионаттардан тікелей берілетін трансляциялар құрайды.
    Еуроспорт пен Еуроспорт-2-ні күніне 20 млн. көрермен көреді. Ал телеарналар 59 елдің 20 тілінде көрсетеді. www.eurosport.com порталы Еуропадағы ең белгілі интернет-ресурсы. Порталдың 11 сайтына ай сайын 10 млн. адам ашып кіреді. Ал Қазақстанда «Еуроспортты» ірі ұлттық кабельдік және спутниктік тележүйелер көрсетеді.

    Баспасөз мәслихатының қатысушылары:
    • Бьорет Тома – Еуроспорт телеарнасы, Шығыс Еуропа-Орталық Азия бойынша директоры;
    • Лайер Саша - Еуроспорт телеарнасы, Шығыс Еуропа коммерциялық директоры;
    • Қайрат Келімбетов – ҚР велоспорт федерациясы президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы. Қазақстандағы спорт түрлерін қаржылық қолдау мүмкіндіктері туралы айтады.

    Татьяна Бендзь,

    Astana Cycling Team

    Communication Department

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание