Петров Перейроның күйін кешіп жүрмесін
-
- Views: 2 943.
Қазақстандық «Астана» велоклубы төрт велошабандозбен келісімшартқа отырды. Ресейлік Евгений Петров командамен екіжылдық келісімшартқа қол қойған болса, итальяндық Франческо Машьярелли, эстондық Танел Кангерт және хорват Роберт Кисерловский «Астананың» жейдесін бір жыл бойы киеді.Евгений Петровты жақсы білесіздер, Ресейдің таңдаулы велосаңлақтарының бірі, «Катюша» велоклубында капитан болған. 2010 жылғы «Джиро д’Италияның» 11-кезеңінде мәре сызығын бірінші болып қиған. Бір сөзбен айтқанда, өте тәжірибелі велошабандоз. Бірақ түсінбейтініміз – 32 жастағы велошабандозбен 2 жылға келісімшартқа отырудың қажеті бар ма еді?! Жарайды, келесі жылы Петров әупірімдеп болса да, командаға аздап пайдасын тигізе алар. Ал 2013 жылы қайтпек? Дәл қазіргі бабында бола ала ма, жоқ, әлде испандық Оскар Перейро секілді құр жалақы алумен уақытын өткізе ме? Ол жағын сол уақытта көре жатармыз.
Ресейлік велошабандозға қарағанда, 24 жасар Роберт Кисерловскийге артар үмітіміз көп. «Ликвигаз» велоклубының сапында биылғы «Джиро д’Италияның» қорытынды есебінде 10-орыннан көрінген саңлақ келесі жылы бұдан да биіктерді бағындыруы тиіс. Ал эстондық Танел Кангертке мұндай мақтаулар айта алмаймыз. 2008 және 2009 жылдарды Францияның AG2R велоклубының сапында өткізген Кангерт ешқандай жетістіктерге жете қоймаған. Сол сияқты, 24 жастағы Франческо Машьярелланың да қабілеті біз үшін әзірге жұмбақ. Acqua&Sapone велокомандасының намысын 2007 жылдан бері қорғап келе жатқан итальяндық велошабандоз биыл тек «Жерорта теңізі» көпкүндігінің бір кезеңін бағындырумен ғана шектеліпті.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 7 комментариев
-
Leave a Reply
Петровты уақытында көреміз қалай боларын, алдын ала болжам жасаған дұрыс болмас..
Вино ағамызды да қатардан баяғыдан шығарып тастағанды, бірақ әлемдік рейтинг де Вино бауырымыз қандай орында тұрғанын саусақпен көрсетпей яқ қояйық..
Вино ол «Вино» мен оны ешкіммен салыстыра алмаймын. Табигат берген талантымен,өз мумкіндігін дурыс багалап,еңбекқорлығымен,оте жогары шеберлігінің аркасында Астананы алга суйреп келе жатқан Виноға құрметім ерекше. Өз арман-муддесін команда ушін құрбандыққа шалған мұндай адамды қалай құрметтемейсің.
Ал, Петровқа келетін болсақ, ол туралы тек жақсы пікірлер айтылып жатыр ғой. Алдағы маусымда жақсы нәтежие корсетеді деп үміттенейік. 2012 ГТ-ға жарамаса Про Турларға жарайтын шығар. Осындай жоғары деңгейде журген шабандоздың тәжірибесіде коп қой, жастар одан көп нәрсені үйренетіні анық.
Седун келесі маусымға команда 85%-ға дайын деді. Енді кімді шақырады екен?
Sake, өткенде Проскурин Алибекпен бірге бүкіл персонал кетеді деп еді ол туралы не білесін? Мықты механиктердің бәрі кетсе қалай болады, олардын орнына жоғары денгейлі мамандар табылар ма екен?
Роберт Кисерловский келісім шартқа бір жылға емес екі жылға тұрды!
Вино туралы сізбен 100 пайыз келісемін!Оған менімде құрметім ерекше!
Қазір трансфер уақытында жақсы велошабандоздарды тасадан жібермеу керек. Сонымен бірге де техниктермен директорларды Астана ойлап жатырғанын жақында байқадық. Седунның айтқан сұрағыда мені қатты мазадап жүр, әйтеуір жыл соңына днйін команда сапы толы жасақталады дегенді.. көрейік уақыт көрсете жатар..